Сұхбат

Мұнай-газ саласымен байланысты бизнес-тұлғалардың берген сұхбаттары.

1 Қараша 2011
Қазақ мұнайының қайнары қуатты
Жер қойнауындағы зерттелген мұнай қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде тоғы-зыншы орынды иеленіп, мұнайлы державалардың қатарына қосылды. Бұл біздің Елбасымыздың тәуелсіздік жылдарындағы көрегендік саясатының арқасында іске асқан зор жетістіктердің бірі. Осы орайда еліміздің тәжірибелі кәсіби мұнайшы-ларының бірі Ұзақбай Қарабалинмен сұхбаттасып, әлемдік сахнада салиқалы салмағы бар Қазақстан мұнай және газ саласын игерудегі қиындықтар мен қолданып жатқан ерекше технологиялар туралы ой бөліскен едік.


5 Қыркүйек 2011
Тәуелсіз елдің өркендеуіне үлес қосамыз
«…Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы техноло¬гия¬лық тұрғыдан дамыту жөніндегі жоспарларымызды нақпа-нақ айқындап алдық. Біздің бағдарламаларымыздың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын нығайту…»


16 Тамыз 2011
Сәдуақас МЕРАЛИЕВ, «Ромпетрол Груп» холдингінің бас директоры: Біз ЕУРО - 6 маркалы өнім шығаруға да дайынбыз!
Газетіміздің өткен сандарында Еуропадағы қазақстандық «Ромпетрол Груп» холдингі туралы жазғанбыз. Холдингтің бас директоры Сәдуақас Мералиев бастаған қазақстандық мамандар жалпақ жұртқа ақыл-кеңес айтуға бейім тұратын еуропалықтарға мұнай-газ компаниясының жұмысын дөңгелентіп әкетудің үлгісін көрсетіп отыр. Қазақстандық мамандар румындардың тұралап қалған компаниясын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алғаннан кейінгі бірер жылда-ақ аяғынан тік тұрғызды. Ал бүгіндері холдинг қайта құрылымдаудан өтуде. Біз холдинг басшысымен сұхбатымызды осы қайта құрылымдаудан бастауды жөн көрдік.


2 Шілде 2011
Каспий құбыр консорциумы – қазақ мұнайын әлемдік құбылысқа айналдырған жоба
Қайыргелді Қабылдин, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:


16 Маусым 2011
Ұлттық мүдде
Шыны керек, қазақстандық орта және шағын бизнес өкілдеріне жақсы  мүмкіндік туды. Бұл мүмкіндік қазақстандық үлесті арттыруға зор ықпал етеді. Қазақстандық үлесті дамыту бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниясы ең алғашқылардың бірі болып, 1998 жылдың өзінде-ақ Отандық машина жасауға ықпал ету бағдарламасын әзірлеген болатын. Ол кезде қазақстандық кәсіпорындарда бар болғаны небары 20 мұнай-газ жабдығы игерілген еді. Қазіргі кезде Қазақстанда мұнай-газ машина жасау өнімінің 350-ден астам түрін өндіру жолға қойылды.


16 Маусым 2011
Қазақтың «қара алтыны»
Қазақта «азамат» деген өрелі сөз бар. Бүгінгі күнде кез-келген жанға азамат деп айта беретін болдық қой. Ал, сөздің қадірін білетін адамға «азамат» деген сөздің мағынасы тереңірек. Азамат – халықтың шынайы құрметіне бөленген,  ұлтының қамы үшін жарғақ басы жастыққа тимей елдің сенімін ақтап жүрген абыройлы тұлға. Міне, Қайыргелді Мақсұтұлы осындай азамат. Киелі Кереку жерінде дүниеге келіп, арманның ақ желкеніне мініп, биікке құлаш ұрған жігіттің жолы қашанда алшы түскен асықтай, оңынан келіп тұрған. Жоғары білім алды, отбасылы болды, ел қатарлы жұмыс істеді. Бірақ...көптің маңдайына жазыла бермеген ауыр міндет иыққа артылды. Ол – ел сенімін абыройлы ақтау. Қазақ мұнайына басшылық қызметке келгенде – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына еркеше серпін беріп отырған қазақтың «қара алтыны»  жат қолында кетпей, ұлтымыздың игілігіне жарасын деген ізгі ниет үнемі ойында жүреді. Осы ізгі ниет кейде түн ұйқысын төрт бөлген...


23 Ақпан 2011
Павлодар мұнай- химия зауыты жабылмайды
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы кейбір басылымдарда жарық көрген «2014 жылы ПМХЗ жабылады» деген ақпаратты теріске шығарды.


23 Ақпан 2011
Қазақстандық кәсіпкерлерге қойылатын басты талап – сапа көрсеткіштерінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету
Болат ПАЛЫМБЕТОВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы директоры – Басқарма төрағасының орынбасары:


3 Қараша 2010
Дамыған инфрақұрылым – табыс тұғыры

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің негізгі ережелері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 16 мамырдағы Жарлығымен бекітілген болатын. Кейіннен осы Жарлыққа сәйкес Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келді. Мұнай-газ кен орындарын және теңіз қайраңы құрылымын игеру, сервистік инфрақұрылымды құру Каспийде жоспарланған мұнай операциялары жетістігінің тұғырлық факторларының бірі болып табылады. Осы орайда біз “ҚазМұнайГаз” АҚ-тың сервистік жобалар бойынша басқарушы директоры Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВТІ әңгімеге тарттық.


8 Қыркүйек 2010
Мұнай көкжиегі кеңейіп келеді


8 Қыркүйек 2010
Мұнай – халқымыздың ортақ қазынасы /Ғабидолла Жәдігер/


7 Қыркүйек 2010
«Ақтөбе – өнеркәсіп саласындағы іргелі өңір»
Ақтөбе - еліміздің өнеркәсіп саласындағы іргелі өңірлерінің бірі, қазақ елінің батыс бөлігіндегі жер қойнауы өте бай, экономикалық әлеуеті басым өңір. Әсіресе, мұнайдан түсетін табыс облыс экономикасының еңсесін биік ұстауға мүмкіндік беріп отыр. Осы мол мүмкіндікті замана үрдістеріне сай пайдалану облыстың дамуына, көркеюіне жол ашуда.


2 Қыркүйек 2010
ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ҰЛТТЫҢ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы ҚАЙЫРГЕЛДІ ҚАБЫЛДИН: «ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ҰЛТТЫҢ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ»


2 Қыркүйек 2010
Мұнай – халқымыздың ортақ қазынасы
Бүгінде «ҚазМұнайГаз» әлемнің жетекші 50 мұнай-газ компанияларының қатарына кіреді. Petroleum Intelligence Weekly атты беделді халықаралық басылым осылай бағалап отыр. Рейтингке 130-дан астам компания қатысқанын ескерсек, бұл – жақсы көрсеткіш. Ел экономикасындағы Ұлттық компанияның алар орны жайлы, оның қосып жатқан үлесі, жалпы мұнай-газ саласындағы атқарылып жатқан істер жайлы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары Болат Әбілқасымұлы Палымбетов әңгімелейді.


29 Шілде 2010
“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин: Міндетіміз – бәсекеде басым болу
Егемен Казакстан Елбасы өзінің “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында мұнай-газ саласына бірқатар маңызды міндеттемелер жүктеді.


21 Шілде 2010
Сыр еліндегі игі істерге қуанамын
Қызылорда облысы экономикасында өнеркәсіптің негізгі үлесін мұнай өндірісі құрайтын болғандықтан, осы саладағы біздің өңірде жүзеге асырылып жатқан кез келген жаңалық жергілікті тұрғындарды елең еткізбей қоймайды.




 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»