23 Желтоқсан 2011
Елбасы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді
Облыстық мәслихат депутаттарымен, облыс активімен, жұмысшылармен кездескен Президент Маңғыстау облысына әкім етіп Бауыржан Мұхамеджановты, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басшысы етіп Ләззат Қиыновты, ал, «Қазмұнайгаздың» «Барлау-Өндіру» еншілес компаниясының басшысы етіп Алик Айдарбаевты тағайындатынын мәлім етті.
23 Желтоқсан 2011
Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді
22 желтоқсандағы сауданың қорытындысымен әлемдік биржаларда мұнайдың ресми бағасы көтерілді, деп хабарлады РБК агенттігі.
23 Желтоқсан 2011
Президент Жаңаөзенде жұмыстан шығарылғандарды қайтадан жұмыспен қамтамасыз етудің барлық шаралары қарастырылады деп сендірді
Президент Жаңаөзенде жұмыстан шығарылғандарды қайтадан жұмыспен қамтамасыз етудің барлық шаралары қарастырылатынын мәлім етті, деп президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы өз сөзінде Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру, қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмыстан шығарылған еңбеккерлерді жұмысқа орналастыру жөнінде барлық шараның қабылданатынын атап өтті.
28 Қараша 2011
Мұнай-газ кешенінің инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында бағдарлама әзірленді
Бүгін Алматыда «ҚазМұнайГаз» компаниясы мұнай-газ кешенінің инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2011-2016 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлегенін мәлімдеді.
24 Қазан 2011
Республикалық БАҚ журналистері Батыс Қазақстан облысында болып қайтты
Пресс-турды облыс әкімдігі ұйымдастырып отыр. Басты мақсат - су тасқыны зардабын жоюда алты айда істелген жұмыстардың нәтижелерін көрсету. Журналистер Переметное және Тасқала ауылдарындағы жаңадан бой көтерген Болашақ және Мұнайшы ықшам аудандарын аралап қайтты.
5 Қазан 2011
Бүгін Астанада VI-Еуразиялық «Kazenergy» форумы жалғасты
Қазақстанда энергетиканың барлық саласында инвестиция үшін жан-жақты жағдай жасалған.
4 Қазан 2011
Бензин тапшылығы жуықта шешілу керек
Жанар-жағармай тапшылығы мәселесін шешу үшін еліміз Ресейден 50 мың тонна жоғарғы октанды бензин сатып алуға мәжбүр. Ал, болашақта бензин дағдарысы қайталанбас үшін қазақ елінде тағы бір мұнай өңдейтін зауыт салынбақ. Жанар-жағармай және мұнай мәселесі бүгін Астанада өтіп жатқан «ҚазЭнержи» Еуразиялық форумында көтерілді.
4 Қазан 2011
Елімізде болашақта көмірсутегін өндіру көлемі айтарлықтай арта түспек
Ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Бұл туралы бүгін Астанада ашылған VI Еуразиялық «Kazenergy» форумында айтылды.
29 Қыркүйек 2011
«Өзенмұнайгаз» өндіріс ауқымын қалпына келтіреді
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» компаниясының «Өзенмұнайгаз» өндірістік бөлімшесінде еңбек ұжымының жиыны өтті.
19 Қыркүйек 2011
«ҚазМұнайГаз» компалиялары тобы арасында өткен спартакиада мәресіне жетті.
«ҚазМұнайГаз» компалиялары тобы арасында өткен спартакиада мәресіне жетті. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арнайы ұйымдастырылған жарыс спорттың 6 түрінен жүрді. Төрт күнге созылған жарыс қортындысына келсек. ...
8 Қыркүйек 2011
Алматыда «Балбұлақ.кз», «Экономика-күн.кз» және «Қазмұнай.кз» атты үш порталдың тұсаукесері өтті
Қазақ тіліндегі сайттардың қатары көбейді. Алматыда «Балбұлақ.кз», «Экономика-күн.кз» және «Қазмұнай.кз» атты үш порталдың тұсаукесері өтті.
6 Қыркүйек 2011
Оңтүстік газға тәуелділіктен құтылады
Еліміздің оңтүстік облыстары газға тәуелділіктен құтылатын болды. «Бейнеу-Бозой-Қызылорда-Шымкент» магистральды газ құбырының алғашқы желілік бөліктері бүгін Түркістан шаһарының маңында бір-бірімен түйісті.
6 Қыркүйек 2011
Бүгін «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырының алғашқы торабы түйістірілді
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында, Түркістан қаласының маңында «Бейнеу-Бозой-Қызылорда-Шымкент» магистральды газ құбыры желілік бөлігінің алғашқы торабын символикалық түйістіру рәсімі өтті.
3 Қыркүйек 2011
Маңғыстау өңірінде мұнайдың 50 жылдығы атап өтілді
Маңғыстау өңірі Маңғышлақ жартыаралында ашылған мұнайдың 50 жылдығын кеңінен атап өтті: Қала, ауыл мен мен еңбек ұжымдарында салтанатты шаралар өткізді.
1 Қыркүйек 2011
Маңғыстау мұнайының 50 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар басталды
Жантөрин атындағы облыстық драма театрында Маңғыстау мұнайының 50 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар 31 тамызда салтанатты жиналыспен басталды.
28 Тамыз 2011
«Сұңқар» кешенінде демалыс маусымы аяқталды
Ақмола облысы Зеренді ауданында орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінде кезекті жазғы демалыс маусымы өтіп жатыр. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған бүлдіршіндер тынығып, тамаша табиғат аясында бой жазды. Қоғамдық шараларға ат салысып, соғыс ардагерлерімен кездеседі. Елдің әр өңірінен келген өрендер бас қосып, балауса шақтың шат-шадыман сәттерін бірге өткізеді. Жазғы демалыстың жайдарлы бір күніне куә болып қайтқан тілшілер толықтырсын.
24 Тамыз 2011
2015 жылға дейін Жаңаөзендегі әлеуметтік мәселелер толық шешілетін болады
«Қазмұнайгаз» Барлау Өңдеу» компаниясы 2015 жылға қарай Жаңаөзен мұнайкенішіндегі әлеуметтік мәселелерді толық шешетін болады. Компания жыл сайын асхана мен өзге де шаруашылық кешендер салуға 2 млрд теңгеден қаржы бөлмек.
22 Тамыз 2011
Лагерьде жазғы демалыс маусымы аяқталды
Ақмола облысы Зеренді ауданындағы «Сұңқар» балалар сауықтыру орталығы биыл балалардың жазғы демалу мауысымын Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап, «Менің Отаным Қазақстан» ұранымен өткізді.
17 Тамыз 2011
Ақтауда Каспийді қорғау туралы конференция өтті
Ақтауда Каспий теңізі аймағын қорғау конвенциясы негізінде теңіз аймағын мұнаймен ластау болған жағдайда әрекет ету мен ынтамақтастық туралы келісімге қол қойылды.
11 Тамыз 2011
«Қазтрансгаз» компаниясы балаларға базарлық жасады
Бүгін «Қазтрансгаз» компаниясының кәсіподағы өз қызметкерлерінің бүлдіршіндеріне арналған көңілді думан кешін ұйымдастырды. Шара - Ел Егемендігінің 20 жылдығына арналды.
Оқиғалар
1 - 20 барлық 323
бастама | алдағы |
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
|
келесі |
соңы