Жарияланымдар

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы компанияның аты аталған жарияланымдар.

14 Наурыз 2012
«Халықтық жекешелендіру» басталады, ағайын!
«Халықтық жекешелендіру» күздің бел ортасында басталатын болды! Министрлер Кабинетінің кешегі жиынында осындай шешім қабыл алынды. Осылайша Қазақстан Көшбасшысы бастамашы болған «халықтық ІРО» аясында, биылғы қазан айында қазақстандықтарға «магистралды мұнай құбырларының қожайыны» - «ҚазТрансОйлдан» енші иелену мүмкіндігі туғызылмақ. Бір қызығы, үкіметтегілер бұл мүмкіндікті азаматтарды «МММ»-ның «қаржылық құрдымына» құлаудан құтқаратын құрал ретінде де қарастырады екен. Ел Үкіметінің осы отырысында өзге де елең еткізерлік жаңалықтар жария етілді. Источник:  «Айқын» газеті /Айхан ШӘРІП/


13 Наурыз 2012
Бензинді арзандатудың батысқазақстандық үлгісі
Үшбу материалдың атауын оқып, «Апырым-ай, мына заманда да бірдеңе арзандайды екен-ау? Тіпті, басқа басқа, бензиннің бағасы төмендейді деп кім ойлаған?» деп ендігі таңғалып үлгерген шығарсыз. Біздің бұған айтар уәжіміз, «Қалауын тапса, қар жанады» емес пе?! Источник:  «Айқын» газеті /Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН/ Батыс Қазақстан облысы


11 Наурыз 2012
Газды шектен тыс жағатын компаниялар жазаланады
Қазақстан - «газды алауларда босқа жағуды қысқарту және ауаға зиянды заттар тастауды төмендету» жөнінен «әлемдік көшбасшы». Мұндай жоғары бағаны Дүниежүзілік банк берген: ол спутниктік мәліметтерге сүйене отырып, Қазақ елінің небары бес жыл ішінде, мұнай өндіру кезінде шығатын ілеспе газды жағуды үштен бірге қысқартқандығын, осылайша ауаға CO2 шығаруды 6 млн тоннаға дерлік азайтқанын анықтаған. Бірақ соған қарамастан, еліміз Иран, Ирак, Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Венесуэла қатарында «көгілдір отынның» үлкен көлемін кәдеге жаратпай, өртеп жіберіп жатқан мемлекеттердің «топ-тізімінде» тұр. Осы орайда кеше ел Үкіметі газды шектен тыс артық жағатын компанияларға жаза қолданатынын жариялады. Источник:  «Айқын» газеті /Айхан ШӘРІП/


7 Наурыз 2012
Мұнайлы Қазақстанға сауатты мұнай саясаты қажет
Биылғы бюджеттен Қарашығанақ жобасының 10 пайыздық үлесін сатып алуға 300 млрд теңге жұмсау көзделген. Соған орай кеше Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Мәжіліске келіп, үлесті иемденудің келешек мәселелері һәм елдің ішкі нарығын мұнаймен қамту жайын баяндап, депутаттардың жанармай төңірегіндегі сауалдарына жауап берді. Источник:  «Алаш айнасы» газеті /Автор: Қанат ҚАЗЫ/


6 Наурыз 2012
Газды шектен тыс жағатын компаниялар жазаланады
Қазақстан - «газды алауларда босқа жағуды қысқарту және ауаға зиянды заттар тастауды төмендету» жөнінен «әлемдік көшбасшы». Мұндай жоғары бағаны Дүниежүзілік банк берген: ол спутниктік мәліметтерге сүйене отырып, Қазақ елінің небары бес жыл ішінде, мұнай өндіру кезінде шығатын ілеспе газды жағуды үштен бірге қысқартқандығын, осылайша ауаға CO2 шығаруды 6 млн тоннаға дерлік азайтқанын анықтаған. Бірақ соған қарамастан, еліміз Иран, Ирак, Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Венесуэла қатарында «көгілдір отынның» үлкен көлемін кәдеге жаратпай, өртеп жіберіп жатқан мемлекеттердің «топ-тізімінде» тұр. Осы орайда кеше ел Үкіметі газды шектен тыс артық жағатын компанияларға жаза қолданатынын жариялады. Источник:  «Айқын» газеті /Айхан ШӘРІП /


2 Наурыз 2012
Мұнай матрицасы
Дүниені өзгертетін - адам табиғатындағы өзімшілдік. Өзім білемін деген тәкаппар сезім адам баласын түптің-түбінде орға жығады. Өзімдікі болсын деу ортақ қазаннан бөлініп, социализм қоғамын күйретті. Өз мүддем, өзіме ғана деген мақсат-мүдде айналып келгенде капитализм қоғамын зау биікке көтерді. Дәп осылай адамзат баласы бас-басына би болып, өзі үшін, өзінің мүддесі жолына басын тіге берсе, келешек дүниенің топалаңын шығарары анық. Қазір адамзат өмірін жалғайтын екі нәзік табиғи құрылым бар. Бірі - жер қойнынан дамылсыз алынып жатқан энергия көздері, яғни мұнай-газ кен байлығы; екіншісі - ауызсу. Келешек соғыс өрті осы екеуіне бола тұтанады деген қауіп бар. Источник:  «Айқын» газеті /Дүкенбай Досжан/


23 Ақпан 2012
Халықтық iро – халық игілігі
Мемлекет басшысы былтыр Үкімет алдына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кұрамына кіретін бірқатар компанияларда «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру міндетін қойды. Халықтық IPO қазақстандықтарды ел экономикасын дамытуға қатысуға тарту, оларға отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу есебінен өз әл-ауқатын арттыру мүмкіндігін беру үшін жүргізіледі. Сол себепті бұл ауқымды акция қоғамның үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Сондықтан бұл тақырып егжей-тегжейлі түсініктемені қажет етеді. Источник:  «Алаш айнасы» газеті /Автор: Баян КӨШЕНОВА, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің профессоры, Абай ОМАРОВ (коллаж)/


23 Ақпан 2012
KAZENERGY дамудың жаңа жолына түсті
KAZENERGY дамудың жаңа жолын таңдады. Бұл жөнінде аталған Қауымдастықтың соңғы жылдардағы жұмысын қорытындылаған отырысында белгілі болды. KAZENERGY төрағасы Тимур Құлыбаев қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысын ашып тұрып, дамудың жаңа стратегиясын бекіту қажеттігін айтты. Бұл - ұйым жұмысы жеміссіз дегенді білдірмейді. Өйткені қауымдастықтың соңғы жылдардағы табысы ауыз толтырып айтарлық. KAZENERGY бас директоры Жанболат Сәрсеновтің сөзіне жүгінсек, қауымдастық соңғы 6 жылда мұнай, газ және энергетика саласы өкілдерінің мүддесін қорғауда мол тәжірибесі бар ірі салалық бірлестік ретінде қалыптасты. Источник:  «Айқын» газеті /Халима БҰҚАРҚЫЗЫ/


21 Ақпан 2012
Қыруар жұмыс күтіп тұр
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көрсетілген 10 бағыттың алғашқысы - отандастырымызды жұмыспен қамтуды күрт жақсарту болса, енді бірі - Қазақстанды индустриялық-инновациялық тұрғыдан түлету. Осы қос мәселені тілге тиек ете келіп, Елбасы Жолдау барысында Батыс Қазақстан облысының аумағындағы ірі мұнайгазконденсат кен орны Қарашығанақтың газын өңдейтін зауыт салу мәселесін алға тартқан болатын. Президенттің талабына сәйкес, болашақ өндіріс ошағының қуаты жылына 5 млрд текше метр газ өңдеуге жетуі тиіс. Источник:  «Айқын» газеті /Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Батыс Қазақстан облысы /


20 Ақпан 2012
«Евро-4» стандарты алыс емес
Алдағы уақытта отандық нарықта тағы да жанармай тапшылығы басталуы мүмкін. Өйткені мұнай өңдейтін қазақстандық үш ірі зауыт жедел түрде жаңартылуы тиіс. Бұған Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы Кеден одағында қабылданған техникалық регламент себеп. Ал модернизациялау үшін еліміздегі үш ірі зауыттың біреуі немесе екеуі қатар жабылуы әбден ықтимал екенін ескерсек, онсыз да жылда мұнай өңдеу зауыттарының жөндеу жұмыстарына тоқтатылып, соның салдарынан елімізде жиі-жиі жанармай тапшылығы сезіліп тұратынын айту керек. Источник:  «Айқын» газеті /Марк СЕЛБИЕВ /


17 Ақпан 2012
Ғылым мен инновацияны дамытудың тиімді тетігі
Ғылымсыз өндіріс өркендемейді. Қазіргі инновациялық бағдарламалардың болашағы да ғылымға байлаулы. Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев биыл бірінші тоқсанда кен орнын пайдаланушылар табысынан түскен қаржының 1 пайызын ғылым мен инновацияны дамытуға бағыттаудың тиімді тетігі қарастырылатынын мәлімдеді. Ал екінші тоқсанда дереу жұмысқа кірісу үшін бұл механизмді пайдаланудың ережелерін бекіту қажеттігі айтылды. Источник:  «Айқын» газеті /Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ /


16 Ақпан 2012
Екі заң аясындағы түйткіл қалай шешіледі?
Былтырғы жазда «Жекелеген мұнай өнімдері өндірісі және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы» жаңа заң жарыққа шықты. Заң ең әуелі нарықтағы делдал атаулыны құртуды көздейді. Өйткені бір мәрте көрсетілген жанармай көлемін қағаз жүзінде қайта-қайта саудалайтын трейдерлердің ұзын тізбегі бензин бағасының шарықтауына әсер еткені мәлім. Источник:  «Алаш айнасы» газеті /Автор: Гүлнар АХМЕТОВА, Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)/


13 Ақпан 2012
Көгiлдiр отынның көлеңке тұсы
Биылғы Мемлекет Басшысының Жолдауында тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуде жүктелген міндеттің бірін нақтырақ айтар болсақ ол: Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт құрылысын салу. Сөйтіп, еліміздің солтүстік аймағын, оның ішінде еліміздің бас қаласы Елорданы газбен қамтамасыз ету. Елбасының бұл тапсырмасының жауапкершілігі өте үлкен әрі маңызды. Айта кеткен жөн, Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі мұнай-газ қорларының бірі болып табылады. Ондағы сұйық көмірсутектердің көлемі 1,2 миллиард тонна, ал газ 1,35 триллион текше метрді құрайды. Источник:  «Дала мен қала» газеті /Мағжан САДЫХАНҰЛЫ/


9 Ақпан 2012
Бензин бағасын әкімшілік жолмен реттеу тек уақытша нәтиже береді деп есептейді сарапшы
Бензин бағасын әкімшілік жолмен реттеу тек уақытша нәтиже береді, себебі нарық оны қабылдамайды, деп есептейді мұнай саласындағы қазақстандық сарапшы Сергей Смирнов. Источник:  ҚазТАГ /ТолқынТашимов/


6 Ақпан 2012
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР: Биыл «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырының құрылысы басталмақ
Күні кеше ғана Қазақстанның стратегиялық маңызы бар ведомстволарының бірі - Мұнай және газ министрлігі кезекті алқа мәжілісін өткізіп, отандық мұнай-газ нарығындағы бүгінгі жағдай бойынша есеп берді. Источник:  ҚазАқпарат /Арман Асқаров/


1 Ақпан 2012
Қазақ мұнайын тұңғыш өңдеуші Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңа белестер күтіп тұр
Іргетасы сонау сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында қаланған Атырау мұнай өңдеу зауыты – республикадағы осы сала бойынша бірінші кәсіпорын. Сол 1945 жылы-ақ мұнда бензин шығарылған екен. Содан бері отандық өндіріс ошағы талай шарықтау шақтары мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірді. Барға тасымаған, жоққа жасымаған зауыттықтар қазір де замана ағысымен бірге жасап келеді. Источник:  «Атырау» облыстық газеті /Меңдібай СҮМЕСІНОВ./


23 Қаңтар 2012
Тұрақты дамудың жаңа тұғыры
Орал өңірінің тұрақты дамуына Қарашығанақ инвестициясы негіз қалауда Источник:  «Егемен Қазақстан» газеті /Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ./


18 Қаңтар 2012
«Халықтық ІРО» қор нарығының дамуына серпін бере ала ма?
Бұл арада мамандар пікіріне жүгінбестен бұрын, алдымен өткен жылғы қор нарығының даму көрсеткішіне баға беріп көрелік. Былтыр «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске қосу алдында қор нарығын дамытуға өткен жылдардағымен салыстырғанда айрықша көңіл бөлініп, көлемді шаралар қабылданды. Нақтырақ айтқанда, биржада бағалы қағаздар бойынша жасалған келісімшарттардың орындалмағандарының пайызын төмендететін жоба жүзеге асырылды. ... Источник:  http://naryq.kz /Кәмшат САТИЕВА /


17 Қаңтар 2012
Жаңа жобалар мақсаты жұмыссыздықты жою
Бүгінгі таңда 90 мың тұрғыны бар Жаңаөзен халқының табиғи өсімі 2020 жылға дейін 150 мыңға жетеді деп болжануда. Бұл орайда жұмыс орындарының жетіспеушілігі 15 мыңға жететінін ескерген жергілікті билік жұмыссыздықтың алдын алу үшін аймақта индустрияландыру картасының аясында 19 жаңа жобаны жүзеге асырмақ. Қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін нақты жобаларды дайындауға 1 ай мерзім берілді. Источник:  «Дала мен қала» газеті /Еркін ДОСЫМБАЙ, Нұрсұлтан ӘРМИЯ./


12 Қаңтар 2012
Мұнайлы өңірге қамқорлық
Атырау облысының Қызылқоға ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды Источник:  «Егемен Қазақстан» газеті /Марат АҚҚҰЛ/



Жарияланымдар 1 - 20 барлық 94
бастама | алдағы | 1 2 3 4 5 | келесі  | соңы Барлық

 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»