Компания жаңалықтары

Компанияға қатысы бар барлық жаңалықтар және оқиғалар тізбегі

21 Мамыр 2012
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Пертамина» (Индонезия) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
21 мамырда Қазақстан-Индонезия іскерлік форумның аясында «Рэдиссон» қонақ үйінің «Сарыарқа-1» залында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геология және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев пен «Пертамина» мұнай компаниясының директор-президенті Карен Агустиаван ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


17 Мамыр 2012
Алып компаниялар арасындағы ынтымақтастық
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен ресейлік «Лукойл» арасында өзара түсіністік жөнінде меморандум қабылданды. ҚМГ басқарма төрағасы Ләззат Киинов пен «Лукойл» президенті Вагит Алекперов қол қойған бұл құжат ел аумағындағы лицензияланбаған бос учаскелерде геологиялық-геофизикалық зерттеу жүргізудің негізі болмақ. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


14 Мамыр 2012
Павлодар мұнай-химия заводы үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында жоғары октанды жанармай өндірісінің сыбағалы үлесін 80,32 процентке жеткізді
Павлодар мұнай-химия заводы ( «ПМХЗ» АҚ)  үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында жоғары октанды жанармай өндірісінің сыбағалы үлесін 80,32 процентке жеткізді, деп хабарлайды кәсіпорынның техникалық директоры Оспанбек Әлсейітов. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


8 Мамыр 2012
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: Жеңіске – тағзым!
8 мамыр күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы Жеңістің 67 жылдығын атап өтті. Мерекеге Астананың 100-ге тарта Ұлы Отан соғысының ардагерлері арнайы шақырылды.  Оларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ляззат Кетебайұлы Киинов қасиетті де қастерлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтады. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


8 Мамыр 2012
«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ: әлеуметтік-өндірістік нысандарға – мазут, ауыл шаруашылығына – дизельдік отын
2011-2012 жж. күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазут беру жөнінде мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушыларына облыстар мен Астана қаласын бекіту кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы аймақтарының 390 мың тонна мөлшеріндегі мазутқа деген сұранысы анықталды.   Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


4 Мамыр 2012
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ : электр қуатын үнемдеу және тиімділікті арттыру
Дамудың қуат көздерін тиімді пайдалану жолына көшу – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ұзақ мерзімді стратегиясындағы басымдылыққа ие міндеттердің бірі. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


3 Мамыр 2012
Астанада «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» акционерлік қоғамы өндірістің филиалдарының еңбек ұжымдары және еншілес тәуелді кәсіпорындарының І спартакиадасының салтанатты ашылуы болып өтті (Суреттер)
Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


28 Сәуір 2012
«КазМортрансфлот» металл өнімдерін тасымалдай бастады
26 сәуірде Ақтау портынан Қазақстан Республикасының ұлттық тасымалдаушысы - «КазМортрансфлот» компаниясының кемесімен Анзали портына (Иран Ислам Республикасы) дейін 5 000 тонна көлемінде қазақстандық металл өнімдері жөнелтілді. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


25 Сәуір 2012
Астана қаласындағы «Стартап форум КАЗКА-2012» шағын және орта бизнес форумы
Источник:  Астана ТА


17 Сәуір 2012
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰ
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚМГ) сатып алудың мақсаттылығына бақылау, онда қазақстандық қамтудың үлесін арттыру және тендерлік процедуралардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды бастады.
Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


10 Сәуір 2012
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тендерлік процедуралардың ашықтығын қамтамасыз ету және сатып алудың қазақстандық мазмұнының үлесін арттыру жөніндегі жұмыстарды күшейтуде
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тендерлік процедуралардың ашықтығын және жариялығын күшейту мақсатында сатып алу процесіне қатысу үшін барлық әлеуетті қызмет көрсетушілерге бірдей жағдай жасауға, тауарлар, қызметтер көрсетуде қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру, қызмет көрсетушілердің арасында жағымды бәсекелестікті қалыптастыруға бақытталған шаралар кешенін жүзеге асыруда. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


6 Сәуір 2012
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: «ҚазМұнайГаз» Алматы қаласының әкімдігіне көпфункциялы спорт алаңын тапсыруға кірісті
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейде, №19 мамандандырылған мектепте, №68 тіл гимназиясында, сондай-ақ №62 және №171 мектептерде салынған  көпфункциялы 5 спорт алаңын тапсыруға кірісті. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


2 Сәуір 2012
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ында орталық аппарат құрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмыстар аяқталды
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 13 ақпандағы №1/2012 шешімі негізінде ҚМГ қызметкерлерінің жалпы саны мен орталық аппарат құрылымы бекітілді. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


14 Наурыз 2012
ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің жаңа төрағасын сайлады, акционерлердің жылдық жиналысы өтетін күнді жариялады және 2011 жылдың дивидендтерінің мөлшері жөнінде ұсыныс берді.
Астана, 14 наурыз 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында  ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды. Ол - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы  Ләззат Киинов болды. Источник:  ҚМГ БӨ


14 Наурыз 2012
«Халықтық жекешелендіру» басталады, ағайын!
«Халықтық жекешелендіру» күздің бел ортасында басталатын болды! Министрлер Кабинетінің кешегі жиынында осындай шешім қабыл алынды. Осылайша Қазақстан Көшбасшысы бастамашы болған «халықтық ІРО» аясында, биылғы қазан айында қазақстандықтарға «магистралды мұнай құбырларының қожайыны» - «ҚазТрансОйлдан» енші иелену мүмкіндігі туғызылмақ. Бір қызығы, үкіметтегілер бұл мүмкіндікті азаматтарды «МММ»-ның «қаржылық құрдымына» құлаудан құтқаратын құрал ретінде де қарастырады екен. Ел Үкіметінің осы отырысында өзге де елең еткізерлік жаңалықтар жария етілді. Источник:  «Айқын» газеті /Айхан ШӘРІП/


13 Наурыз 2012
Бензинді арзандатудың батысқазақстандық үлгісі
Үшбу материалдың атауын оқып, «Апырым-ай, мына заманда да бірдеңе арзандайды екен-ау? Тіпті, басқа басқа, бензиннің бағасы төмендейді деп кім ойлаған?» деп ендігі таңғалып үлгерген шығарсыз. Біздің бұған айтар уәжіміз, «Қалауын тапса, қар жанады» емес пе?! Источник:  «Айқын» газеті /Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН/ Батыс Қазақстан облысы


11 Наурыз 2012
Газды шектен тыс жағатын компаниялар жазаланады
Қазақстан - «газды алауларда босқа жағуды қысқарту және ауаға зиянды заттар тастауды төмендету» жөнінен «әлемдік көшбасшы». Мұндай жоғары бағаны Дүниежүзілік банк берген: ол спутниктік мәліметтерге сүйене отырып, Қазақ елінің небары бес жыл ішінде, мұнай өндіру кезінде шығатын ілеспе газды жағуды үштен бірге қысқартқандығын, осылайша ауаға CO2 шығаруды 6 млн тоннаға дерлік азайтқанын анықтаған. Бірақ соған қарамастан, еліміз Иран, Ирак, Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Венесуэла қатарында «көгілдір отынның» үлкен көлемін кәдеге жаратпай, өртеп жіберіп жатқан мемлекеттердің «топ-тізімінде» тұр. Осы орайда кеше ел Үкіметі газды шектен тыс артық жағатын компанияларға жаза қолданатынын жариялады. Источник:  «Айқын» газеті /Айхан ШӘРІП/


7 Наурыз 2012
Мұнайлы Қазақстанға сауатты мұнай саясаты қажет
Биылғы бюджеттен Қарашығанақ жобасының 10 пайыздық үлесін сатып алуға 300 млрд теңге жұмсау көзделген. Соған орай кеше Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Мәжіліске келіп, үлесті иемденудің келешек мәселелері һәм елдің ішкі нарығын мұнаймен қамту жайын баяндап, депутаттардың жанармай төңірегіндегі сауалдарына жауап берді. Источник:  «Алаш айнасы» газеті /Автор: Қанат ҚАЗЫ/


6 Наурыз 2012
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Cенiм 2011» байқауының «Үздік HR-жобасы» номинациясында 2 орынға ие болды
Ағымдағы жылдың 1-2 наурызында Астана қаласында VII Халықаралық «Адам ресурстарын басқару: интеграцияланған HR» конференциясы аясында өткізілген  «Cенiм 2011» қазақстандық байқауының қорытындысы шығарылып, 7 номинация бойынша Қазақстан Республикасындағы үздік жұмыс берушілер анықталды. Источник:  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ


6 Наурыз 2012
Газды шектен тыс жағатын компаниялар жазаланады
Қазақстан - «газды алауларда босқа жағуды қысқарту және ауаға зиянды заттар тастауды төмендету» жөнінен «әлемдік көшбасшы». Мұндай жоғары бағаны Дүниежүзілік банк берген: ол спутниктік мәліметтерге сүйене отырып, Қазақ елінің небары бес жыл ішінде, мұнай өндіру кезінде шығатын ілеспе газды жағуды үштен бірге қысқартқандығын, осылайша ауаға CO2 шығаруды 6 млн тоннаға дерлік азайтқанын анықтаған. Бірақ соған қарамастан, еліміз Иран, Ирак, Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Венесуэла қатарында «көгілдір отынның» үлкен көлемін кәдеге жаратпай, өртеп жіберіп жатқан мемлекеттердің «топ-тізімінде» тұр. Осы орайда кеше ел Үкіметі газды шектен тыс артық жағатын компанияларға жаза қолданатынын жариялады. Источник:  «Айқын» газеті /Айхан ШӘРІП /



Компания жаңалықтары 1 - 20 барлық 838
бастама | алдағы | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 | келесі  | соңы


 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»