Учаскенің ортасынан Баутино кентіне дейін қашықтық – 40 км. 29.12.03 жылы «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылды.
Түпқараған учаскесінің ауданындағы теңіздің тереңдігі шамамен 7-10 метр.
Жұмыстар ауданындағы мұнай-газдылықтың негізгі перспектвиалары карбонаттық-терригендік, юралық-мелдық және, мүмкін, шөгінділердің триас кешеніне байланысты.
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ пен «Лукойл Оверсиз Шельф Б.В.» компанияларының Түпқараған учаскесі бойынша жобаны іске асыруы үшін әріптестердің тең қатысуымен Оператор – «Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы құрылды. Түпқараған жобасы бойынша Оператордың қызметі Түпқараған учаскесіндегі геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
2004 жылы 675 км. көлемінде сейсмикалық-барлау жұмыстары жүргізілді, 2005 жылы тереңдігі 2500 м. барлау ұңғымасы бұрғыланды. Қазіргі уақытта учаскенің геологиялық моделін нақтылау үшін электр-барлау жұмыстары орындалуда.