Теңіз - өте тереңде орналасқан үлкен кен орны. Тереңдігі - 3810 м, ені – 19 км, ұзындығы – 21 км. Мұнай қабатының қалыңдығы - 1,6 км.
1993 жылы ҚР Үкіметі «Chevron» компаниясымен бірлесіп,«Теңізшевройл» ЖШС БК құрды. Бүгінде мынадай төрт компания әріптестері болып табылады: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (20%), «Chevron Overseas» (50%), «Exxon Mobil» (25 %), «LukArko» (5 %).
ТШО жұмыстарының негізгі бағыты көмірсутек шикізатын геологиялық барлау, өндіру және өткізу болып табылады. Үлкен Теңіз кен орны және одан сәл кішірек, бірақ үлкен қоры бар Королевское кен орны жобаның лицензиялық бөлігіне кіреді.
Өндірілетін шикізаттан ТШО өнімнің бірнеше түрін шығарады. Негізінен – тұрақтандырылған мұнай. Ілеспе газдан тауарлық құрғақ газ, пропан және бутан өндіріледі. Бұдан басқа Теңіз мұнайындағы деңгейі жоғары күкірсутектен күкірт өндіріледі.
Соңғы жылдары ТШО құрылған кезде құрылыстары басталған объектілер өз жұмыстарын бастады. Осы объектілерді іске қосу әлемдік үлгіге сай өнім өндіру, қоршаған ортаға тиетін зиянды азайту және өнім өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді.
ТШО өнімдері
Тұрақтандырылған мұнай
Теңіз мұнайы өзінің жоғары сапасына байланысты әлем нарығында жоғары бағаға ие. ТШО-ның көмірсутектің жеңіл молекулаларынан құралған тауарлық таза мұнайы өте «жеңіл» болып есептеледі, сол себепті мұнай өңдейтін зауыттар үшін бұл мұнайдан бензин, дизель отыны, тағы басқа өнімдер өңдеу жеңілге түседі.
Тауарлық газдар
2000 жылға дейін (жаңа объектілер іске қосылмастан бұрын) ТШО-да өндірілетін тауарлық газ сапасы төмен болғандықтан, ол тұтынушылардың сұранысына ие бола алмады, сондықтан оларды алдын-ала зиянды қоспалардан арылтып, жағып жіберуге тура келіп отырды. Бұл атмосфераның ластануына әкеліп соқтырды.
2000 жылдан бастап ТШО-да толығымен тұтынушыларға сатылатын жоғары сапалы құрғақ газ өндіріле бастады.
2001 жылдан бастап газ шикізатын пропан және бутан газына дейін өңдей алатын жаңа объектілер салынды. ТШО газы әлемдік стандарттар талаптарының деңгейіне жеткізіліуінің нәтижесінде ол тек жергілікті ғана емес, Еуропа елдерінің сұранысына да ие бола бастады.
Күкірт
Мұнай шикізатын күкірсутегінен тазалау процессінде алынатын қосымша өнім – кәдімгі күкірт (S) бағалы шикізат өнімі болып есептеледі және әлем нарығында үлкен сұранысқа ие.
ТШО кен орнын пайдалану барысында бірнеше жылдардан бері сатуға арналып өте көп күкірт өндірілді, олар монолитті қатты блок түрінде сақталады. Әлемде үлкен сұранысқа ие бола тұра ТШО-дағы сұйық күкіртті өткізу қарқыны өндіру қарқынынан артта қалып отыр. Осы проблеманы шешу мақсатында, өткізу нарығын кеңейту мақсатында ТШО қабыршақты және түйіршекті күкірт өндіретін қондырғының құрылысына 60 млн. доллар ақша бөлді.
Қабыршақты және түйіршекті күкірт арнайы жасалған қаптарға салынады, тұтынушыға жеткізу үшін арнайы жабдықталған көліктің де қажеті жоқ, тиеуге де оңай.
2002 жылдың қарашасында қазақстандық-канадалық жоба бойынша тәулігіне 600 тонна қабыршақты күкірт шығаратын алғашқы өндірістік құрылғы іске қосылды. 2003 жылы тәулігіне 2200 тонна түйіршекті күкірт шығаратын құрылғының құрылысы аяқталды.
ТШО-ның жаңа жобалары мен технологиялары
Мысалы, 2000 жылы «Нитки 5» және 2001 жылы «Бағдарлама 12» жобаларын іске асырды. Бұл объектілер мұнай өндіруді жылына 30% немесе 13 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Мысалы, 2000 жылы «Нитки 5» және 2001 жылы «Бағдарлама 12» жобаларын іске асырды. Бұл объектілер мұнай өндіруді жылына 30% немесе 13 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
«Екінші толқын» жобасы (ЕТЖ)
Қазіргі уақытта ТШО-да ЕТЖ жобасы бойынша жылына 7 млн. мұнай өндіріп, сатуға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай Теңіз жаңа зауытының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа технологияларды қолдану зауытта шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс 2007 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Шикі мұнай айдау жобасы (ШМАЖ)
ТШО бүгін бастапқы өндіру режимінде жұмыс істейді, мұнай мен газ насостың көмегінсіз қабаттағы қысым арқылы скважинамен өзі келеді. Бұл мұнай алуды жоғары деңгейге көтереді, бірақ қабаттағы қысым табиғи түрде төмендейді. Сондықтан газ шикізатын айдау арқылы қабаттағы қысымды біртіндеп қалпына келтіре отырып, екінші рет өндіру әдісі арқылы мұнай алуды жоғары деңгейге көтеруге болады.
Газ шикізатын мұнай коллекторына кері айдау бір жағынан мұнай өндіруді жоғары деңгейге көтерсе, екінші жағынан ілеспе газды пайдалану қажеттігі жоғалады (қосымша өнімдерді өткізу, сақтау және қайта өңдеу, күкіртсутектен күкірт өндіру). Бұл жағдай өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтады, сонымен бірге кез-келген уақытта қабаттан өндіріліп, болашақта пайдалануға болатын газ қоры сақталады.
Газ шикізатын айдауды бастау 2007 жылы іске асырылмақ.
ЕТЖ/ШМА тауарлық мұнайды өндірудің жалпы қуаттылығын жылына 11 млн тоннаға дейін ұлғайтады. Бұл жаңа жобалар ТШО тарихындағы ең ірі жобалар болып есептеледі және бұл ТШО қызметкерлері мен оның серіктестеріне ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасына экономикалық пайда әкеледі.