Сәтпаев

Сәтпаев учаскесі Солтүстік Каспийдің орталық бөлігінде орналасқан.
Сәтпаев учаскесі СКТК солтүстік бөлігінде жағалаудан 90 км. қашықтықта, Атырау портына дейін – солтүстік-шығысқа қарай 160 км. жерде орналасқан. Судың тереңдігі – 7-10 м.

Сәтпаев учаскесінің келешегі юрск және палеозой шөгінділерімен байланысты.

2010 жылғы маусымда ҚР МГМ және ҚМГ арасында Сәтпаев учаскесінде барлау және өндіру жүргізуге келісім жасалды (2010 жылғы 15 маусым, №3575).

Қазақстан және Үнді елдерінің басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі мемлекетаралық уағдаластыққа сәйкес қазіргі кезде ҚМГ үнді тарапымен мәміле бойынша құжаттарды келістіру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, бұл келіссөзге сәйкес «Сәтпаев» жобасының 25% үлесін үнді тарапына беру және жоба бойынша операциялық компания құру жөніндегі жұмыс жоспарланып отыр.


беттегі соңғы өзгерту: 28.09.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»