Құрманғазы

Құрманғазы учаскесі Солтүстік Каспийде орналасқан.
Құрманғазы учаскесі Солтүстік Каспийде орналасқан. Жақын арадағы Баутино порты 80 км. қашықтықта.

Құрманғазы учаскесінің алаңы 1632 км2.

Құрманғазы құрылымы 5 метрден 7 метрге дейінгі су тереңдігімен сипатталатын теңіз ауданында орналасқан. Табанындағы рельефтің шағын еңістері бар, су тереңдігі оңтүстікке қарай ұлғаяды.

Юра-мел шөгінділері Құрманғазы құрылымының анағұрлым ықтимал мұнай перспективалы кешенін ретінде бөлінеді. Алайда зерттеліп жатқан алаңдағы сейсмикалық-барлау жұмыстар материалдарының деректері бойынша триас шөгінділерінде де көмірсутегі иірімдері табылуы мүмкін.

2005 жылы 6 шілдеде ҚР ЭМРМ мен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «РН – Қазақстан» арасында ӨБК-не қол қойылды. Сонымен қатар «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «РН – Қазақстан» арасында «Құрманғазы құрылымын бірігіп игеру Келісіміне» қол қойды. Онда жобаны жүзеге асыруға қатысты екі тараптың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Жоба бойынша теңіз мұнай операцияларын «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ-тың 100%-тік еншілес ұйымы болып табылатын қазақстандық операциялық «Құрманғазы Петролеум» ЖШС компаниясы жүзеге асырады. 2006 жылғы 12 сәуірде тереңдігі 2000 м. Алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылау басталды.

Келісім-шарттық аумақта алғашқы барлау ұңғымасын салу жөніндегі жұмыстар 2006 жылғы 11 маусымда аяқталды.

Алынған зерттеу қорытындылары құрылымның физикалық өлшемдері жобалық модельден ерекшеленетінін анықтауға мүмкіндік берді.

«Құрманғазы» құрылымының геологиялық моделін нақтылауға бағытталған бұдан арғы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болады.

Алынған барлық геологиялық-геофизикалық деректер талданғаннан кейін Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта көзделген, оның ішінде барлау ұңғымасын бұрғылау бойынша жұмыстардың міндетті бағдарламасын орындау жөніндегі барлау жұмыстары жалғасатын болады.


беттегі соңғы өзгерту: 28.09.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»