Солтүстік-Каспий жобасы бойынша қысқаша мәлімет
ӨБК-ң құрамы: ҚазМұнайГаз, ЭНИ, Тоталь, ЭксонМобил,
Шелл ( 16,81 %), КонокоФиллипс (8,40 %), Инпекс (7,56 %).
Солтүстік Каспий бойынша ӨБК 1998-2001ж.ж. ішінде орындалған Барлау Бағдарламасын өткізу қарастырылған.
Бүкіл барлау ұңғымалары оң нәтижені көрсетті, осылайша көмірсутектердің ашылымы болды:
2000 жылдың 30 маусымында - Қашағанда;
2002 жылдың 3 қыркүйегінде - Қаламқас-теңізінде;
2003 жылдың 10 тамызында - Оңтүстік-Батыс Қашағанда;
2003 жылдың 2 қыркүйегінде - Ақтотыда;
2003 жылдың 10 қыркүйегінде - Қайранда.
Көмірсутектердің алдын ала қоры
Барлау мен бағалаудың нәтижесінде кен орындарының мынадай алдын ала болжанған мұнай қорларын көрсетуге болады:
| Кен орындар | Геологиялық | Шығарылатын |
| Қашаған | 4 850 млн.т мұнай | 1 475,5 млн.т* |
| Қаламқас - теңіз | 159 млн.т мұнай | 57 млн.т |
| Оңтүстік-Батыс Қашаған | 20 млн.т конденсат | 6 млн.т |
| Ақтоты | 269 млн.т конденсат | 100 млн.т |
| Қайран | 150 млн.т мұнай | 56 млн.т |
| Барлығы ӨБК бойынша | 5448 млн.т | 1694 млн.т |
*Қашаған кен орнының қоры Мемлекет иелігіне алынған. Қашаған кен орнынан шығарылатын қорлар ӨБК игеру кезеңімен келтірілген (2041ж дейін).
Мердігерлік компаниялармен даулы жағдайларды реттеу шеңберіндегі келіссөздер
Өкілетті орган мен Консорциум арасындағы пайда болған даудың себебі. 2007 жылдың маусымында Мердігер ҚР-ң Өкілетті органына №3 Қашағанды Игерудің Жоспары мен Бюджеттің Өзгерістерін қарауға ұсынды.(әрі қарай - ҚИЖБ-ге Өзгерістер)
№3 ҚИЖБ-ға Өзгерістер мынаны қарастырған болатын: болжанған шығыстың 57 млрд.доллардан 136 млрд.долларға дейін көбеюі, мұнай өндіру графигінің 2008 ж-дан 2010 жылға дейін жылжуы, және де кен орнының теңіз бөлігінің реттелу жүйесінің өзгеруі. Бюджеттің көбеюі мен өндіру мерзімі жылжуының басты себебі кен орнының мұнай бөлігінің қайта жобалау мен реттеу жүйсінің өзгеруі болып табылады, оның басты дизайны улы күкірт сутектің ағып кету мүмкіндігіне байланысты қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық нормаларға сәйкес келмегендігі анықталған.
Өкілетті орган №3 ҚИЖБ-ге Өзгерісімен келіспеді.
Дауды реттеу келіссөздері 2007 жылдың шілдесінен 2008 жылдың қазанына дейін созылды.
Осылайша, 2008 жылдың 31 қазанында ӨБК-ге Екінші қосымша келісімге қол қойылды:
- Үлес – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% «ҚМГ ҚАШАҒАН Б.В.» еншілес ұйымы арқылы өзінің үлесін ірі акционерлер үлесінің деңгейіне дейін көтереді – 8,33%-дан 16,81%-ға дейін;
- Қосымша ақшалай төлемдер – Мердігермен Республикаға төленетін басты үлес(мұнайдың бағасы 45$-дан 195$-ға дейін 3,5%-дан 12,5%-ға дейін). Қазақстан Респудликасы алатын табыс (жобада үлестің көбеюін қосқанда) NPV мағынасында (дисконттау мөлшері 10%) 7,2 млрд.долларды құрайды, ол мұнайдың бағасы 85 доллар баррель үшін дисконтталмаған ақшалай ағымдар кезінде 71 млрд.долларға тең. Мұнайдың бағасы 125 доллар болғанда өтем мөлшері NPV-де 13,7 млрд.долларға дейін өседі, ол дисконтталмаған өтемнің 87 млрд. долларға тең;
- Бюджет пен жоба кестесін бақылау – (а) егер мұнайды коммерциялық өндірудің басталуы 2013 жылдың 1 қазанына дейін басталмаса, консорциумның шығындарын төлемеу, (б) Айтарлықтай қайта жобалаудың салдарынан жұмыс көлемінде болатын болашақтағы өзгерістердің нәтижесінде ККД-ға дейінгі келісілген бюджеттің үстінен 1+2 кезектер шеңберінде қосымша шығындардың төленбеуі;
- Айып санкцияларының ұлғаюы - мұнай өндіруді кейінге қалдыру үшін(2008ж. кейін) 2012 ж. жылына 50 млн.долл-дан жылына 120 млн.долл-ға дейін;
- Капиталды салымдарының мөлшерлерінің төмендеуі (аплифт) Либор +3%-дан Либор +2,5%-ға дейін.
- Жаңа Операциялық Үлгіге Көшу – «ҚазМұнайГаз»-дың рөлін күшейте отырып, жобаны басқарудың тиімділігін жақсарту (жаңа бірлескен операциялық компания құрылады).
- «Тиеп қой немесе төле» - Мердігер Компаниялар «тиеп қой немесе төле» принципі бойынша ақылға сыйымды тарифпен және оның тұрақтылық кепілдігімен қамтамасыз етіледі.
Бұрын «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ іске асырған Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының өкілетті органының қызметін қазір «PSA» ЖШС (www.psa.kz) іске асыруда.
«PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2010 жылғы маусымда құрылды.
«PSA» ЖШС жалғыз қатысушысы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы болып табылады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ» сенімді басқару туралы Келісім-шартқа сәйкес ҚР Мұнай және газ министрлігіне «PSA» ЖШС-не 100% қатысу үлесін тапсырды. Мұнай және газ министрлігі берген 03.07.10 жылғы № 20-01-4752 Келісім-шартқа сәйкес «PSA» ЖШС өкілеттігі бар:
1) 18.11.97 жылы қол қойылған Солтүстік Каспий бойынша және 18.11.97 қол қойылған Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімдерін бөлу туралы Келісімде Өкілетті органның мүдделерін іске асыру мәселелері бойынша Мұнай және газ министрлігінің атынан өкілеттікті жүзеге асыру.
2) Өкілетті орган ретінде, сондай-ақ жобалар бойынша басқа органдарға қатысу.