Хвалынское кен орны аумақтық тұрғыдан «ЛУКОЙЛ-Нижневолжскнефть» ЖШҚ-ның (22.01.03 ж. №11386 ШКС лицензиясы) лицензиялық учаскесі орналасқан Каспий теңізінің солтүстік су айдынына жатады.
Жақын арадағы ресейлік жағалаудың учаскесіне дейінгі қашықтық 100-120 км.
Хвалынское кен орны ауданындағы теңіздің тереңдігі 25-30 м (шығыс бөлігінде 40 м-ге дейін).
Геологиялық-барлау жұмыстарының қорытындылары бойынша бор астындағы және жоғары юралық шөгінділердегі газ, конденсат пен мұнай мемлекеттік балансқа алынды.
1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы келісіміне 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға сәйкес көмірсутегі ресурстарын игеру бірлесіп жүзеге асырылады. Дәл осы құжатпен жоба бойынша жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Қазақстандық тарап жобаға конкурссыз қатысуға құқылы. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 13 мамырдағы №637а қаулысына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Хвалынское» кен орнының көмірсутегі ресурстарын барлау және игеру жөніндегі қазақстандық уәкілетті ұйым болып бекітілді.
2003 жылғы 18 сәуірде Мұнай-газ кен ресурстарын бірлесіп игеру принциптері туралы келісім жасалды.
2005 жылғы 14 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЛУКОЙЛ» ҰК ААҚ кен орнын игеру үшін «Каспий мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнын құрды.
Тараптар Хвалынское кен орнын игерудің ТЭН игеруге кірісті, ол аяқталғаннан кейін ӨБК шарттары бойынша РФ Үкіметімен келіссөздерге бастамашылық етілетін болады.
2009 жылғы мамырда жер қойнауын пайдалану шарттарын әзірлеу және өнімді тарату туралы келісім жобасын дайындау бойынша Ведомствоаралық комиссия құру туралы РФ Үкіметіне үндеу жолданды, сондай-ақ, ӨТК көрсетілген жобасының қосымшасымен Хвалынск кен орны бойынша ӨТК бекіту жөніндегі келіссөздерді бастау туралы.
2011 жылғы 10 маусым Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінің бұйрығымен ВАК құрылды. 2011 жылғы тамызда Хвалынск кен орны бойынша ӨТК талқылуға ведомствоаралық комиссиямен Инвестордың бірінші отырысын өткізу жоспарланған.