«Н» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының оңтүстік бөлігінде орналасқан және жалпы алаңы 7625 шаршы км. Учаскенің ортасынан жағалауға дейінгі ең жақын қашықтық 75 км, ал солтүстік-шығыс шекарасы Маңғыстау облысының аумағымен шектеседі.
Учаскенің шегінде теңіздің тереңдігі 0-ден 340 метрге дейін өзгереді. Судың ең терең бөлігі учаскенің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Нұрсұлтан құрылымының күмбездік бөлігінде 29 метрге тең, Ракушечное-теңіз – 47 м.
Қаралып отырған учаскенің шегіндегі мел және юра-триас кешендеріндегі шөгінділер перспективалық болып табылады.
Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Н» учаскесінде ӨБК шарттары бойынша Құзыретті органмен (ҚР ЭМРМ) келіссөздерді аяқтайды.