Ембі ауданындағы мұнай кен орындары үлкен аумақта жартылай шөлді, халық аз қоныстандырылған жерде орналасқан. Мұнаймен бірге бұл жерде ілеспе газ өндіріледі.
Ембілік аз күкіртті мұнай жоғарғы технологиялық қасиеттерге ие, әсіресе бұл мұнайдан алынатын жағар майлар бағалы болып саналады.
1965 жылға дейін Қазақстанда мұнай өндіру тек Ембі бассейнінің көптеген аз қуатты кен орындарында жүргізілген, оған себеп Ембінің географиялық орналасуы мен мұнай сапасының жоғары болуы ықпал етті.
Ембі мұнайының рөлі Ұлы Отан соғысы кезінде ерекше маңызға ие болды, өйткені Солтүстік Кавказдағы мұнай өңдеу аудандарының жұмысы уақытша тоқтап қалған болатын. Осылай, 1941-1945 жж., Ембі бассейнінде өткен 10 жыл көлеміндегідей мұнай өндірілді. Бірақ соғыстан кейінгі жылдары кен орындырының аз қуаттылығы себебінен мұнайды өндеу көлемі төмендеді.
Ембі кен орындары – бұл Каспий теңізінің солтүстік және батыс жағалауында орналасқан 37 мұнай кен орны. 35 кен орны пайдаланылуда, ал 2 кен орны - Сағыз бен Тәжіғали кен орнының әлсіреуі мен теңіз су басу салдарынан жабық. ЕМГ-ң пайдаланудағы кен орындарының ішіндегі келесі сегіз қор және өндіру көлемі жағынан ең ірі болып табылады:
- Кенбай (Шығыс Модабек /Солтүстік Қотыртас);
- Нұржанов;
- Оңтүстік-Батыс Қамыш;
- Ботахан;
- Забурунье;
- Шығыс Мақат;
- Жаңаталап;
- Оңтүстік-Шығыс Қамыш.
ЕМГ-ң пайдаланудағы 35 кен орындары Компанияның мұнайдың жалпы және болжамды қорының 25 % құрайды.
|
| Қор (миллион баррель) |
| 1P | 2P | 3P |
| Кенбай | 16.0 | 33.7 | 65.1 |
| Нұржанов | 28.3 | 60.6 | 69.7 |
| О-Б Қамыш | 15.7 | 47.3 | 53.8 |
| Ботахан | 7.6 | 20.0 | 24.1 |
| Забурунье | 10.5 | 27.4 | 33.7 |
| Шығыс Мақат | 11.4 | 29.2 | 39.4 |
| Жаңаталап | 10.3 | 32.4 | 41.1 |
| О-Ш Қамыш | 7.8 | 22.0 | 28.8 |
| Ембінің басқа кен орындары | 39.9 | 95.2 | 129.4 |
| Барлығы | 147.6 | 367.8 | 485.2 |