Каспий теңізінің акваториясына тікелей жақын Оңтүстік Маңғышлақтың жазық бөлігінде орналасқан және Маңғыстау облысының Түпқарағай ауданына кіреді.
Дунга алаңындағы терең бұрғылау 1966 жылғы ақпанда басталды.Газ кені (№1скважина) 1969 жылғы ақпанда Ю-I горизонтта ашылды. Мұнайдың бірінші өндірістік құйылымы №6 скважинада 1969 жылғы маусымда өнімді горизонттан алынды.
Ақтау қаласының әкімшілік орталығы кен орнынан 50 км қашықтықта орналасқан.
КСШ қоры
- мұнай - 55,795 млн. тонна (В+С1 санаты бойынша);
- Ерітілген газ 3,487 млрд.м3 (В+С1 санаты бойынша );
- 23.12.1973 жылғы №7078 КСРО хаттамасымен бекітілді .
Жобаға қатысушылар үлесі:
- Оман Ойл Компани Лимитед (Оман) – 20 %;
- Партекс Қазақстан Корпорэйшн (Португалия) – 20 %;
- «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» (Дания) - 60 %.
Жоба операторы «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» компаниясы болып табылады.