Центральная

«Центральная» геологиялық құрылымында жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Каспий теңізін қабылданған аудандарға бөлуге сәйкес Центральный лицензиялық учаскесі Орта Каспий су айдынында орналасқан.

Центральная құрылымында КС иірімдерін ашу перспективаларына қатысты жер қойнауының учаскесі әкімшілік тұрғыдан Ресей Федерациясына жатады. Жағалауға дейінгі қашықтық 140-150 км. қаралып отырған учаскедегі теңіздің тереңдігі 100 метрден 600 метрге дейінгі диапазонда өзгеріп отырады.

Сейсмикалық-барлау жұмыстарының қорытындылары бойынша Центральная құрылымы мұнай-газдылығының негізгі перспективалары төменгі мелдық және юралық шөгінділерге байланысты болады.

1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы келісіміне 2002 жылғы 13 мамырдағы хаттамаға сәйкес көмірсутегі ресурстарын игеру бірлесіп жүзеге асырылады.

«Центральная» геологиялық құрылымында жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы №637а қаулысымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасынан жоба бойынша уәкілетті ұйым болып белгіленді. Ресей Федерациясынан «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ уәкілетті орган болып белгіленді.

2005 жылғы 14 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ арасындағы Ынтымақтастық принциптері туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде консорциумды құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

ӨБК шарттары бойынша РФ Үкіметімен келіссөздер жүргізуге бастамашылық ету үшін «Центральная» құрылымы бойынша ТЭН әзірленіп жатыр.

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ және «ЦентрКаспнефтегаз» ҚБ арасында ынтымақтастық туралы келісімге 2005 жылғы 14 наурызда қол қойылды. ӨТК шарттары бойынша РФ Үкіметі келісім-шарттары бастамасымен «Орталық» құрылымы бойынша ТЭН әзірленуде.


беттегі соңғы өзгерту: 31.08.11
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»