Аташ

«Аташ» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының орталық бөлігінде орналасқан.
«Аташ» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының орталық бөлігінде орналасқан. Жақын арадағы жағалауға дейінгі учаскенің батыс шекарасына дейінгі қашықтық – 90 км, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігі Маңғыстау облысымен шектеседі.

Құрылым ауданындағы теңіздің тереңдігі шамамен 1-40 метр.

«Аташ» учаскесінің мұнай-газдылығының негізгі перспективалары мұнай мен газдың иірімдерін анықтау көзделген шөгінділердің карбонаттық-терригендік юралық-мелдық және, мүмкін, триас кешеніне байланысты.

2003 жылдың 29 желтоқсанында ҚР ЭМРМ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында «Аташ» учаскесі шегінде барлауды жүргізуге арналған келісім-шартқа қол қойылды. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ пен «Лукойл Оверсиз Шельф Б.В.» компанияларына тең үлестермен тиесілі «Аташ компаниясы» ЖШС келісім-шартты орындайды.

2004 жылы Аташ құрылымында 1057 км. көлемінде 2Д сейсмикалық-барлау жұмыстары орындалды. 2005 жылы жаңа сейсмикалық деректерді және мұрағаттық сейсмикалық деректерді өңдеу, 2Д сейсмиканың геологиялық-геоофизикалық деректерін интерпретациялау және қайта интерпретациялау орындалды.


беттегі соңғы өзгерту: 28.09.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»