«ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ, «Қазақойл» ҰМК» АҚ-ның құқық қабылдаушысы бола отырып, 1999 жылдан бастап Арал теңізі бассейнінің қазақстандық бөлігінде – А зерттеу аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде.
Әкімшілік тұрғыдан алғанда А зерттеу аумағы Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының құрамына кіреді және Арал теңізі акваториясының солтүстік (қазақстандық) бөлігін, Барсакелмес түбегін (қорық аумағын ескермегенде), Құланды түбегін және Арал теңізінің шығыс жағалауын қамтиды. Облыс орталығы Қызылорда қ. лицензиялық аумақтан шығысқа қарай 500 шақырымда орналасқан.
Бастапқыда, 1999 жылдан бастап 2002 жылға дейін, Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасына 50 млн.АҚШ доллары сомасындағы грант қаражаттары есебінен, жапондық әріптестермен бірге «Қазақойл-ЯННК» Операциялық Құрылымы шеңберінде далалық сейсмикалық барлау және гравибарлау жұмыстары, гравибарлау және магниттік барлаудың қолда бар деректерін өңдеу және қайта өңдеу, қолда бар сейсмикалық барлау деректерін қайтадан талдау жұмыстары жүргізілді.
А аумағында бірқатар болашағы зор ірі нысандар анықталды, олар бойынша Д0 санаты бойынша көмірсутегінің болжалды шоғырланған ресурстары есептелді, негізгі шағылдырушы қабаттар бойынша құрылымдық карталар жасалды. Анықталған құрылымдардың мұнайгаздық болашағы негізінен юр және неоком қыртыстарына байланысты.
2002 жылдың сәуірінде «Қазақойл-ЯННК» Операциялық Құрылымы жұмысының нәтижесі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология комитеті қарастырды және қабылдады.
Алынған деректердің негізінде «ҚазақОйл-ЯННК» жұмыстарының нәтижелері бойынша, 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз» «Мұнайгаз болуы болашағын бағалау үшін Арал теңізі бассейнінің қазақстандық бөлігінде геологиялық-геофизикалық материалдарды саралау және жинақтау. Ары қарайғы геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын негіздеу» тақырыптық жұмысын өткізді.
Бұл жұмыс өткен жылдардың геологиялық-геофизикалық материалдары бойынша Арал теңізі бассейнінің қазақстандық бөлігінде мұнайгаз болуы тұрғысынан болашағы зор нысандарды анықтап, геологиялық құрылымын, мұнайгаз болуының болашағын нақтылау мақсатында жүргізілді. Қабаттардың қадағалануын және сейсмикалық деректердің динамикалық шешілгендігін жақсарту мақсатында 296 ұзына бойғы шақырым профильдер қайта өңделді. Қайтадан талданған сейсмикалық деректердің жалпы көлемі 3615 ұзына бойғы шақырымды құрады.
Аймақтың геологиялық құрылымы, тұнба қаптамасының қалыптасу тарихы, мұнайгаздың болуы нақтыланды.
Қысқаша түрде палеозойдан бастап неогенге дейінгі мерзімдегі тұнба жиналу мерзімінің палеографиялық жағдайы сипатталған. Юр, бор қыртыстарындағы коллекторлар мен жабындылардың таралу ерекшеліктеріне саралау жүргізілді.
Жұмыстардың нәтижелері бойынша А зерттеу аумағындағы іздеу-барлау жұмыстарының ары қарайғы әдістемелері және көлемдері бойынша ұсыныстар алынды.
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Приаральский бөлімшесінде Компания көлемі 210 ұзына бойғы шақырым сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізді және Батыс Құланды құрылымында төменгі бор, юр және триастың жоғарғы бөлігі қыртыстарында мұнай мен газдың қабаттарын іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын өткізу орындылығы (немесе орынсыздығы) туралы ұсыныстар беру мақсатында жобалық тереңдігі – 1800 м. бір іздеу ұңғымасы бұрғыланды.
Ұңғыма берілген жобалық қабатты ашып, жобалық тереңдікке жетті. Ашылған бағанда көмірсутегі белгілері анықталмады.
Бір уақытта, Компанияның меншік қаражаттары есебінен, бұрғылау жабдықтарын жұмылдыруға арналған бөлімше аумағында инфрақұрылымды зерттеу; 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарының техникалық жобасын, геологиялық-барлау жұмыстарының жобасын, ОВОС жобасын әзірлеу; кіре беріс жолдың құрылысын салу, заңнамада қарастырылған сақтандырудың әртүрлі түрлері, Қызылорда қаласындағы қоғамдық тыңдаулар, қоршаған ортаны фондық зерттеу және т.б. сияқты бұрғылау және сейсмикалық жұмыстарды қолдау жөніндегі ұйымдық-техникалық шараларды жүргізді.
2006 жылы зерттеу аумағында Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсырмасы бойынша бір іздеу ұңғымасын, бірақ басқа құрылымда – Шығыс Құланды құрылымында, жобалық тереңдігі 2000 метр, жобалық қабаты – төменгі бор, юр және жоғарғы триас ұңғымасын бұрғылау болжанған.
Қазіргі уақытта Компания Шығыс Құланды құрылымында мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде қарастырылған, көлемі 250 шақырым 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын аяқтады.
Арал теңізінің акваториясында геологиялық-іздеу жұмыстарын жүргізудің негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарының газ тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін газ іздеу болып табылады.