2011 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ дәлелденген қалған мұнай қоры (қатысу үлесін есепке алғанда) 791,3 млн. тонна мұнайды құрады, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бекітілген Даму стратегиясынан мұнай қорын ұлғайту негізінен кен орындарының қорын қайта есептеу және өндірілетін активтерді барлау есебінен жүргізілді.
2010 жылы ГБЖ аясында Новобогатинск Ю-В құрылымының Лиман блогында өнеркәсіпте мұнай құйылымдары алынды және Ракуша теңізі құрылымындағы Н блогында мұнай-газдылық расталды, КТ-2 корбонаттық қалыңдық бойынша мұнай-газдылық және Өріктау кен орнының девоны расталды. Жүргізілген сейсмикалық зерттеулер нәтижесі бойынша жаңа перспективті құрылымдар және барлау учаскелері мен құрғақтағы жерлер белгіленді.
«ҚР шөкпе бассейндерін кешенді зерттеу» жобасы бойынша жұмыс жалғасуда және 2011 жылы Каспий маңындағы шұңқыр, Маңғышлақ және Оңтүстік Торғай бойынша мұнай-газ перспективтілігінің сандық болжамы болжануда, сондай-ақ геологиялық-геофизикалық материалдар сараптамасы бойынша жұмыс жалғасуда.
Сондай-ақ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Даму жоспарына сәйкес геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда.
Шикізаттық базаның озық өсуін қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен оның еншілес компаниялары мұнайгаз жобаларына геологиия техникалық монитроинг жүргізу. Олардың жобаларын есепке ала отырып, 2004 жылы қарашада геологиялық техникалық қызметі (ГТҚ) құрылды.
Компанияда көмірсутектің әлеуетін кеңейту шаралары үшін жоспар құрастырылған және іс жүзінде жүзеге асуда.
Бұл жоспар:
- мұнай және газ кен орындарындағы іздестіру және барлау жұмыстарын және жердегі және теңіз блоктарындағы келісімдік аймақтардағы барлауға дейінгі жұмыстарды қамтитын геологиялық барлау жұмыстарын;
- жер қойнауын пайдалануға, перспективалық алаңдардағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге құқық алуға;
- жаңа және қолданыстағы мұнай-газ жобаларындағы геология және геофизика саласына қатысуға;
- құрылықта және теңізде көмірсутегі шикізатын ресурстарын бағалау жөніндегі ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және мұнай-газ жобаларының Ұлттық деректер банкі деректерінің корпоративтік базасы – жобалары бойынша геологиялық-геофизикалық деректер базасын құруға қатысу үшін біріктіреді.
Мұнай-газ жобаларының геологиялық-технологиялық мониторингі аясында ірі мұнай-газ жобалары, атап айтқанда, көмірсутегі кен орындарын барлау, бағалау, игеру және әзірлеудің технологиялары бойынша жылдық және перспективалық бағдарламаларды қарау жүзеге асырылады.
Бұл әрекеттер кен орындарының құрылатын және үнемі жұмыс істеп тұрған геологиялық және гидродинамикалық үлгілері резервуарларының сүзгіштік-сыйымдылық қасиеттерінің параметрлерін анықтаудың дәлдігі мен анықтылығын арттыруға бағытталған. Оның мақсаты:
- көмірсутегі ресурстарын орынды игеру;
- жобалардың экономикалық тиімділігін арттыру, нәтижесінде Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған.
Мониторинг мүнай-газ жобаларының және еншілес кәсіпорындардың операторларының техникалық комитеттерінің, жұмыс топтарының көмірсутегі қорларын бағалау немесе қайта есептеу жөніндегі, кен орындарын әзірлеу бойынша жобалық құжаттарға талдау жасау отырыстарына және басқа да шараларға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
ГТҚ барлау және әзірлеу жобаларының корпоративтік басқаруға және олардың мониторингіне, сондай-ақ жаңа инвестициялық блоктарғаарналған конкурстарға қатысты келіссөздер жүргізуге және оған дайындық жасауға қатысады.
Ірі мұнай-газ жобаларының геологиялық-барлау жұмыстарын оңтайландыру міндеттеріне және технологиясын меңгеруге, геология барлау жұмыстарына барлау әдістерін енгізуге, резервуар параметрін болжауға және бағалауға, мұнай және газ орындарын тиімді игеруге, ғылымның техникалық заманауи деңгейінде болу және компьютердің жаңа технологиясын қолдану ескеріле отырып, үлкен көңіл бөлінеді.
Компанияда геологиялық-геофизикалық және ұңғымалық деректерді, геологиялық және гидродинамикалық үлгілерді көру және оларға талдау жасау үшін жаңа үлгідегі компьютерлік технологиялар пайдаланылады, бағдарламалық құралдармен жұмыс бойынша мамандар сабақ береді. Бұл жобалардың операторлары орындаған зерттеулер нәтижелерін оңтайлы режимде орындауға, кен орындарын барлау және әзірлеу бойынша кепілдемелер және ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді, ол кен орындарының барлық сатысында жүргізіліп жатқан мұнай операцияларының экономикалық нәтижесін арттыруға тиіс.
Көмірсутегі шикізаты ресурстарын бағалау жөніндегі ғылыми-математикалық зерттеулер Қазақстан Республикасының келісім жасалған және перспективалы мұнай-газ бассейндерінде -құрылықта да, теңізде де жүргізіледі.
Бұл ретте жаңа және қолданыстағы геологиялық-геофизикалық деректерді қайта өңдеу, талдау және жинақтау орындалады, Жерді қашықтықтан байқап көру аэроғарыштық әдістері қолданылады, шөгінді бассейндердің, перспективалы құрылымдардың, объектілер мен кен орындарының геологиялық үлгілері қалыптастырылады немесе нақтыланады, көмірсутегілерінің перспективалы ресурстары мен қорлары нақтыланады.
Қазақстан Республикасының құзыретті органымен жүргізілген тікелей келіссөздер нәтижесінде Р-9, Р-24 (Терескен) блоктары бойынша, Темір (Ақтөбе облысы) учаскесі бойынша, Қаратон-Сарқамыс (Атырау облысы) блогы бойынша, Өзен және Қарамандымас (Маңғыстау облысы) кен орындарына іргелес жатқан аумақтар бойынша келісімдерге қол қойылды. Қазіргі кезде Темір, Қаратон-Сарқамыс, Өзен-Қарамандыбас, Терескен жобалары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-ға беру рәсімдері жүзеге асырылуда.