Тасымалдау бойынша жобалар:
1. «Қазақстан-Қытай» мұнай және газ құбырының құрылысы
Атасу-Алашанкөл магистралды құбыры 2005 жылы «ғасыр жобасы» деп аталынды. АҚ «ҚазТрансОйл» және CNPC басқарумен Қазақстан-Қытай компаниясы құбырдың тапсырыс берушісі және иесі болып табылды.
Атасу-Алашанкөл мұнай құбырының қашықтығы 962,2 км созылған. Оның 960 км Қазақстан аймағында болса, 2,2 км Қытайда. Бірінше кезеңдегі өтімділік қабілеттілігі жылына 10 млн.тонн құрайды, келесі кезекте 20 млн.тонн. ұлғайтылмақ. Инвестицияның жалпы көлемі АҚШ долларымен 806 миллион болды.
Бүгінгі күні, табысты тәжіребиелердің негізін ескере отырып, Қазақстан мен Қытай мемлекеттері Атасу-Алашанкөл мұнай құбыры құрылысын жеделдетіп аяқтауды және тың жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
Екі елдің ұзақ мерзімді ынтымақтастығының айғағының дәлелі: «Екінші кезеңдегі мұнайқұбырын құрылысы Қазақстан-Қытай мен АҚ ҰК «ҚазМұнайГаз» арасында және Қытай Ұлттық Мұнай Компаниясымен негізгі жүйелер туралы келісімге қол қоюы.
Бұл құжат Астана мен Бейжіннің екеуаралық энергетикалық ынтымақтастыққа белсенділігін арттырып, өткір қызығушылығын жариялап өтті.
Сонымен, екінші кезеңдегі Қазақстан-Қытай мұнайқұбыры бірнеше біріктескен жобаларды қамтыды:
- Жаңа «Кенқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының құрылысы
- Құмкөл-Қарақойын – Атасу бөлімшелерінде АҚ «ҚазТрансОйл» мұнайқұбырында техникалық және экономикалық жағдайы тиімсіз болып жатса, жаңа мұнай құбырының құрылысы жүретін болады.
- «Атасу-Алашанкөл» мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңін орындау
- «Кенқияқ-Атырау» мұнай құбырын қайта құру.
Екі жақ «Кенқияқ-Құмкөл» мен «Құмкөл-Атасу» бөлімшесінде мұнай құбырының құрылысын, болмаса, қайталап құрастыру жұмысын 1 қазан 2009 жылы аяқтауды жоспарлар отыр.
Қазақстан жағы «Кенқияқ-Құмкөл» құрылысын жоспарлауда, яғни бұрынан қолданыстағы «Кенқияқ-Атырау», «Құмкөл-Атасу», «Атасу-Алашанкөл» мұнай құбырларымен байланыстыратын негізгі қорытындылаушы сызық болып табылмақ және ҚНР бағытына қарай Батыс мұнай көзі мен Орталық Қазақстаннан мұнай тасымалдаудың бірыңғай энерготранспорттық коридоры болып табылмақ.
«Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысының» жобасы
Қазақстан-Қытай газ құбырын салу жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы 18.08.2007 жылғы Қазақстан-Қытай газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты – Өзбекстан мен Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-на түркімен газын транзиттеу, сондай-ақ қазақстан газының экспорты, ол экспорт бағдарларын әртараптандыруға және оңтүстік облыстарды меншік газбен қамтамасыз етуге, өз кезегінде елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан – Қытай газ құбырының бірінші учаскесін салу жобасын іске асыруды «ҚазТрансГаз» АҚ және Trans-Asia Gas Pipeline Limited (CNPC аффилиирленген компания) паритетті негізде 2008 жылы 15 ақпанда құрылған «Азиялық Газ құбыры» ЖШС («АГҚ» ЖШС) жобалау компаниясы жүзеге асырады.
Газ құбырын салу 2008 жылғы 9 шілдеде басталды, бірінші кезеңі халықаралық практика үшін рекордты мерзімде жұмыс кестесінен бұрын аяқталды. Құрылысқа 4 мыңнан астам адам тартылды.
2009 жылы 12 желтоқсанда Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Басшысы Ху Цзиньтао ұзындығы 1308 км құрайтын Қазақстан-Қытай магистральді газ құбырының Бірінші учаскесіні 1-жібін іске қосуды жүзеге асырды.
2012 жылдың соңына қарай газ құбырының қуатын жылына 30 млрд. м3 дейін жеткізу жоспарланып отыр. Газ құбырын одан әрі жылына 40 млрд. м3 дейін дамыту «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырын салу» жобасымен жинақта іске асырылатын болады.
2. «Қазақстан-Қытай газ құбырының екінші учаскесін салу (Бейнеу-Шымкент)» жобасы
Жоба республиканың оңтүстік өңірлерінде газға деген мұқтаждықты тұрақты қамтамасыз ету, импорт газына тәуелділікті болдырмау және елдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 06.02.08 жылғы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес іске асырылады.
Газ құбырының бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы бойынша өтеді және мынадай негізгі техникалық сипаттамалары бар: өткізу қабілеті жылына 5 млрд. текше м (Бірінші кезек 2010-2013 жылдар), жылына 10 млрд. текше м (екінші кезек 2014-2019 жылдар), ұзындығы 1487 км, диаметрі 1000 мм (1 жіп). 2009 жылы ҚР ЭМРМ тапсырысы бойынша Республикалық бюджет қаражатынан «КИНГ» АҚ – «КАТЭК» ЖШС жобалау институттарының консорциумы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтады (Жоба сатысы) және «Мемсараптама» РМК оң қорытынды алынды (14.08.09ж. № 01-377/09).
Жобаны іске асыру мақсатында 2009 жылы мыналарға қол қойылды: :
- 2009 жылы 16 сәуірде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ҚХР-на ресми сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы (бұдан әрі – ҚҰМК) арасында Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және 5 млрд. АҚШ доллары көлемінде қары алуға жәрдемдесу туралы негіздемелік келісімге қол қойылды, оның шамамен 3 млрд. АҚШ доллары «Бейнеу-Шымкент» газ құбырын салу жобасына көзделген;
- 2009 жылы 14 қазанда «2007 жылғы 18 тамыздағы ҚР Үкіметі мен ҚХР арасындағы «Қазақстан-Қытай» газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметаралық келісімге хаттамаға қол қойылды, онда Тараптар біржолғы салым түрінде әр тараптан 500 (бес жүз) миллион АҚШ доллары (75 млрд. теңге) мөлшерінде жобаны іске асыру үшін құрылатын бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру туралы өздеріне міндеттеме қабылдады;
- 2009 жылы 14 қазанда ҚМГ және ҚҰМК өкілдерінің арасында кеңес хаттамасына қол қойылды, онда Жобалау компаниясын құру талаптары көрсетілген;
- 2009 жылғы 12 желтоқсанда ҚМГ және ҚҰМК арасында Қазақстан-Қытай газ құбырының Екінші учаскесін жобалау қаржыландыру мәселесі бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;
- 2010 жылғы 12 маусымда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы арасында Қазақстан-Қытай газ құбырының Екінші учаскесін жобалауды, қаржыландыруды, салуды және пайдалануды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.
Осы жобаны іске асыру 2010 жылы бастау жоспарланып отыр.
3. Каспий маңындағы газ құбырын салу жобасы
Жобаны іске асыру үшін негіздеме мыналар болып табылады: - 2007 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркіменстан Президенттерінің бірлескен декларациясы; - Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түркіменстан Үкіметі арасындағы 2007 жылғы
20 желтоқсандағы Каспий маңындағы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) 2009 жылы 14 мамырда ратификацияланды.
Жобаны іске асыру мақсатында 2008 жылғы 11 қыркүйекте Ашхабад қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Газпром» ААҚ және «Түркіменгаз» ГК арасында Каспий маңындағы газ құбырының салудағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.
Жиынтық көлемі жылына 20 млрд. текше м дейін, оның ішінде қазақстан газын 10 млрд. текше м дейін және түркімен газын 10 млрд. текше м дейін қазақстандық газды сыртқы нарықтарға жеткізу және түркімен газын транзиттеу үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұзындығы 1 217 км болатын газ құбырын салу «Окарем-Бейнеу» ижәне «Орта Азия – Орталық» қолданыстағы газ құбырын қайта құру ескерілген, «Белек» компрессорлық станциясынан (Түркіменстан) бастап «Александров Гай» (Ресей) газ өлшеу станциясына дейін жоспарланып отыр.
Жаңа газ құбырының оңтайлы параметрлері (газ құбырының құны, қысымы, диаметрі) өтпелі гидравликалық есеп, Тараптардың ТЭН жинақтайтын ҚР аумағы бойынша ТЭН нәтижелері бойынша анықталатын болады.
Барлау және өндіру бойынша жобалар
1. «Жамбыл» жобасы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес АҚ ҰК «ҚазМұнайГаз» Корей Бірлестігімен бірлесе отырып, екі жақты ынтымақтастықтың дамуы жолында жұмыс өзкізеді.
2005-2007 жылдар аяғында АҚ ҰК «ҚазМұнайГаз» және Корей Бірлестігі Жамбыл бөлімшесінде көмірсутегі шикізатына барлау жүргізу жобасының Келісім шартын және бірлескен ынтымақтастықтың құжаттарын дайындау жұмыстарын өткізді. Қазіргі уақытта Корей Бірлестігімен арадағы келісімсөз кезінде, Жамбыл жобасы бойынша бірлескен іс барысын реттеу және келешектегі үлес қосудағы жеңілдіктерге байланысты құжаттарды реттеу туралы келісім аяқталды.
2. «Сәтбаев» жобасы
2005 жылы 18 ақпанда өткізілген сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік, мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-үнді үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының шеңберінде Каспий теңізі шельфінде барлау және өндіру саласында «ҚазМұнайНаз» ҰК АҚ мен «ONGC Videsh Limited» үнді компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Осы Меморандум шеңберінде «ONGC Videsh Limited»-мен бірлескен зерделеу жөнінде жұмыстар жүргізілді және жұмыстың қорытындылары бойынша тараптар одан әрі бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін біршама перспективалы ретінде «Сәтбаев» учаскесі анықталды.
Сәтбаев чуаскесі жағалаудан 90 км ара қашықтықта КСКМ сотүстік бөлігінде орналасқан.
2009 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға мемлекеттік сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҮК АҚ мен «OMEL» үнді компаниясы арасында «Сәтбаев» жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойылған болатын, оған сәйкес тараптар «Сәтбаев» жобасын болашақта іске асырудың негізгі коммерциялық талаптары туралы уағдаласты.
Сонымен қатар, 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құзіретті орган – ҚР ЭМРМ-мен тікелей келіссөздер жүргізді, оның нәтижесінде ҚР ЭМРМ барлау және өндіру талаптарында «Сәтбаев» учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на беру туралы шешім қабылдады.
2010 жылғы маусымда жер қойнауын пайдалану құқығын алу жөнінде Құзыретті және мемлекеттік органдар жүргізген жұмыстардың нәтижесі бойынша ҚР МГМ мен ҚМГ арасында Сәтбаев учаскесінде барлау және өндіру жүргізуге келісімшарт (2010ж. 15 маусым № 3575) жасалды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сонымен қатар мәміле бойынша құжаттар пакетін келісу бойынша үнді тарапымен коммерциялық келіссөздер өткізуде, оған сәйкес «Сәтбаев» жобасындағы 25% үлесті үнді тарапына қайтып беру және жоба бойынша операциялық компания құру жөнінде жұмыс жоспарланады. Бұдан басқа, ҚМГ үнді тарапына қайта табыстау жоспарланған жер қойнауын пайдалану құқығының жоғарыда көрсетілген
25 % үлесінің құнын тәуелсіз бағалауды бастады.
3. «Дархан» жобасы
«Дархан» жобасы бойынша бірлескен ынтымақтастық осы жоба бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан бастап 2005 жылғы тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай ұлттық теңіз мұнай компаниясы және Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (CNOOC және CNPC) құрамында бар Қытай Консорциумы арасында басталды.
Жоғарыда айтылған Меморандум шеңберінде тараптар бірқатар келісімдерге қол қойған болатын, оған сәйкес тараптар одан әрі ынтымақтастық үшін «Дархан» учаскесінің перспективалылығын анықтау үшін геологиялық-геофизикалық деректерге бірлескен зерделеу жүргізді.
Жоғарыда айтылған Меморандум шеңберінде тараптар бірқатар келісімдерге қол қойған болатын, оған сәйкес тараптар одан әрі ынтымақтастық үшін «Дархан» учаскесінің перспективалылығын анықтау үшін геологиялық-геофизикалық деректерге бірлескен зерделеу жүргізді.
Мұнай-химия және мұнай өндіру саласындағы жобалар
1. «ПетроКазахстан Ойл Продактс» МӨЗ қайта құру және жаңғырту» жобасы
2009 жылы Honeywell-UOP (АҚШ) компаниясы жобаның ТЭН әзірледі.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» МӨЗ қайта құру және жаңғырту шеңберінде мұнай өңдеу бойынша жобалау қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру, ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту, 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеу, ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту жоспарланып отыр.
Құрылысты аяқтау мерзімі 2014 жыл.
Қазіргі кезде бұл жоба бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу кезеңіне өту рәсімі жүргізіліп жатыр.
2. «Павлодар МХЗ қайта құру және жаңғырту» жобасы
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Eni s.p.a» Итальян компаниясы арасында қол қойылған Қазақстан Республикасында мұнай-газ барлауға және өнеркәсіп инфрақұрылымы объектілеріне белгілі бір инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумның негізінде 2009 жылғы қазанда 2010-2014 жылдарға арналған «Павлодар МХЗ» АҚ-ны дамыту бағдарламасы әзірленді. Зауытты жаңғыртудың алдын ала ТЭН, егжей-тегжейлі ТЭН және бас жоспарын әзірлеу жүргізілуде.
Зауытты қайта құру және жаңғырту шеңберінде мұнай өңдеу бойынша жобалау қуатын жылына 7,5 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру, ақшыл түсті мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту, 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеу, ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту жоспарланып отыр.
Құрылысты аяқтау мерзімі 2014 жыл.
3. «Атырау МӨЗ-да хош иісті көмірсутегін өндіретін кешен салу» жобасы
Жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірленіп, ҚР Мемлекеттік сараптамасы мақұлдады. ТЭН және ЖСҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында орындалды. Құрылысқа арналып алаңдар дайындалды.
2009 жылғы 29 қазанда Sinopec Engineering (Қытай) стратегиялық әріптеспен «кілтпен тапсыру» талаптарымен құрылыс салуға келісімшартқа қол қойылды. Құрылысты бастап жөнінде ұйымдастыру іс-шаралары өткізілуде.
Жобаны іске асыру октаны жоғары автобензиндерді өндіру көлемін ұлғайтуға, бензин сапасын Еуро-3 стандарттары деңгейіне дейін жақсартуға және ҚР мұнай-химия өнеркәсібі үшін базалық мұнай-химия шикізаты ретінде бензол мен параксилолды өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Құрылысты аяқтау мерзімі 2013 жыл.
4. «Атырау МӨЗ-да мұнайды терең өңдейтін кешен салу» жобасы
Жобаның ТЭН әзірленіп, мемлекеттік сараптама мақұлдады (әзірлеуші «Axens» компаниясымен одақтасқан «Қазгипромұнайтасмалы» ЖК» ЖШС). Қоршаған ортаға әсер етуін алдын ала бағалау жөнінде қоғамдық тыңдау жүргізілді.
«Омскмұнайхимжоба» ААҚ жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде.
Жобаны іске асыру мұнайды өңдеу бойынша теңгерімделген қуаттылықты жылына 5,0 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға, ақшыл мұнай өнімдерін өндіруге, 86%-ға дейін мұнайды терең өңдеуге, ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Құрылысты аяқтау мерзімі 2014 жыл.
5. «Ақтау пластмасса массасы зауытында жол битумын өндіру» жобасы
Жобаны іске асыру жылына 420 мың тонна Қазақстанның климаттық талаптарына сәйкес келетін жол битумдарын өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
2009 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «SAT & Company» ЖШС-дан «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ-ның (бұдан әрі – KPI АҚ) 50% акциялар пакетін сатып алды, олардың активтеріне Ақтау пластмасса массасы зауыты кіреді.
2009 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «SAT & Company» ЖШС-дан «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ-ның (бұдан әрі – KPI АҚ) 50% акциялар пакетін сатып алды, олардың активтеріне Ақтау пластмасса массасы зауыты кіреді.
Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыруды және бас мердігерді таңдауды ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Құрылысты аяқтау мерзімі 2011 жыл.