«Қазақ мұнай және газ институты» инвестициялық жобасы
1. Керннің стандартты және арнайы зерттеулерін жүргізу үшін жабдықтарды сатып алумен қоса, петрофизикалық орталықты ұйымдастыру
Жоба мақсаты: кернді сақтау, зерттеу және жүйеге келтіру жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының қызметтерін көрсету. Осы орталықта жүргізілетін зертханалық зерттеулер әлемнің жетекші танымал орталықтарының технологияларымен жүргізіледі және кернді зерттеуге және сақтауға байланысты көптеген міндеттерді шешеді.
Іске асыру орны: Қазақстан, Атырау қ.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2007-2011 жылдар. Бүгінгі күні зертханалық кешенді әрлеу бойынша аяқтау жұмыстары жүргізіліп, кернді стандартты зерттеу жөніндегі зертханалық жабдықтардың монтажы жүргізілуде. Зертхана пайдалануға 2011 жылы беріледі.
«ТеңізСервис» ЖШС-ның инвестициялық жобалары
Іске асырылып жатқан жобалар
1. Металл конструкциялар зауытына арналған өндірістік алаңның құрылысы
Жоба мақсаты: Түпқараған шығанағының шығыс жағалауында металл конструкциялар зауытын орналастыруға арналған өндірістік алаңның қызметтерін көрсету. «McDermott Caspian Contractors, Inc.» компаниясының металл конструкциялар зауыты Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыстарын жүргізетін мұнай компанияларына жобалау, теңіз құбырларын дайындау және салу, кен орындарын игеру үшін жағалаулық құрылыстардың құрылысы, сондай-ақ суасты технологиялық жүйелерін салу сияқты жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсетуге арналады.
Іске асыру орны: Қазақстан, Маңғыстау облысы, Баутино кенті
Жобаны іске асыру мерзімі: Қазіргі кезде өндірістік алаңның құрылысы жүргізілуде, оны 2010 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.
2. Мұнайдың төгілуіне ден қоюдың Солтүстік Каспий экологиялық базасы
Жоба мақсаты: КТҚС-те теңіздік мұнай операцияларын жүргізу кезінде және мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі және аз тоннажды жүктерді ауыстырып тиеу жұмыстары жөніндегі мамандандырылған жағалаулық базаның қызметтерін көрсету. Мұнай операцияларын қолдаудың мамандандырылған Базасын құру келесі қызметтерді орналастыруға мүмкіндік береді:
- мұнайдың төгілуіне ден қою орталығы;
- теңіздік материалдық-техникалық қамту;
- мониторинг қызметі;
- экологиялық және метеорологиялық қадағалау қызметі.
Іске асыру орны: Қазақстан, Атырау облысы, Дамба к.
Жобаны іске асыру мерзімі: қазіргі кезде жобаның техникалық тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Жобаның іске асырылу мерзімі жобалық сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін нақтыланады.
Іске асырылған жобалар
1. Теңіз мұнай операцияларын қолдау базасының құрылысы
Жоба мақсаты: Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік және орталық бөліктерінде (1 және 2-аймақ) теңіз мұнай операцияларын жүргізіп жатқан компанияларға сервистік және стивидорлық қызметтерді көрсету.
База құрылыстың екі кезегінен тұрады және айлақ құрылыстарын, қойма бөлмелерін, құбыр өнімдерін, жүктерді қоймалау алаңдары, офистік ғимараттарды қамтиды.
- Айлақ құрылыстарының ұзындығы - 470 м;
- База айлағының жанындағы тереңдік 5-6 метрге шөгетін кемелерді қабылдауға мүмкіндік береді;
- Базаның жалпы алаңы – 13,85 га.
Іске асыру орны: Қазақстан, Маңғыстау облысы, Баутино к.
Ағымдағы мәртебе: Базаның құрылысы 2007 жылы аяқталды. Базаның негізгі клиенттері: «Caspi Meruerty Operating Company B.V.», «Еуразия Қайраң Бұрғылау Компаниясы», «BUE-Kazakhstan ltd.» компанияларына айлақ қызметтері, тиеу-түсіру қызметтері көрсетіледі, база аумағында алаңдар жалға беріледі және т.б.
2. Улы өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге арналған полигонның құрылысы
Жоба мақсаты: улы өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу және көму жөніндегі сервистік қызметтерді көрсету.
Полигон құрамы:
- Әкімшілік блок;
- Зертхана;
- Санитарлық техникалық блок;
- Бақылау-өткізу блогы;
- Қалдықтар салынған контейнерлерді уақытша орналастыру алаңы;
- Таза скиптерді, қораптарды орналастыруға арналған алаң;
- ІІІ және ІҮ қауіпсіздік сыныптарының улы қалдықтарын көмуге арналған карталар;
- Тоған- буландырғыш;
- Қоршау.
Іске асыру орны: Қазақстан, Маңғыстау облысы, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының Аташ кентінен батысқа қарай 10 километр жерде.
Ағымдағы мәртебе: Полигон 2005 жылдан бастап пайдалануға берілген, «Түпқараған» (2005 ж.), «Кұрманғазы» (2006ж.), «Жемчужина» (КМОК – 2007- 2008жж.), «Аташ» (2008ж.), «Кұрманғазы, Хазар-2» (2009ж.) кен орындарынан бұрғылау қалдықтары қабылданды.
3. Тасты тиеу-түсіру жөніндегі айлақтың құрылысы
Жоба мақсаты: Каспий теңізі қайраңындағы жасанды аралдардың құрылысына арналған тас жынысын тиеу-түсіру. Объект айлақ қабырғалары бар толқын бұзушысын, жинақтаудың екі алаңын (стокпайлдар), офистік ғимараттар мен жолды қамтиды.
Айлақ қуаты – айына 250 мың тонна тас жынысы.
Іске асыру орны: Қазақстан, Маңғыстау облысы, Баутино к.
Ағымдағы мәртебе: құрылыс 2003 жылы аяқталды. Каспий теңізінде жасанды аралдардың құрылысына «Аджип ККО» компаниясының тас жынысына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қызметтер кешені көрсетіледі, соның ішінде стокпайлдарда тастарды сақтау, тастарды стокпайлдан айлаққа тасымалдау және тастарды баржаға тиеу. Жыл сайын айлақтан шамамен 1,8 млн тонна тас жынысы түсіріледі.
4. Теңіз кемелеріне май құю станцияларының құрылысы (ТКМС)
Жоба мақсаты: Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз мұнай операцияларын жүргізетін компанияларға теңіз кемелері мен автоцистерналарға дизельдік отын құю жөніндегі қызметтерді көрсету. ТКМС әрқайсысы 5 000м3 дизельдік отынды сақтауға арналған 3 резервуардан, технологиялық құбырлар мен жабдықтардан, автожолдан, айлақтық қабырғасы бар (180 м.) толқын бұзушыдан (820 м.) тұрады. ТКМС-тың жалпы сыйымдылығы 15 000 м3 құрайды. Өндірістік қуаты – жылына 140 мың м3.
Іске асыру орны: Қазақстан, Маңғыстау облысы, Баутино к.
Ағымдағы мәртебе: ТКМС пайдалануға берілді, негізгі клиенттері : «Аджип ККО» мен «Caspi Meruerty Operating Company B.V.».
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ әуе кемелерінің паркін қайта жарақтау жөніндегі инвестициялық жобалар
1. Agusta Westland-139 екі тікұшағын сатып алу
Жоба мақсаты: теңіз операцияларына авиациялық қызмет көрсету нарығына шығу. Теңіз кәсіпшілігіне қызмет көрсету бойынша ықтимал клиенттердің талаптарына жауап беретін тіқұшақ паркін жаңғырту және теңіз операцияларына авиациялық қызмет көрсетуге келісім-шарттарды алу үшін қызметтердің белсенді маркетингі есебінен осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Іске асыру орны: Қазақстан, Атырау қ.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2007-2010 жж., зауыт-дайындаушымен келісім-шарт 2007 жылы жасалды, тікұшақтар Қазақстанға ағымдағы жылғы мамырдың басында әкелінді.
2. Бизнес класты ұшақтарды сатып алу (Challenger 850 және Challenger 870)
Жоба мақсаты: қазіргі бар әуе паркін жаңғырту және көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту.
Іске асыру орны: Қазақстан, Астана қ.
Жобаның іске асырылу мерзімі: зауыт-дайындаушымен келісім-шарт 2007 жылы жасалды, 2009 жылдың желтоқсанында ұшақтар Қазақстан Республикасына жеткізілді. Әуе кемелері пайдаланыла басталды.