Мұнайды теңізбен тасымалдау

2011 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының күшімен магистралды құбырлармен 67 млн. тонна және теңіз көлігімен 7,1 млн.тонна мұнай тасымалданды.

Бүгінгі таңда теңіз көліктерінің негізгі бағыты мыналар:

  • Ақтау-Баку (Каспий теңізі);
  • Ақтау-Махачкала (Каспий теңізі);
  • Қара теңіз кемежайынан маршруттар.

2010 жылы жалпы көлемі Ақтау айлағы арқылы асырылатын 9,5 млн. тоннадан 6 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданды (64%). 2010 жыл қорытындысы бойынша Қара теңізде «ҚазМортрансфлот» ҰТКК АҚ күшімен 1 млн.тоннадан астам мұнай тасымалданды.

Қазір «ҚазМортрансфлот» ҰТКК АҚ-та «Aframax» типіндегі танкерлерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнайын ашық теңізде өз күштерімен тасымалдауға мүмкіндік береді.


беттегі соңғы өзгерту: 28.09.11
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»