Ұзындығы 1510 км КҚК құбыры қазақстандық «Тенгиз» мұнай кен орнын және Қара теңіздегі «Оңтүстік Озереевка» мұнай терминалын (Новороссийск кемежайының маңында) қосады. Құбырды пайдалану сәтінен бастап (2001 ж) 265,8 млн. тонна тасымалданды, соның ішінде қазақстандық мұнай– 223,6 млн. тонна, 2010 ж. – 36 млн. тонна, соның 29,9 млн. тоннасы қазақстандық мұнай. 2011 жылғы І жартыжылдықта КҚК жүйесі бойынша мұнай тасымалының көлемі 17,5 млн. тоннаны, соның ішінде қазақстандық мұнай– 15 млн. тоннаны құрайды.
КҚК жобасының қатысушылары: РФ Үкіметі ( «Транснефть» АК» ААҚ) – 24%, ҚР Үкіметі («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ) – 19%, КТК «Компани» (РФ) -7%, өндіруші компаниялар: «Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани» - 15%, «Лукарко Б.В.» (ары қарай - Лукарко) – 12,5%, «Мобил Каспий Құбыр желісі Компаниясы» - 7,5%, «Роснефть-Шелл Каспиан Венчурс Лимитед» - 7,5%, «Эни Интернэшнл (Н.А.) Н.В. С.ар. л.» - 2%, «БГ Оверсиз Холдингс Лимитед» - 2%, «Қазақстан Пайплайн Венчурс КОО» (ары қарай – «ҚПВ») – 1,75% және «Орикс Каспиан Пайплайн Лтд.» - 1,75%.
Тенгиз және Қарашығанақ кен орындарында мұнай өндіру көлемін ұлғайту жағдайында және Қашаған кен орнын пайдалануға беруді жоспарлаудан бастап КҚК жобасының өзекті мәселелерінің бірі мұнай құбырының өткізу қабілетін ұлғайту болып табылады.
2010 жылғы 15 желтоқсанда КҚК акционерлерімен КҚК Жобасын кеңейту бойынша инвестиция туралы нақты шешім бір ауыздан қабылданды. Қабылданған шешім аясында Кеңейту жобасының қаржы-экономикалық және техникалық өлшемдері анықталды, оған өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері кіреді. Жоба КҚК мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 28,2 млн.т.-дан 67 млн.т-ға дейін ұлғайтуды қарастырады, соның ішінде қазақстандық учаскеде жылына 52,5 млн. тоннаны құрайды.
2011 жылғы 1 шілдеде Атырау қаласында Кеңейту жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын бастау салтанатты жағдайда өтті. Кеңейтуді 3 кезеңде өткізу жоспарлануда, сонымен жоба 2015 жылға қарай аяқталады.