Қазақстан Каспий тасымалдау жүйесі

Қазақстан Каспий тасымалдау жүйесіне (ҚКТЖ) «Ескене-Құрық» мұнай құбырының құрылысы және Транскаспий жүйесін құру кіреді (Құрық-Баку).

Транскаспийлік жүйе Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында орналасқан мұнай құю терминалдарынан, Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы мұнай құю терминалдары мен «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесіне дейінгі жалғағыш ғимараттардан құралатын болады. Мұнай құбырының өткізу қабілетін шегіне жеткізуді жылына 56 млн тоннамен кеңейтуді кезең-кезеңмен іске асыру қарастырылған. Жүйенің қуаты алғашқы кезеңдерде жүк жөнелтушілердің талаптарына сәйкес дамитын болады. Осы өлшем Қашаған кен орнының түзетілген жоспарына сәйкес өзгертілуі мүмкін. Транскаспийлік тасымалдаулар кезінде үлкен дедевейтті 60 мың тоннаға дейін танкерлер қолдану жоспарлануда.

Өз кезегінде Құрық айлағынан үлкен танкерлермен тасымалдауды ұйымдастыру жаңа көлік жүйесін құруды талап етеді, мұнда жүк тиеу қуаты (қоймалардың көлемі, біріктіретін/іске қосатын сорғылардың қуаты, кемені жағаға байлап шығаратын құралдарды қолдану ) көлік желісінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін шегіне дейін жеткізілген.

«Ескене - Құрық» мұнай құбыры

Бұл мұнай құбыры Ескенде (Атырау ауданында) орналасқан «Қашаған» кен орнынан келіп түсіп жатқан мұнайды әзірлеу зауытын Құрық айлағымен жалғауға арналған, аталмыш айлақта үлкен дедвейттік 60 мың тоннаға дейінгі танкерлерді қабылдауға арнап жаңадан мұнай құю терминалын салу жоспарлануда. Бұл ретте жобаланған мұнай құбырының жол арнасы қолданыстағы «Өзен-– Атырау – Самара» мұнай құбырымен бірге бір техникалық дәлізде өтетін болады, бұл құрылыс шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Жаңа құбырдың қуатын жүктеуге негіз болатын қашағандық мұнайдан басқа аталмыш бағытты өзге де мұнай компаниялары қолданатын болады.

Мұнай құбырының өткізу қабілетін шегіне жеткізу арқылы жылына 56 млн тоннамен кеңейтуді кезең-кезеңмен іске асыру қарастырылған. Жүйенің қуаты алғашқы кезеңдерде жүк жөнелтушілердің талаптарына сәйкес дамитын болады. Осы өлшем Қашаған кен орнының түзетілген жоспарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Аталмыш жобаны жүзеге асырумен бір мезгілде, 2006 жылдың маусым айында мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасынан мұнайды Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының жері арқылы «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесі бойынша халықаралық нарыққа тасымалдауды қолдау мен соған ықпал ету жөніндегі келісім-шартының ережелеріне жүгіне отырып, Транскаспийлік мұнай тасымалдау жүйесін құру жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады, аталмыш жұмысқа Әзірбайжанда ірі тоннаждық танкерлік флотты, сондай-ақ «Баку-Жейхан» мұнай құбырымен жалғауға дейін баратын тиісті қабылдау қуаттылықтарын құру шаралары жатады.

Сонымен қатар мұндай тасымалдау жүйесін құру ғаламдық энергетика саясатының тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық мұнай компанияларына түріктің Босфор және Дарданелла бұғаздарын айналып өтіп суы терең Жейхан айлағына шығуды қамтамасыз етумен жеткізудің жаңаша бағыттарын пайдалану мүмкіндігін береді, мұнысы айрықша маңызды болып табылады.

Мұндай перспектива өз кезегінде Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдері тәрізді қашық жатқан мұнай нарықтарына экономикалық тұрғыдан тиімді болып келетін қатынауға жол ашады.

Аталмыш бағыт бойынша ең алдымен «Қашаған» кен орнындағы, сондай-ақ Каспий қайраңы мен Батыс Қазақстанның өзге кен орындарындағы мұнайды жеткізіп отыру жоспарлануда.

Құрық айлағынан мұнай сондай-ақ өзге де бағыттар бойынша, соның ішінде Баку – Батуми мен Иранға жеткізіліп отыруы мүмкін.

ҚКТЖ жүйесі бойынша мұнайды Баку айлағына дейін және одан ары Әзірбайжан Республикасы экспорттық мұнай құбыры бойынша тасымалдау жоспарлануда.


беттегі соңғы өзгерту: 28.09.11
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»