Қазіргі уақытта шығыс экспортының бағыты белсенді дамып келеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қытай ұлттық мұнай корпорациясымен бірлесіп Қазақстан-Қытай мұнай құбырының құрылысы бойынша жұмыс жүргізуде, оны іске асыру Қазақстан Республикасының жекелеген мұнай құбырлары жүйесін қосуға мүмкіндік берді және Қытайдың нарығына көмірсутек шикізатын жеткізуге мүмкіндік берді. Алдымен Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының жобасы тәуелсіз Қазақстанның көмірсутек тасымалдау көп бағытты жүйесін құру саясатын іске асыру аясында мұнай тасымалы бағыттарын әртараптандыруға бағытталған.
Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысы екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңде Қазақстан Републикасы Үкіметі және Қытай Халық Республикасы арасындағы мұнай және газ аласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы Шекті келісімге сәйкес жүргізілген Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры жобасы іске асырылады (Пекин қ., 2004 жылғы 17 мамыр).
«Қаз ТрансОйл» АҚ және Қытай мұнай және газды барлау және өңдеу ұлтық корпорациясы мұнай құбырын салу мақсатында «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС құрды.
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының жол арнасының ұзындығы 962 км. Құбырдың ұзындығы– 813 мм. Бірінші кезеңде өткізу қабілеті жылына 10 млн. тоннадан алдағы уақытта 20 млн. тоннаға дейін кеңейтіледі. Мұнай құбырының жол арнасы үш облыстың аумағы арқылы өтеді: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматыдан бастап ҚХР аумағындағы Алашанькоудың соғы пуктіне дейін. Жобаны қаржыландыру қытайлық тараптың кепілдігімен қарыз беру жолымен іске асырылады. Алғашқы кешен 2006 жылғы шілдеде іске қосылды, құрылысы 2008 жылы толық аяқталды.
2010 жылы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырымен 10,1 млн. мұнай тасымалданды, 2011 жылғы І жартыжылдықта жоспарланған 5,5 млн. тонна мұнайдың орнына 5,8 млн. т. тасымалданды.
Өткізу қабілеті жылына 10 млн тонна Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбыры құрылысының жобасы Қазақстан-Қытай жобасының 2 кезеңі болып табылады және Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорацисы және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасындағы 2006 жылғы 20 желтоқсандағы келісімге сәйкес қытайлықтар тарапынан КҚК ЖШС күшімен іске асрылады.
Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбыры жалпы ұзындығы 794 км, диаметрі 813 мм, Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумағымен өтеді. Мұнай құбырының бірінші кезектегі өткізу қабілеті жылына 10 млн. тоннаны құрайды, жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайту қарастырылған. Жобаны қаржыландыру қытайлық тараптың кепілдендіруімен қарыз беру жолымен жүзеге асырылған болатын. 2009 жылғы қазанда іске қосу кешені пайдалануға берілді, 2010 жылғы желтоқсанда Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбырының бірінші кезектегі құрылыс жобасы толығымен аяқталды.
Екінші кезекті іске асыру аясында жобаның толық қуатына қол жеткізу көзделуде.
Қол жеткізілген келісімдер аясында 2010 жылы Атасу – Алашанькоу МЖБ 11 құрылысы басталды. Құрылысты аяқтау 2011 жылғы қыркүйекке жоспарланған. МЖБ 11 пайдалануға беру мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 12 млн.т. ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры пайдалануға берілген сәттен бастап 30,8 млн.т мұнай тасымалданды.