«Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясы -100%
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы – «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясының (ары қарай - BIHL) 100% акциялар пакетін 2008 жылғы ақпанда сатып алды. BIHL – Батуми мұнай терминалымен қоса Грузиядағы бірқатар стратегиялық активтерге ие. Сондай-ақ, BIHL 49 жылға Батуми теңіз айлағын эксклюзивті басқару құқығына ие.
Батуми мұнай терминалы каспийлік мұнайды экспортқа тасымалдау кезінде пайдаланылатын теңіз пункті болып табылады. Сондай-ақ ММТ сұйылтылған мұнай газын асыру бойынша Қара теңіздің кавказдық жағалауындағы жалғыз терминалы болып табылады.
Батуми теңіз айлағы Грузияның батысында Қара теңіздің жағалауында орналасқан және теңіз, теміржол, автомобильдік және құбыр түріндегі көлік түрлерін біріктіретін көлік желісі блып табылады.
2011 жылы мұнай және мұнай өнімдерін асыру көлемі 2010 жылы 15,4 млн. тоннаны құрады.
Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ және негізгі өндірістік активтер арасындағы басқарудың аралық деңгейін қысқарту мақсатында BIHL компания топтары құрылымын оңтайландыру, сондай-ақ BIHL топтарының өндірістік емес компанияларын тарату жүргізілуде.
BIHL компания топтарын құрылымын қайта құру бойынша іс-шаралар «Deloitte» консалтингтік компаниясымен әзірленген Қайта құру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
BIHL құрылымын оңтайландыру басталғалы бері «Black Sea Maritime Ltd» және «Caucasus Maritime Ltd» компаниялары таратылды. «Alegratrans Overseas Ltd» және «Petrotrans Ltd» компанияларын біріктіру бойынша іс-шаралар аяқталды, сондай-ақ «Batumi Port Holdings Ltd» және «Petrotrans Ltd» компаниялары біріктірілді. «Batumi Port Holdings Ltd» компаниясынан Айлақтың 100% акциялар пакетін басқару құқығы Терминалға берілді.
BIHL компания топтары құрылымын қайта құру 2013 жылы аяқталады деп жоспарлануда.