Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан тасымалдау жүйесі

2010 жылға қарсы Қазақстан мен Әзірбайжанның жағалауларын біріктіріп жатқан жеңіл қашаған мұнайының сапасын сақтап қалуға мүмкіндік беретін мүлде жаңаша тасымалдау жүйесін құру қажет.
2006 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев және Әзірбайжан Республикасының Президенті И. Әлиев Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасының мұнайын Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының жері арқылы «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесі бойынша халықаралық нарыққа тасымалдау ісіне ықпал ету және соған қолдау көрсету жөніндегі келісімшартқа қол қойды.

Келісімшарттың мақсаты – Құрық-Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты бойынша Шығыс-батыс энергетикалық дәлізі арқылы қазақстандық мұнайдың барған сайын артып келе жатқан көлемін Жерорта теңізіне тасымалдауға арнап жағдайлар тудыру.

Келісімшарттың реттеу нысандарына Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы мұнай ағызып алу/құю терминалдары, жобаның танкерлері мен кемелері, Каспий теңізінің Әзірбайжан жағалауындағы мұнай ағызып алу/құю терминалдары және Баку-Тбилиси-Жейхан жүйесіне дейінгі жалғастырғыш құрылыстар жатады.

Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлістіру жөніндегі келісімге қатысушылардың мәлімдемелеріне сәйкес 2010 жылға қарсы Қазақстан мен Әзірбайжанның жағалауларын біріктіріп жатқан жеңіл қашаған мұнайының сапасын сақтап қалуға мүмкіндік беретін мүлде жаңаша тасымалдау жүйесін құру қажет. Жаңа транскаспийлік жүйе бастапқы кезеңде 5 млн. тонна мұнай тасымалын қамтамасыз етуі тиіс, артынша бұл көрсеткіш жылына 38 млн. тоннаға дейін артпақ.

Келісімшартта транскаспийлік жүйе шеңберінде теңіз тасымалдауларын уәкілетті тараптардың кемелік компанияларының Тараптардың мемлекеттерінің туларының астында бірлесіп жүзеге асыруы, келісімделген халықаралық ортақ стандарттарды қолдану ескерілген.

Айта кететіні, Құрық айлағынан үлкен танкерлермен тасымалдауларды ұйымдастыру өзіндегі жүктемелік қуаттылықтар (қоймалардың көлемі, ағызып алу/құю сорғыларының қуаттылығы, шығарылмалы жағаға аялдау құрылғылары) тасымалдау желісінің толассыз түрде әрекет етуіне арнап барынша бейімделетін мүлде жаңаша тасымалдау жүйесін құруға негіз болады.

Транскаспийлік жүйені құрудағы тағы бір қадам ретінде Қазақстан мен Әзірбайжан Үкіметтерінің инвесторлармен келісім жасасуы болмақ, бұл Келісімшартта ескерілген.


беттегі соңғы өзгерту: 28.09.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»