Мұнай тасымалдау

2010 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының күшімен магистралды құбырлармен 65 млн. тонна және теңіз көлігімен 7,1 млн.тонна мұнай тасымалданды.

Магистралы мұнай құбырымен мұнай тасымалы «ҚазТранс Ойл» АҚ жүйесі бойынша еншілес ұйымдармен іске асырылады (жалпы ұзындығы 5323 км). Теңіз көлігімен мұнай тасымалдау «Қазмортрансфлот» ҰТКК еншілес ұйымымен іске асырылады (Каспий теңізінде 12 000-13 000 тонна тасымалдайтын 6 танкер, сондай-ақ Қара теңізде «Aframax» типті кемелермен қорғалған).

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Каспий құбыр желісі консорциумында 20,75%, соның ішінде ҚР Үкіметі -19% және ҚПВ -1,7% көлемде акционерлік капиталға ие.

Бүгінгі таңда қазақстандық мұнайдың негізгі тасымал бағыты мыналар:

  • Атырау-Самара құбыры ( «ҚазТрансОйл» АҚ - 100%);
  • КҚК құбыры ( «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-20,75%);
  • Атасу-Алашанькоу құбыры ( «ҚазТрансОйл» АҚ-50%);
  • Ақтау теңіз терминалы.

Қазақстандық мұнайдың көп бөлігі 2010 жылы КҚК құбырымен 29,9 млн. тонна экспортталды және Атырау-Самара құбырымен 15,3 млн. тонн тасымалданды. Қытай бағытында– 10,1 млн.тонна тасымалданды. Теңіз көлігімен 9,3 млн.тонна тасымалданды, теміржолмен 6 млн.тонна жөнелтілді.



беттегі соңғы өзгерту: 28.09.11
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»