Қазақстан-Қытай магистралдық газ құбырының бірінші бөлімін салу жобасы
ҚР және ҚХР Үкіметтері арасындағы 18.08.07 жылғы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісім және 08.11.07 жылғы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ корпорациясының арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудың негізгі ұстанымдары туралы Келісім, сонымен бірге ТЭН және ЖСҚ жобаны іске асырудың негізі болып табылады.
Газ құбыры диаметрі 1067 мм., ұзындығы 1300 шақырым болатын 2 желіден тұрады.
Жобаның құны – 7,5 млрд.$
Іске асыру кезеңі:
1-кезек – 2008-2009 жылдар (қуаттылығы жылына 4,5 млрд.текше м.)
2-кезек – 2010-2012 жылдар (қуаттылығы жылына 30 млрд.текше м., келесі жылдары жылына 40 млрд.текше м. дейін артады).
2009 жылғы 12 желтоқсанда газ құбыры бірінші бөлімінің алғашқы желісі пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта газ құбыры бірінші бөлімі екінші желісінің құрылысы жалғасуда, ол 2010 жылғы шілдеде пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Қазақстан – Қытай (Бейнеу-Шымкент) магистралдық газ құбырының екінші бөлімін салу жобасы
Елімізді импортты газға тәуелді болудан құтқару және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін республикамыздың оңтүстік өңірлерін қажетті газбен тұрақты қамтамасыз ету мақсатындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2008 ж. 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы жобаны іске асырудың негізі болып табылады.
Іске асыру кезеңі:
1-кезек – 2010-2013 жылдар (қуаттылығы жылына 5 млрд.текше м.)
2-кезек – 2014-2019 жылдар (қуаттылығы жылына 10 млрд.текше м).
Газ құбырының ұзындығы - 1487 шақырым, диаметрі - 1016 мм.
Қазіргі уақытта ТЭН және ЖСҚ (Жоба кезеңі) әзірленіп, «Мемлекеттік сараптама» РМК-дан оң шешім алынды.
Жоба құны ЖСҚ-ға сәйкес (Жоба кезеңі) – 347,8 млрд.теңге.
Қазіргі уақытта «КИНГ» АҚ және CPPEI жобалау институттарының Консорциумы ТЭН және ЖСҚ жобаларына түзету жұмыстарын аяқтауда.
Каспий маңы газ құбырын салу жобасы
Көлік қуаттылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркіменстан Президенттерінің 2007 жылғы 12 мамырдағы Біріккен декларациясын орындау мақсатында 2007 жылғы 20 желтоқсанда Мәскеу қ. Қазақстан Республикасы Үкіметі, Ресей Федерациясы Үкіметі және Түркіменстан Үкіметінің арасында Каспий маңы газ құбырын салу үшін бірлесіп қызмет ету туралы Келісімге қол қойылды.
Тараптар Келісімге сәйкес «Белек» сығымдағыш станциясынан (Түркіменстан) «Александров Гай» газөлшеуіш (Ресей) станциясына дейін Түркіменстан, Қазақстан және Ресей аумағы бойынша түркімен мен қазақстандық табиғи газды тасымалдау үшін жұмыс істеп тұрған «Окарем-Бейнеу» және «Орта Азия - Орталық» газ құбырларын қайта жаңартуды есепке алғанда Каспий маңы газ құбырын салу жобасын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Осы Келісім Қазақстан Республикасында 2009 жылғы 14 мамырда бекітілді және 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
2008 жылғы 11 қыркүйекте Ашхабад қ. жобаны іске асыру мақсатында Каспий маңы газ құбырын салу үшін бірлесіп қызмет етудің негізгі ұстанымдары туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Газпром» ААҚ және «Түркіменгаз» МК арасында Келісімге қол қойылды.
Ұзындығы 1 217 шақырым болатын осы газ құбыры арқылы Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жыл сайын қазақстандық газды ішкі нарыққа және түркімен газын жиынтығы 20 млрд.текше м. дейін көлемде транзиттеуге, соның ішінде қазақстандық газды 10 млрд.текше м. дейін және түркімен газын 10 млрд.текше м. дейін өткізуді қамтамасыз ете алады.
Жыл сайын түркімен газын 10,0 млрд.текше метрден 30,0 млрд.текше метрге дейін өткізуді арттыру туралы түркімен жағының ұсыныстарын енгізуге байланысты Каспий маңы газ құбырын салу жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асыру жөніндегі Үйлестіру комитетінің бірінші отырысында түркімен газын Бейнеу СС-ға (ҚР) дейін – жылына 30 млрд.текше м., түркімен мен қазақстандық газды Бейнеу СС-дан (ҚР) Алгай СС-ға (Ресей) дейін жылына 40 млрд.текше м. дейін Жоба бойынша жоғары деңгейде өткізу қабілеті негізгі аталған деректер ретінде бекітілді.
Тараптар 2007 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі, Ресей Федерациясы Үкіметі және Түркіменстан Үкіметінің арасындағы Каспий маңы газ құбырын салу үшін бірлесіп қызмет ету туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Каспий маңы газ құбырының өткізу қабілетін жылына 20-дан 40 млрд.текше м. дейін арттыру жөнінде) Хаттама жобасымен келісті (бұдан әрі – Хаттама жобасы).
Қазіргі уақытта Хаттама жобасы ҚР-ның мемлекеттік органдарынан келісімнің барлық рәсімдерінен өтті және ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық арналары бойынша ресей мен түркімен тараптарына келісімге жіберілді.
Жаңа газ құбырының оңтайлы параметрлері (газ құбырының құны, қысымы, диаметрі) Тараптардың ТЭН-дерін жинақтайтын ҚР аумағы бойынша ТЭН-нің өткізу гидравликалық есебінің нәтижелері бойынша анықталатын болады.