«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы №1239 қаулысымен құрылды.
Мұнайды теңіз көліктерімен тасымалдауды 12-13 мың тонна дедевитті 6 танкерден және 13 теңіз операцияларын қолдау флот бірліктерінен тұратын жекеменшік теңіз флоттары іске асырады: яғни Каспий теңізінің Қазақстандық секторында жасанды аралдарды салу үшін қажетті құм, тас-топырақ сияқты құрылыс материалдарын теңіз жолы арқылы су көліктерімен жеткізіп береді, 5 тартқыш және 8 баржа қызмет көрсетуде.
Қызметтің бағыты
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» басты қызметі:
- жүктердің барлық түрлерінің, мұнай мен мұнай өнімдерінің, басты жүктер, контейнерлер, жолаушылар тасымалы;
- құрылыс, пайдалану, жөндеу, кемелердің, баржалардың, жүзбелі доктар және солар тәрізді бүкіл түрлерінің сатып алынуы, делдалдық қызмет көрсету;
- жалдауға беру (кеме жалдау, экипажсыз кеме жалдауды қоса алғанда), сондай-ақ кемелер лизингі;
- қоймалардың, мұздататын қондырғылардың, жүк түсіретін жағажайлық және басқа да жабдықтардың құрылысы, оларды пайдалану және барлық түрлерін сатып алу;
- кеме жасау орнын салу (кеме жөндейтін базалар), кеме жөндейтін құрылымды құру;
- теңіздік агенттеу;
- экспедиторлық және стивидорлық қызметтер.
Тасымал көлемі 2010 жылы 7,1 млн.тоннаны құрады, 2011 жылғы жоспар 10,2 млн. тоннаны құрайды.
Инвестициялық жобалар
1. Қара, Жерорта және Балтық теңіздеріндегі Aframax типіндегі екі мұнай құю танкерлерінің құрылысы/сатып алу және оларды пайдалану
Жобаның мақсаты: Қоғамның географиялық қызметін Aframax типіндегі мұнай құю танкерлерінің құрылысы/сатып алу арқылы Қара, Жерорта және Балтық ашық теңіздерінде қазақстандық көмірсутек шикізатының танкерлік тасымалын ұйымдастыру және іске асыру жолымен кеңейту.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2011 жыл
Жобаның құны: 111 млн. АҚШ доллары
2. Теңіз операцияларын қолдау флот кемелерінің жаңа серияларының құрылысы/сатып алу және оларды пайдалану
Жобаның мақсаты: Каспий теңізінің Қазақстандық секторында жасанды аралдарды салу үшін қажетті құм, тас-топырақ сияқты құрылыс материалдарын тасымалдау бойынша үздіксіз жұмысты іске асыру
Жобаны іске асыру мерзімі: 2014 ж.
Жобаның құны: 55 млн. АҚШ доллары
Байланыстық ақпарат:
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы,
130000, Ақтау қаласы, 13-шағын аудан, 55 ғимарат, Бизнес орталық .
«Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы
тел.: +7 (7292) 535-890
факс: +7 (7292) 535-888
Толығырақ мәлімет алу үшін www.kmtf.kz сайтына кіруді ұсынамыз.