«ҚазТрансОйл» АҚ

Компания мұнайдың экспортқа, сондай-ақ Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдануын жүзеге асырады.

logo_kaztransoil.jpg«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды.

Компания мұнайдың экспортқа, сондай-ақ Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдануын жүзеге асырады. Тармақты мұнай құбыры желісіне ие, мұнайдың экспортқа, сондай-ақ Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдануын жүзеге асырады.

Деректі түрде мұнай тасымалының көлемі 2010 жылы– 65 825 мың тонна. Мұнай тасмалының 2011 жылға болжанған көлемі– 64 205 мың тонна.

Еншілес және бірлесіп басқарылатын компаниялар:

  • «МұнайТас» СБҚК» АҚ; (51%)
  • «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС; (50%)
  • «ҚазТрансОйл - Сервис» АҚ;(100%)
  • «Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ;(0,9%)
  • «Batumi Industrial Holdings Limited».(100%)

«ҚазТрансОйл» АҚ құрамына төрт филиал кіреді:

  • Батыс (Атырау қ.);
  • Шығыс (Павлодар қ.);
  • Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы (Астана қ.);
  • Ғылыми-техникалық орталық (Алматы қ.).

«ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзындығы 5300 км болатын негізгі магистралді мұнай құбырларына ие:

  • Өзен – Атырау – Самара (Ресей Федерациясының шекарасына дейін (1 237,4 км))
  • Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау
  • Өзен – Жетібай – Ақтау
  • Жаңажол – Кенқияқ – Орск
  • Омск – Павлодар (Ресей Федерациясы шекарасынан (214,7 км) «Павлодар» ММӨС дейін (437,3 км) )
  • Павлодар – Шымкент
  • Шымкент – Чарджоу (Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін (294,5 км)
  • Құмкөл – Қарақойын
  • Кенқияқ-Атырау («МұнайТас» СБҚК» АҚ;)
  • Кенқияқ-Құмкөл («Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС)
  • Атасу-Алашанькоу («Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС)

Байланыстық ақпарат:

010000 Қазақстан Республикасы,
Астана, Қабанбай батыр көшесі, 19, Блок «Б»
Телефон +7 (7172) 555 145; 555 000
Факс +7 (7172) 555 148

Толығырақ мәлімет алу үшін www.kaztransoil.kz сайтына кіруді ұсынамыз.



беттегі соңғы өзгерту: 28.09.11
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»