Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің өзге бағыттары

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дамыту стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылады.

2010 жылы ҚМГ ЕТҰ Қазақстан Республикасының Құзыретті органдары бекіткен ілеспе мұнай газын пайдаға асыру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі үлкен жұмыс жүргізді. ҚМГ ЕТҰ көпшілігінде ілеспе мұнай газын пайдаға асыру бағдарламалары аяқталды.

Бағдарламаны 2011 жылдың аяғына іске асыру ҚМГ ЕТҰ кен орындарында өндірілетін ілеспе мұнай газын толық пайдаға асыруға және газды жалында өртеуді тоқтатуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, өртеу үшін айыппұлдарды жоюға ғана емес, тауар өнімін сатудан қосымша пайда түсіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда көмірсутектерді өндіру көлемін арттырудың негізгі перспективалары Каспий теңізінің шельфін игерумен байланыстырылатындығын ескере отырып, ҚМГ ықтимал техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың инфрақұрылымын құру жөніндегі белсенді жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына және Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (ІІ-кезең) сәйкес ҚМГ Атырау облысында Солтүстік Каспий мұнай төгілулеріне ден қоюдың экологиялық базасын (СКТДБ) салу жобасын іске асырып жатыр. Бұл жоба ҚМГ басым инвестициялық жобаларының тізбесі енгізілді.

СКТДБ теңіздік кен орындарын өңдеу кезінде болуы мүмкін мұнай төгілулеріне ден қою, экологиялық және метерологиялық мониторинг жүргізу, жануарлар әлемін оңалту орталығы болады.

Жобаның мақсаты – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мұнай төгілулеріне шұғыл ден қою жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылады.

СКТДБ құрамына инфрақұрылымның мынадай негізгі объектілері: айлақ және арқандап байлау бассейні, апаттық мұнай төгілулерін жоюға (АМТЖ) арналған жабдықты сақтауға арналған ғимарат, әуе жастығындағы кемелерге (ӘЖК) қызмет көрсету жөніндегі ғимараттар мен құрылыстарды, жануарлар әлемін оңалту орталығының ғимараты, экологиялық және метеорологиялық мониторинг орталығының ғимараты, қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, тікұшақ алаңшасы кіретін болады.

СКТДБ негізгі мақсаты – Жайық өзенінің сағасын және Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағасы бойындағы қамыс қопаларын қорғау болып табылады.

Бүгінгі күнде парниктік газдардың шығарындылары едәуір өсуіне байланысты жаһандық климаттың өзгеруі – маңызды экологиялық мәселелердің бірі екендігі белгілі.

2010 жылы ҚМГ Киото хаттамаларының икемді экономикалық тетіктерін пайдалануға негізделген парниктік газдардың шығарындыларын басқарудың корпоративтік жүйесін әзірледі.

Сонымен қатар, 2010 жылы ҚМГ энергиялық тиімділігінің корпоративтік бағдарламасы, энергия және ресурс үнемдеу және таза технологиялар мен жабдықты енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Парниктік газдардың шығарындыларын басқарудың корпоративтік жүйесін және Энергия үнемдеу бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыстардың шеңберінде ҚМГ шетел әріптестермен бірлесіп, «көміртекті» тетіктерді пайдалана отырып, парниктік газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі нақты жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарап жатыр. Сөз газ тасымалдау және мұнай өңдеу саласында ілеспе газды пайдаға асыру жобалары туралы болып отыр. Осындай парниктік газдардың эмиссияларын қысқартудың сертификатталған көлемдерін сыртқы нарықта сату есебінен құрамы көміртекті жобаларды іске асыру қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Белгіленген басымдықтардың негізінде ҚМГ өзінің күшін мынадай стратегиялық міндеттерді шешуге бағыттайды:

  • Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарын түзете отырып және жаңа кәсіпорындарды енгізе отырып, Компанияның 2006-2015 жылдарға арналған кешенді экологиялық бағдарламасын іске асыру.
  • Аэроғарыштық экологиялық мониторинг пен экологиялық деректердің ақпараттық базасын өзектендіруді жүргізу.
  • Корпоративтік энергиялық тиімділік бағдарламасы шеңберінде энергия және ресурс үнемдеу, экологиялық таза технологиялар мен жабдықты енгізу жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыру.
  • Киото хаттамасының тетіктерін пайдалана отырып, парниктік газдардың шығарындыларын басқарудың корпоративтік жүйесін дамыту және Компанияның Көміртекті қорын құру.
  • Теңіз мұнай операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұнай төгілулеріне ден қою және олардың салдарларын жою жөніндегі мамандандырылған ұйым құру.

беттегі соңғы өзгерту: 23.12.11
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»