«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - бұл біздің қоғамның дамуына ерекше үлес қосатын әлеуметтік-жауапты компания.
Құрметті жоғары білім беру орындарының студенттері және кәсіби-техникалық лицейлер мен колледждердің мұғалімдері!
Сафи Өтебаев атындағы стипендия мен грант беру конкурсына қатысуға шақырамыз!
Сафи Өтебаев (1909-2007 жж.)
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі саласын ұйымдастырушылардың бірі;
Құлсары, Комсомол, Прорва, Кеңқияқ, Қаратон, Мұнайлы, Жетібай мұнай кен орындарын алғашқы ашушылардың бірі;
ҚазССР ғылым және техникаға еңбегі сіңген қайраткері;
КСРО құрметті мұнайшысы.
Биография:
1909 – Атырау облысының Қызылқоға ауданының Қарабау селосында дүниеге келген;
1935 – Бакудың мұнай институтын тәмамдаған;
1936-1945 – Мақаттағы бұрғылау цехының бастығы, «Ембімұнай» тресінің бас инженері, Мақат, Байшонас, Құлсары, Комсомольск МКБ-ң бастығы қызметтерін атқарды;
1945-1951 гг. – Жылыой аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы;
1951-1957 гг. – «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы;
1957-1962 гг. – Гурьев халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы;
1962-1965 гг. – Батыс Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы;
1965-1971 гг. – директор объединений «Казахстаннефть» и «Мангышлакнефть»;
1971-1980 гг. – ҚазССР Мемжоспар ғылыми-зерттеу техникалық ақпарат институты (ҚазМҒЗТАИ) директорының орынбасары;
Ленин ордені, «Құрмет белгісі» (1942 ж.), II дәрежелі «Отан соғысы» (1946 ж.), «Еңбек Қызыл Туы» (1966 ж.), «Октябрь Революциясы» (1971 ж.), «Отан» (1999 ж.), II дәрежелі «Барыс» (2004 ж.) ордендерімен марапатталды.
Қазақстан мұнайының 110-жылдығын мерекелеуге байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Сафи Өтебаев атындағы стипендияға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қазақстандық жоғары оқу орындарының мына мамандықтар бойынша оқитын 2-4 курс студенттері қатыса алады:
050608 Экология;
050702 Автоматтандыру және басқару;
050706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау;
050708 Мұнай-газ ісі;
050715 Теңіз техникасы және технологиясы;
050721 Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
050731 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
Таңдау критерийлері:
GPA деңгейі 3,5 баллдан төмен емес;
кәсіби қауымдастықтардағы мүшелік;
ғылыми конференцияларға қатысу;
жарияланымдардың болуы.
Сафи Өтебаев атындағы грант Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы арнайы орта оқу орындарында (колледждер, кәсіби лицейлер) мұнай-газ және техникалық пәндердің ұстаздарына беріледі.
Конкурсқа ғылыми-педагогикалық жоғары жетістіктерге қол жеткізген және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болған штаттағы оқытушылар қатыса алады.
Оқытушылар қызметінің бағасы сапалы және сандық көрсеткіштер ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Үйлестіруші:
Мұсабекова Кұралай Өмір-Ұзаққызы
Астана қаласы, тел.: +7 (7172) 79-01-82 begin_of_the_skype_highlighting+7 (7172) 79-01-82end_of_the_skype_highlighting
e-mail: k.mussabekova@kazenergy.com
Студенттер мен оқытушыларды тіркеу үшін анкета KazEnergy қауымдастығының www.kazenergy.com сайтында 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап орналастырылады.