2009 жылға арналған корпоративті әлеуметтік бағдарламаларға шолу

2009 жылы «ҚазМұнайГаздың» әлеуметтік саясаты қазақстан мұнайының 110-жылдығы аясында өтті.

Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік қызмет

2009 жылы демеушілік (қайырымдылық) көмек Компанияның әлеуметтік жауапкершілік саласындағы басымдықтарын ескере отырып жасалды. «ҚазМұнайГаз» жыл сайын әлеуметтік салаға және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына айтарлықтай сома жібереді. 2009 жылы «ҚазМұнайГаздың» әлеуметтік саясаты қазақстан мұнайының 110-жылдығы аясында өтті.

Қазақстан мұнайының 110-жылдығына орай «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы 2009 жылы еліміздің басты мұнай-газ өндіру аймақтары – Атырау мен Маңғыстау облыстарында бірқатар шаралар өткізді:

  • Құлсары қаласында Рахмет Өтесінов атындағы спорт-сауықтыру кешені ашылды;
  • мұнайшы ардагерлерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді;
  • мұнай-газ саласындағы инженер-техникалық мамандықты таңдаған үздік студенттерге Сафи Өтебаев атындағы атаулы шәкіртақы берілді;
  • ғылымның өндіріспен өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету және мұнай-газ саласының көкейтесті мәселелерін шешу мақсатында «Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті;
  • өзге де әлеуметтік іс-әрекеттер жүзеге асырылды.

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау аясында «ҚазМұнайГаз» «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі арқылы соғыс және еңбек майданынының ардагерлеріне, «Мұнайшы» қоғамдық қоры арқылы мұнай-газ саласының ардагерлері - еңбегі сіңген қызметкерлеріне үнемі қаржылық көмек көрсетіп тұрады.

Ұлттық компания мүгедектерге, зейнеткерлерге, тұрмыс деңгейі төмен азаматтарға, жетім балаларға және т.б. атаулы көмек көрсетеді. Сондай-ақ, «Светоч» жетім сәбилер баспанасы (Астана қаласы), «Ақ бота» балалар үйі (Атырау қаласы), мүгедектер мен зағиптер қоғамы (Атырау қаласы), «SOS Қазақстанның балалар панасы» бірлескен қоры, Жаңаөзен қаласының мүгедек балалары мен жетімдері, «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы (Алматы қаласы), «Шырақ» мүгедек қоғамдық қоры (Орал қаласы), «Бөбек» қоғамдық қоры (Алматы қаласы), «ЖАРЫЛҚАУ» тұрғындарды әлеуметтік қорғау және қолдау жөніндегі қоғамдық қор (Жаңаөзен қаласы) және тағы басқа қайырымдылық қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар тұрақты түрде көмек алып тұрады.

2009 жылы жазда «Сұңкар» сауықтыру кешенінде 7 жастан 14 жасқа дейінгі 1200-ден астам бала демалды, оның ішінде «Жасұлан» мектебінің, Зеренді кентіндегі мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері бар. Жазғы семестрдің соңында балалар үшін қазақстан мұнайының 110 жылдығына арналған спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Балалардың «Сұңкар» сауықтыру кешенінде болуының негізгі мақсаты – спортпен шұғылданып, көңілді демалуының нәтижесінде олардың денсаулықтарын нығайту және жеткіншектердің қоршаған ортаны тануы мен зерттеуіне жағдай жасау. Ұстаздар балаларды Отан сүйгіштік, патриоттық сезімге баулып, аға буынды құрметтеуге тәрбиелеу бойынша ауқымды тәрбиелік жұмыстар жүргізеді.

Әлеуметті серіктестікті дамыту саласында «ҚазМұнайГаз» аймақтардың әлеуметтік серіктестік шараларына, бірлескен жобаларына және бағдарламаларына белсенді ат салысып келеді, әкімшілік орталықтардың қазіргі инженерлік-транспорттық инфрақұрылымын құруға ықпал етеді. Ұлттық компания Еуразиялық Энергетикалық Форумды, VIII Еуразиялық Медиа Форумды, II Астаналық Экономикалық Форумды, Азия елдерінің саяси партияларының халықаралық конференциясының V Бас Ассамблеясын, сондай ақ еліміздің беделі мен абыройын халықаралық алаңда бекітуге бағытталған республикалық деңгейдегі басқа да маңызды шараларды өткізуге демеушілік көмек көрсеткен болатын.

Мәдениет пен өнерді қолдау мақсатында «ҚазМұнайГаз» жыл сайын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жобаларды жүзеге асырып отырады. Балалар шығармашылығын қолдауға аса ден қойылған. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Қазақстандық орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатқа тұрақты көмек көрсетіледі.

2009 жылы қазақстан мұнайының 110-жылдығына арналған «Қалам қуаты» республикалық журналистік шеберлік байқауы болып өтті, байқау отандық журналистердің шығармашылық белсенділігін арттыруды; мұнай-газ өнеркәсібінің даму кезеңі туралы, бұл саладағы көпшілікке беймәлім оқиғалар жайлы, мұнай-газ саласындағы проблемалар және оларды шешу амалдары туралы, салаға еңбегі сіңген ардагерлер жайлы толық, жан-жақты, объективті ақпараттың тарауына септігін тигізуді көздейді.

Ұлттық компания спортты дамыту мен қолдауға және салауатты өмір салтын қалыптстыруға үлкен көңіл бөледі, жыл сайын Қазақстан Республикасының әуесқойлық бокс Федерациясына, Қазақстан Республикасының футбол федерациясына, Қазақстан Республикасының Ұлттық теннис федерациясы мен ҚР велосипед спортының федерациясына, сондай ақ басқа да спорттық ұйымдарға және спорт шараларын өткізуге үнемі көмек көрсетіліп отырады. Демеушілік көмектен басқа салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ұлттық компания еншілес ұйымдарымен бірлесіп, мереке күндеріне орайластырып, спорттық спартакиадалар мен жарыстар өткізіп тұрады.

«ҚазМұнайГаз» және оның еншілес және тәуелді ұйымдары 2009 жылы барлығы 6 млрд. теңге сомасына демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсетті.

Демеушілік (қайырымдылық) көмектен басқа, ҚМГ жергілікті атқарушы органдарымен жұмыс істейді және аяқталған бойда коммуналды меншікке берілетін еліміздің әртүрлі аймақтарында әлеуметтік нысандар құрылысына орасан зор күрделі қаржы бөледі.

Осылайша, 2008-2009 жылдары жалпы құны 22 млрд. теңгеден асатын әлеуметтік мағынасы бар 34 нысан іске қосылды. Олардың ішінде Атырау қаласындағы спорт-сауықтыру кешені, Алматы облысындағы «Ақ-Бұлақ» спорт-сауықтыру кешеніндегі мұз айдыны, Астана қаласындағы «Думан» қонақжай-ойын-сауық кешені, Атырау қаласындағы облыстық қан орталығы, Форт-Шевченко қаласындағы 25 орындық емхана, Атырау қаласы мен Маңғыстау облысында газбен жабдықтау жүйесі сияқты нысандар, тұрғын үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандар бар.

Скачать

беттегі соңғы өзгерту: 12.09.11
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»