Компания Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жасалған Жаһандық келісім-шартқа қосылды.
Жаһандық келісім-шарт БҰҰ-ның барлық деңгейдегі бизнеспен ынтымақтастығы үшін танылған құндылықтарда орнықтырылған негіз болып танылады. Жаһандық келісім-шарт іскер топтың өкілдерін өз қызметтерінде адам құқығын, еңбек қатынастарының және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау саласында негізгі тоғыз принципті басшылыққа алуға шақырады.
Жаһандық келісім-шарттағы принциптердің орындалуын компания өз мойнына алады.
Адам құқықтарын сақтау саласында:
- Халықаралық бірлестікте айтылғандай, адам құқықтарының сақталуына қолдау көрсету және құрметтеу.
- Адам құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету
Еңбек қарым-қатынасы саласында:
- Қауымдастықтың еркіндігін қолдау және ұжымдық келісім-шарт жасау құқығын іс жүзінде мойындау.
- Мәжбүрлі еңбек нысандарын жоюға ат салысу.
- Балалар еңбегін түп-тамырымен құртуға ат салысу.
- Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюға ат салысу.
Қоршаған ортаны қорғау саласында:
- Қоршаған ортаға кері әсерлердің алдын алуға ықпал ету. Қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қолға алу. Экологиялық таза технологиялардың дамуына және таратылуына ықпал ету.
Бұл ретте, компания азаматтық, әлеуметтік жауапкершілік үлгісін көрсетуге, халықаралық ұйымдармен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға тырысады.
Компания бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы өз қызметі нәтижелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ниеті мен іс-қимылының ашық және айқын саясатын ұстанады.
Мұндай саясат қойған мақсатқа жету жолындағы кедергілерді мүмкіндігінше тиімді жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұтастай компанияның қызметіне сенімді қатынас орнатуға ықпал етеді.
Компанияның қызметі қоғамда болып жатқан қандай да болмасын оқиға әсерінің нәтижесі ғана болып табылмайды, ол қоғамның үздік әлемдік стандарттарға жақындауына ықпал ете отырып, оның даму деңгейінің өзгеруін басқару бойынша белсенді жұмыс жасауға бағытталған.
Әлеуметтік инвестициялар компанияның стратегиялық, мақсатты бағытталған ұзақ мерзімді саясатын білдіреді. Бұл ретте бағдарламалар мен іс-шаралардан алынған әлеуметтік пайда қоғамның экономикалық және мәдени өміріндегі сапалы өзгерістерді білдіреді. Сонымен қатар компания әлеуметтік шығындарға мониторинг және талдау жасауды жүзеге асыруға, олардың тиімділігін бағалауға және бөлінген қаражат пен компанияның әлеуметтік қызметі бағыттарының тиімділігі мен жеткіліктілігін бағалау жүйесін құру және дамыту арқылы осы салада жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің салдарын болжауға тырысады.