ҚМГ Басқарма мүшелерінің еңбегін төлеу «Акциялар пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басқарушы жұмысшыларына еңбекақы төлеу және сыйақы шарттары бойынша типтік ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 Қаулысына және Жалғыз акционер ҚМГ әзірлеген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚМГ Басқарма мүшелерінің еңбегін төлеу:
1) лауазымдық еңбекақы мөлшері;
2) Жылдық жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы беру ҚМГ дамуына үлес қосуға ынталандыру және нәтижесін мойындау құралы болып табылады.
Басқарма мүшелерінің жұмысының нәтижелілігін бағалау қаржылық есептілік негізіндегі ҚМГ қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесінің бекітілген тәртібін мақұлдаған соң есептік жыл қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі шешімімен іске асырылады.
Сыйақы төлеудің негізі критерийлері ҚМГ жалпы корпоративтік көрсеткіштерін орындау, сондай-ақ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу деңгейін сипаттайтын қызметінің негізгі жеке көрсеткіштерін орындау болып табылады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ 07.04.2009 жылғы №23-п бұйрығына сәйкес ҚМГ басқарушы жұмысшыларына (Басқарма мүшелеріне) 2008 жылдан 2010 жылға дейін сыйақы төленбейді.