Корпоративтік басқару рейтингі

Standard & Poor’s «ҚазМұнайгаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ ҰК) GAMMA-4+ АҚ деңгейіндегі GAMMA (Корпоративтік басқарудың, есеп берушіліктің және менеджменттің тиімділігін талдау және бағалау) корпоротивтік басқару рейтингін берді.
2010 жыл

2010 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқарудың жалпы баллы қайта қаралып, ол GAMMA 4+ құрайды.

Үшінші «Ашықтық, ақпаратты ашып көрсету, аудит және тәуекел» бөлігі және төртінші «Директорлар кеңесінің тиімділігі, стратегиялық процесс және сыйақы жүйесі» өзгеріске ұшырады.

Екінші «Акционерлердің құқығы» бөлігі бойынша 4+ -тен 5-ке дейін көтерілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестициялық тартымдылығын қолдау мақсатында рейтинг агенттігінің талаптарына сәйкес корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша қажетті шараларды атқарады.

2009 жыл

Standard & Poor’s «ҚазМұнайгаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ ҰК) GAMMA-5 АҚ деңгейіндегі GAMMA (Корпоративтік басқарудың, есеп берушіліктің және менеджменттің тиімділігін талдау және бағалау) корпоротивтік басқару рейтингін берді.

Тиімді жақтары

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры бас компаниясының өкілдері және тәуелсіз директорлар менеджмент қызметін мұқият қадағалап отырады. Директорлар кеңесінің жұмыс барысы тұтастай алғанда нәтижелі; тәуелсіз директорлар комитет жұмысына белсенді түрде қатысады. ҚМГ ҰК ҚЕХС бойынша жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жариялайды және веб-сайтта негізгі ақпараттарды беріп тұрады.

Аудит үдерісінің біршама тиімді жақтары бар; компанияда тәуекелдерді басқаруға кешенді түрде қарау көзқарасы қалыптасқан. Кемшіліктері. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚМГ ҰК-ге тек коммерциялық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік міндеттер де жүктейді, бірақ та компанияның әлеуметтік міндеттемелері нақты айқындалмаған. ҚМГ ҰК тек демеушілік көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік жобаларды инвестициялауға да міндетті, сонымен қатар балансында профильді емес активтері бар. Тәуелсіз директорлардың мұндай бастамаларды шектеулеріне әрқашан мүмкіндігі бола бермейді.

Менеджментті марапаттау саясатында және ақпараттарды ашу тәжірибесінде бірқатар кемшіліктер кездеседі. Қаржылық есептілікті жариялау мерзімі біркелкі бағаланады.

Рейтингтің қысқаша негіздемесі

Standard & Poor’s рейтингтерді корпоративтік басқару қызметі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына 100% қарайтын біріккен мұнай-газ компаниясы –«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» (ҚМГ ҰК) GAMMA-5 АҚ деңгейіндегі GAMMA (Корпоративтік басқаруды, есеп берушілікті және менеджментті талдау және бағалау) рейтингін берді.

ҚМГ ҰК бас кеңсесі Астанада орналасқан, компания көптеген операциялық компаниялардың акция пакеттерін иемденген негізгі холдинг болып табылады. ҚМГ ҰК еншілес компаниялары арқылы Қазақстандағы (құрлық және қайраңда) мұнай және газды барлау мен өндіруге қатысады. ҚМГ ҰК-нің өндірілген өнімді бөлумен айналысатын «ТеңізШеврОйл» (20%) және Қашаған (16,81%) сияқты қазақстандық ірі консорциумдардың жобаларында өз үлесі бар. Одан басқа ҚМГ ҰК қазақстандық мұнай-газ құбырлары, мұнай өңдеу зауыттарының операторы және Қазақстандағы, сонымен бірге Еуропа Одағының бірнеше елдері мен Түркиядағы (Rompetrol румыния еншілес компаниясы арқылы) жанар-жағар май бекеттері желісінің иесі болып табылады. Сонымен қатар ҚМГ ҰК мұнай-химия саласындағы біршама жобалар және маманданған әуе компаниясы кіретін бірнеше сервистік компаниялардың операторы болып табылады. 2008 жылы ҚМГ ҰК тобының өнім өндіру көлемі 18 млн. т мұнай және 3,8 млрд.текше м.газды (шоғырланған мәліметтер) құраса, дәлелденген қордың шоғырланған жиынтық көлемі 701 млн. т мұнай мен 69 млрд. текше. м газды құрады. 2008 жылы ҚМГ ҰК-нің шоғырланған түсімі 21,1 млрд.АҚШ долл. құраса, таза пайдасы — 3,2 млрд.АҚШ долл. болды. ( 2009 ж.1-жарты жылдығында — 4,9 млрд.АҚШ долл. және 708,3 млн.АҚШ долл.сәйкес келеді).

Тиімді жақтары

Директорлар кеңесі тұтастай алғанда тиімді жұмыс істейді. Акционерлік қоғам өкілдері мен тәуелсіз директорлар – жоғары білікке ие және өз салалары бойынша мол тәжірибелері бар мамандар. Олар менеджмент қызметін мұқият қадағалап отырады; шешімдер бәтуаластықпен қабылданады. Компанияда комитеттердің тиімді құрылымы жұмыс істейді, тәуелсіз директорлар комитетте жетекші рөл атқарады.

ҚЕХС бойынша ҚМГ ҰК жылдық есебінің аудитін халықаралық Ernst & Young аудиторлық компаниясы жүргізеді. Комитеттің көптеген мүшелері аудит бойынша тәуелсіз директорлар болып табылады; комитет белсенді түрде жұмыс істейді. Ішкі аудит және тәуекелдерді басқару рәсімдері жетілдірілуде. ҚМГ ҰК Қазақстанның көптеген мемлекеттік компанияларын басқаратын «Самұрық-Қазына» холдингінің аса бағалы активі болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Холдинг өздері бақылайтын компанияларда корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізеді, соның ішінде тәуелсіз директорларды әлемдік деңгейде тағайындау жолымен тәуекелдерді басқару барысы мен айқындылығын ынталандырып отырады.

Үкімет ҚМГ ҰК-ге барлық қазақстандық мұнай-газ активтеріне қол жеткізуге айрықша құқық және жаңа кен орындарын игеруге лицензиялар береді.

Кемшіліктері

Қазақстан Үкіметі ҚМГ ҰК-ге ұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыруға ресурстар бере алады, бірақ ол, мысалы, мұнай-химия саласындағы жобаларға немесе шетелдердегі инвестициялар сияқты компания қызметінің профильді бағытына сәйкес келмеуі мүмкін. Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінде аз дауысқа ие, сондықтан олардың мұндай бастамаларды шектеуге мүмкіндіктері бола бермейді.

ҚМГ ҰК қолжетімді бағамен ішкі нарыққа мұнай өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету сияқты мемлекет саясатының құралы ретіндегі рөлді де атқарып отырады. Компания қызметі қазақстандық мұнай өңдеу секторында әлеуметтік басым бағытқа ие. ҚМГ ҰК стратегиялық үдеріс пен менеджментті марапаттау саясатын анықтауда толықтай тәуелсіз емес.

ҚМГ ҰК өндірістік активтерінің басым бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі холдингтік компания болып табылады. Бөлімшенің дәстүрлі құрылымы енді ғана қалыптаса бастады. ҚМГ ҰК-ге тиімді бақылауға кедергі келтіруі және топтың Директорлар кеңесінің ықпалын шектеуі мүмкін айтарлықтай профильді емес активтер жатады. Ақпараттарды ашу тәжірибесінде бірқатар кемшіліктер кездеседі; қаржылық есептілікті жариялау мерзімі біркелкі бағаланады.


беттегі соңғы өзгерту: 29.12.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»