Директорлар кеңесінің төрағасы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директорлар кеңесінің төрағасы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы (Жалғыз акционер өкілі)
ДК-де бірінші сайлау күні: 6.02.2012 жылғы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының шешімі, №02/12 хаттама, 12.02.2012 жылғы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімі, № 75 хаттама
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туылған жылы: 12.03.1964 ж.
Білімі:
1986 ж. Мәскеу экономика-статистикалық институтын бітірді, экономист-математик, экономия ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс тәжірибесі:
1986 - 1988 жж. ҚазССР Мемжоспарында АСПУ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1988 - 1991 жж. - МЭСИ аспиранты. 1991 - 1992 жж. АСПУ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері. 1992 - 1993 жж. ҚР Президенті жанында Жоғары экономикалық кеңес консультанты. 1993ж. ҚР Президент Аппараты мен Министрлер Кабинетінде Қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1993 – 1995 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің әкімшілік басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
1995 жылғы қарашадан 1997 ж наурыз аралығында ҚР экономика министрі. 1997-1998 жылдары ҚР Экономика және сауда министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіп, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынастың оперативті қызметі мәселелеріне жетекшілік етті), «БанкТұранӘлем» ЖАҚ, БТА Банк басқарма төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарды. ҚР Президенті жанында Жоғары экономикалық кеңес мүшесі, ҚР Орнықты дамуы бойынша ұлттық кеңес мүшесі, «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау кеңесінің төрағасы болып табылды. 1998 жылғы тамыз айынан бастап 2004 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысының әкімі. 2004 жылғы наурыздан бастап Астана қаласының әкімі. 2006 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2007 жылғы тамызда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2009 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды. Қазақстан Президентінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды. 2011 жылғы 26 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Компания, сондай-ақ компания жеткізушілері миен бәсекелестерінің акцияларын иелену: ие емес.
Қос қызмет атқару және ДК-де мүшелік: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқармасының Төрағасы
Директорлар Кеңесінің мүшелері
Кампи энд Ко Лтд, СК Басқармасының атқарушы төрағасы (бизнесті дамыту)
ЛЭЙН Питер (Тәуелсіз директор)
ДК алғашқы сайлау күні: «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Директорлар Кеңесінің 13.06.2008 ж №08/08 хаттамасы
ДК ағымдағы сайлау күні: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасы 21.07.11ж. №27/11 хаттамасы шешімімен
Азаматтығы: Ұлыбритания
Туған жылы: 19.01.1946 ж
Білімі: Экономика бакалаврын үздік дипломмен тәмамдаған, экономика магистрі дәрежесі бар. Сонымен қатар Гарвард экономика мектебін бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Ұлыбритания Қазынашылығының, Қаржы министрлігінің экономика жөніндегі Кеңесшісі болып жұмыс істеді. Әртүрлі мемлекеттерде жетекшілік қызметтерді атқара отырып, оның ішінде Шығыс-Кариб аймағы бойынша атқарушы директор және «Shell UK Oil» директоры, «RoyalDutchShell» компаниясында 13 жыл бойы еңбек етті. 1994 жылы Лондондағы «Lloyd's» банкінің директоры қызметіне тағайындалып, банкке нарықтағы бұрынғы позицияларына оралуына мүмкіндіктерге қайта құру және қалпына келтіру Бағдарламасының жетістікті жүзеге асуына септігін тигізген негізгі тұлға ретінде таныла алды. Сонымен бірге, «Lloyd's-тің» Жапониядағы директоры болды. Бұдан кейін, «Lloyd's» банкінің АҚШ-тағы басқарушы директоры лауазымына тағайындалып, бұл шешім «Lloyd's» банкінің осынау маңызды нарықтағы позицияларын қалпына келтіруге жол ашты. Кейінірек Биржалық сақтандыру компаниясының бас атқарушы директоры қызметінде жұмыс істеп, өз тілегімен 2007 жылы кетті. 2008 жылдан қазіргі күнге дейін, «FishergateLimited» компаниясының, ал 2009 бастап, «StrathearnCapitalLimited» компаниясының Басқарма төрағасы болып табылады.
Қатар істейтін жұмысы және ДК мүшелігі: «StrathearnCapitalLimited» компаниясының Басқарма төрағасы, Strathearn Insurance директоры
Компания акцияларына иелік ету, компанияның жеткізушілері және бәсекелестері: иелік етпейді
Әлем бойынша мұнай-газ ұйымдары бөлімшелерінің басшысы, клиенттермен (Орталық Еуропа, Таяу Шығыс, Африка) жұмыс бойынша басшы; Ресейдегі бақылау кеңесінің мүшесі.
КУИЛААРС Фрэнк(Тәуелсіз директор)
ДК алғашқы сайлау күні: «Самұрық» Холдингі» АҚ 05.09.2006 ж. № 28-п Бұйрығы
ДК ағымдағы сайлау күні: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасы 21.07.11ж. №27/11 хаттамасы шешімімен
Азаматтығы: Нидерланды
Туған жылы: 15.10.1958 ж
Білімі: Fontaine Bleau-дағы Аспирантура (Post graduate programs); Кембридж; Банктар және сақтандырушы компанияларға арналған Голланд институты; Erasmus, Роттердам, Нидерланды Университеттері.
Жұмыс тәжірибесі:
2008 жылға дейінгі кезеңде 25 жыл ішінде АБН АМРО Банкі, кейінірек «Роял Банк оф Скотландтағы» (RBS) трансұлттық бизнестегі қызметінде мынадай басшылық позицияларда болған: Бельгияда корпоративтік және инвестициялық банктік құралдар жетекшісі, Бразилиядағы аймақтық менеджер, Ресей мен Аргентинадағы аймақтық менеджер, Бірлескен энергетикалық блоктың жаһандық жетекшісі. Куилаарс мырза, сонымен бірге, Қазақстан, Ресей және Өзбекстандағы Қадағалау Кеңестерінің мүшесі болған.
Оның 2001 жылы Корпоративтік атқарушы вице-президент қызметіне тағайындалуынан кейін, Жаһандық энергетикалық блокты басқарумен қоса, Корпоративтік және инвестициялық банк, Еуропа, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдері бойынша Атқарушы Комитеттердің мүшелігіне қабылданды.
Куилаарс мырза энергетикалық нарықтардағы Банкілік франчайзингті дамытуға үлес қосқаны үшін және энергетикалық франчайзингтің жетекші түрлерінің бірін енгізгені үшін жоғары мәртебеге ие.
Қатар істейтін жұмысы және ДК мүшелігі: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Тәуелсіз Директоры, Eureka (energy) Ventures B.V Атқарушы директоры.
Компания акцияларына иелік ету, компанияның жеткізушілері және бәсекелестері:
иелік етпейді
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры
Сәлімгереев Мәлік Жаңабайұлы (Жалғыз акционер өкілі)
ДК-де бірінші сайлау күні: 21.07.2011 жылғы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының шешімі, №27/11 хаттама
ДК-де ағымдағы сайлау күні: 31.02.2012 жылғы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының шешімі, № 08/12 хаттама
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 14.08.1960 ж.
Білімі: 1982 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірді. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы геология институтының Аспирантурасын бітірді, геология және минералогия ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек қызметін 1982 жылы «Мангышлакнефть» Өндірістік бірлестігінің «Комсомольскнефть» МГӨБ-да (Ақтау қаласы) ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыс цехының 5 дәрежелі операторы ретінде бастады.
1994 жылдан 2007 жылға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ, ҚазҒЗЖИмұнай, «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ, «Қазақойл-Ембі» АҚ және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компанияларында түрлі жетекші лауазымдарда қызмет етті.
2007-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментін басқарған.
2010 жылдан 2012 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ мұнайгаз активтерін басқару жөніндегі директор болып жұмыс атқарған.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
15 жарияланымдары мен ғылыми еңбектері бар, авторлық куәлігі №18659.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ескерткіш белгілерімен, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрмет мақтау қағазымен, 2009 жылы Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы 400 млн. тонна мұнай айдап жеткізілгені үшін «ҚазТрансОйл» АҚ ескерткіш белгісімен, 2009 жылы қазақстандық мұнайдың 110-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтың атынан «Алғыс хатпен» марапатталған. 2011 жылы «Ерен еңбегі үшін» атты медалімен марапатталған.
Қос қызмет атқару және ДК-де мүшелік: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарушы директоры
Компанияның және компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иелену: жоқ
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы
ДК-де бірінші сайлау күні: 06.02.12 жылғы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының шешімі, №02/12 хаттама
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 19.11.1962 ж.
Білімі:
1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді, мамандығы Экономист-кибернетик, экономика ғылымсдарының кандидаты. 1985 жылғы қарашадан бастап 1988 жылғы қараша аралығында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды. 1989 жылғы қаңтардан бастап 1990 жылғы ақпан аралығында Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы болып жұмыс істеді. 1990 жылғы ақпаннан бастап 1990 жылғы қараша аралығында - Алматы халық шаруашылығы институтында халық шаруашылығын жоспарлау кафедрасы доцентінің м.а.
Жұмыс тәжірибесі: 1991 жылғы қаңтардан бастап 1992 жылғы шлде аралығында «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасының президенті лауазымын атқарды. 1992 жылғы шілдеден 1995 жылғы қаңтар аралығында - «Казкоммерцбанк» акционерлік банктің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 1995 жылғы қаңтардан 1995 жылғы қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары. 1995 жылғы қарашадан 1997 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары – ҚР ҚМ жанында Қазынашылық бастығы. 1997 жылғы қаңтардан 1997 жылғы наурыз аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары. 1997 жылғы наурыздан 1997 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары (вице-министр). 1997 жылғы қарашадан 1998 жылы ақпан аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрі. 1998 жылғы ақпаннан 1999 жылғы қаңтар аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі. 1999 жылғы қаңтардан 1999 жылғы шілдесі аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 1999 жылғы шілдеден 2011 жылғы мамыр аралығында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі. 2011 жылғы мамырдан 2002 жылғы мамыр аралығында – «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ Президенті. 2002 жылғы маусымнан 2003 жылғы маусым аралығында – «Каспий Өнеркәсіп-Қаржы Тобы» ЖШС Бас директроры. 2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2004 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы қаңтар арылығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2006 жылғы қаңтардан 2007 жылғы тамыз аралығында – «Самұрық» Қазақстан мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ Басқарма төрағасы. 2007 жылғы 27 тамыздан Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі. 2010 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі.
Компания, сондай-ақ компания жеткізушілері миен бәсекелестерінің акцияларын иелену: ие емес.
Қос қызмет атқару және ДК-де мүшелік: Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы
Киинов Ләззат Кетебайұлы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы)
ДК-де ағымдағы сайлау күні: ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімі (22.12.2011 жылғы № 10/2011 хаттама, 1-тармақ), сонымен қатар «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқармасы (22.12.2011 жылғы № 50/11 хаттама).
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 07.12.1949 ж.
Білімі: 1971 жылы Казақ политехникалық институтын Геология және мұнай және газ кен орындарын барлау мамандығы бойынша аяқтады. Техника ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлік академияның академигі.
Еңбек тәжірибесі: 1971 жылы Жетібаймұнай мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор болып бастап, өңдеуге талдау зертханасының басшысына дейін өсті. 1977 жылы Шевченко қаласында (Ақтау қ.) Мағыстау облыстық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің инструкторы, Маңғышлақмұнайөндірісхим аумақтық өндіріс басқармасының бас инженері, Каражанбастермнефть мұнай-газ өндіру басқармасының ұңғырларды күрделі жөндеу және мұнай беру пластыларын жоғарылату жөніндегі Қаражанбас басқармасының бастығы, Комсомольскмұнай мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1992 жылы - Маңғышлақмұнай өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1993 жылы Маңғыстау облыстық әкімшілік басшысына тағайындалды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасарына тағайындалды. 1997-1999 жылдары Каспий құбыр бірлестігінің бас директоры орынбасары қызметін атқарды. 1999 жылы Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. 2002 жылғы ақпаннан «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ президентінің лауазымына тағайындалды. 2003 жылғы наурыздан Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі. 2010 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін Мұнай және газ вице-министрі.
Қос қызмет атқару және ДК-де мүшелік: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы
Компанияның және компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иелену: жоқ