Басқарма

Басқарма мүшелерінде ҚМГ ҰК мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жарғылық капиталында қатысу ациялары/үлестері жоқ.

Басқарма төрағасы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы

Ляззат Кетебаевич КииновКиинов Ләззат Кетебайұлы

Компанияда жауап беретін мәселелер шеңбері: ҚМГ Жарғысына сәйкес қомпания қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және ҚМГ жұмысы үшін ҚМГ Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционері алдында жауап береді, сондай-ақ, ҚМГ Басқармасын басқарады.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 07.12.1949 ж.

Білімі: 1971 жылы Казақ политехникалық институтын Геология және мұнай және газ кен орындарын барлау мамандығы бойынша аяқтады. Техника ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлік академияның академигі.

Компания акцияларын иелену: иеленбейді.

Жеткізушілер мен компания бәсекелестерінің акциялары жоқ

Қос қызмет атқару және ДК-де мүшелік: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Еңбек тәжірибесі: 1971 жылы Жетібаймұнай мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор болып бастап, өңдеуге талдау зертханасының басшысына дейін өсті.
1977 жылы Шевченко қаласында (Ақтау қ.) Мағыстау облыстық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің инструкторы, Маңғышлақмұнайөндірісхим аумақтық өндіріс басқармасының бас инженері, Каражанбастермнефть мұнай-газ өндіру басқармасының ұңғырларды күрделі жөндеу және мұнай беру пластыларын жоғарылату жөніндегі Қаражанбас басқармасының бастығы, Комсомольскмұнай мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
1992 жылы - Маңғышлақмұнай өндірістік бірлестігінің бас директоры.
1993 жылы Маңғыстау облыстық әкімшілік басшысына тағайындалды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасарына тағайындалды. 1997-1999 жылдары Каспий құбыр бірлестігінің бас директоры орынбасары қызметін атқарды.
1999 жылы Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. 2002 жылғы ақпаннан «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ президентінің лауазымына тағайындалды. 2003 жылғы наурыздан Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі. 2010 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін Мұнай және газ вице-министрі.
«Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған.


Басқарма мүшелері


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ұжымдық даму жөніндегі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Berlibaev D.A.JPGБерлібаев Данияр Әмірбайұлы

Компаниядағы жауап беретін мәселелер шеңбері: Газ жобаларының қызметін үйлестіру және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына газ жеткізуді қамтамасыз ету іс-шараларының өткізілуін бақылау;
барлық газ инвестициялық жобаларда Қоғамның мүдделерін өкілдік ету, сондай-ақ, іске асырудың барлық кезеңдерінде газ жобаларын іске асыру кезінде кешендік және жүйелік тәсілдемені қамтамасыз ету.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 21.12.1968

Білімі:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті (1985 – 1992жж.)

Қосалқы қызмет және ДК-де мүшелік: «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Компанияның акцияларын иелену: иеленбейді.

Жеткізушілер мен компания бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді

Еңбек тәжірибесі: 2005 жылдан 2007 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры, сондай-ақ, қосалқы қызмет ретінде «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. 2007 жыл мен 2009 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды. 2009 жылдан 2011 жылға дейін «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ Бас директоры, ал кейіннен «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры болып жұмыс істеген. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры

БОЗЖАНОВ Төлеген Жұмадұлы БОЗЖАНОВ Төлеген Жұмадұлы

Компанияда атқаратын қызметтік міндеті: ҚМГ-да жоспарлау жөніндегі комитетті басқарады, Активтерді қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның ағымдағы қызметіне жетекшілік етеді.
ҚМГ қызметінің мына бағыттардағы жұмыстарын ұйымдастырады және оның нәтижелері үшін жауап береді:
- активтердің негізгі бизнестегі үйлестірілген портфелін қалыптастыру, активтер портфелінің тәуекелін саралау;
- бизнес-жоспарлаудың тиімділігіне әсер ететін факторларды талдау және бизнес-жоспарлаудың тиімділігін арттыру және бюджет бөлу бойынша ұсыныстар мен кепілдемелерді әзірлеу, сондай-ақ бюджеттен ауытқушылықтарды саралаудың негізінде бизнесті жақсарту;
- ҚМГ және оның ЕТҰ қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
- Компанияның барлық топтары үшін бірыңғай ИТ-стратегияны әзірлеу және іске асыру, бірыңғай ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлеу және сүйемелдеу, жаңа технологиялар мен басқару жүйелерін, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізу.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туылған жылы: 11.02.1974

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті (1989 – 1993), Қазақ мемлекеттік құрылыс академиясы (1994), Warwick университеті (Великобритания, 1997)

Қосымша атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі: Ромпетрол Груп Директорлар кеңесінің төрағасы.

Компания акциялары меншігінде жоқ.

Жұмыс тәжірибесі: «Казкоммерц Секьюритиз» ААҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының атқарушы директоры қызметтерін атқарған. «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ бас директоры қызметінде жұмыс істеген.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Көлік инфрақұрылымы жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары

ШМАНОВ Нұртас Нұрбекұлы ШМАНОВ Нұртас Нұрбекұлы

Компанияда атқаратын қызметтік міндеті: мұнайкөлік секторындағы еншілес және тәуелді ұйымдардың өндірістік бағдарламалары, бюджеттері және бизнес-жоспарларының көрсеткіштерін келістіру бойынша басшылықты жүзеге асыру; магистральды құбырлар желісінің жүйесін дамытуды үйлестіру және олардың дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтау бойынша басшылықты жүзеге асыру.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туылған жылы: 24.12.1956

Білімі: Уфа мұнай институты, Уфа қаласы (РФ, 1974 – 1979), Қаз МБА жанындағы нарық институты, Алматы (1996 – 1998)

Қосымша атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі: «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазмортрансфлот» ҰТКК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «КҚК-К» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Компания акциялары меншігінде жоқ.

Жұмыс тәжірибесі: Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау саласында 30 жылдан астам қызмет етеді. «Транснефть», «Шеврон Оверсиз Петролиум Инк», «Теңізшевройл», «ШевронМұнайГаз Инк», «ШевронМұнайГаз Инк», «Каспий Құбыр желісі Консорциумы-Р» компанияларында жауапты қызметтер атқарған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ТШО және Дунга жобалары бойынша басқарушы директоры қызметіне 2009 жылдың қаңтарында тағайындалмас бұрын, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бас директоры болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта «Қазмортрансфлот» ҰТКК» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «КҚК-К» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, «Транскаспий» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің төрағасы болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қайта өңдеу және мұнай химия жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары

ТИЕСОВ Данияр Сүйіншілікұлы ТИЕСОВ Данияр Сүйіншілікұлы

Компанияда атқаратын қызметтік міндеті: еншілес ұйымдар мен тәуелді қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне жетекшілік етеді; маркетинг жүйесін дамыту және мұнаймен, мұнайды қайта өңдеу өнімдерімен жасалған сауда операцияларының тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; мұнай өнімдерін сатудың бөлшек сауда желісі объектілерінің техникалық жай-күйінің мониторингі бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туылған жылы: 06.12.1970

Білімі: Атырау мұнай және газ институты (2002 – 2004), Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «1997 – 2000)

Қосымша атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі: «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «KPI» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Компания акциялары меншігінде жоқ.

Жұмыс тәжірибесі: «ҚазМұнайГаз» СҮ АҚ бас директоры орынбасары қызметін атқарған. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін, «АМӨЗ» ЖШС салынып жатқан кәсіпорын Дирекциясының қаржылық директоры, директоры қызметтерінде жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және «Ромпетрол» Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары

Мырзағалиев Мағзұм МаратұлыМырзағалиев Мағзұм Маратұлы

Компанияда атқаратын қызметтік міндеті: ҚМГ және жетекшілік ететін еншілес, тәуелді және ҚМГ бірлескен-бақыланатын сервистік ұйымдарының «Сервистік жобалар» бизнес-бағытын дамыту стратегиясын іске асыруды және қызметінің негізгі басты көрсеткіштерін қамтамасыз ету;
- жетекшілік ететін бизнес-бағыт бойынша корпоративтік басқаруды енгізуді және жетілдіруді қамтамасыз ету;
- сервистік активтер потрфелін басқару, мұнай-сервистік өндірістердің дамуына ықпал ету;
- мұнай-газ секторының және ҚМГ-дың қазіргі және болжамдалып отырған сұраныстарын қанағаттандыру үшін қазіргі инфрақұрылымды дамыту және жаңа сервистік инфрақұрылым құру арқылы сервистік бағыттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туылған жылы: 07.11.1978

Білімі: «Тұран» университеті, (1999 ж.), Дипломатиялық Академия (2003 ж.), Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті (2010 ж.), 2002-2004 жылдары MI Drilling Fluids (США, Малайзия) компаниясында сынақ мерзімінен өткен.

Компания акциялары меншігінде жоқ.

Жұмыс тәжірибесі: Ақмола облыстық Орман жөніндегі басқармасының Қаржы және экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы, бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер, MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы, «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеген.

Қосымша атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі: «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Заң қызметінің жетекшісі

ЖАНҒАУЫЛОВ Ержан АрыстанбекұлыЖАНҒАУЫЛОВ Ержан Арыстанбекұлы

Компанияда атқаратын қызметтік міндеті: атқарушы директордың, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің және халықаралық келісім-шарттар департаментінің қызметін бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдарға және жалғыз акционерге құқықтық мәселелер бойынша, сондай-ақ Қоғамның жаңа құқықтары мен міндеттемелерінің пайда болуына байланысты Қоғамның корпоративтік құжаттарын дайындауды ұйымдастыру.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туылған жылы: 28.05.1968

Білімі: Қарағанды Мемлекеттік Университеті (1985 – 1992), Қазақ Ұлттық Университеті (2003)

Қосымша атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі: «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Компания акциялары меншігінде жоқ.

Жұмыс тәжірибесі: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы директоры лауазымын атқарған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құқықтық сұрақтар бойынша атқарушы директоры қызметінде еңбек етті. Осыған дейінгі кезеңде, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің құқықтық қызметі мен кадрлар бөлімін басқарған, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президентінің кеңесшісі болып келді.


беттегі соңғы өзгерту: 06.04.12
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»