Басқарудың шоғырланған жүйесін енгізу

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тоқсан сайын өз қызметтерін халықаралық стандарттарға сай жүзеге асыратын еншілес ұйымдарында менеджмент жүйесін енгізуге және жұмыс істеуіне қатысты мониторинг жүргізіп отырады.

2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясына, сондай-ақ 2004 жылғы 6 наурыздағы ҚР Премьер-министрінің №28 өкімімен бекітілген қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел өтуі жөніндегі Жұмыс жоспарына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарудың шоғырланған жүйесі қызмет етеді.

Сапа менеджментін енгізу, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәрінен бұрын Компанияның корпоративтік басқаруды жетілдіруге деген ынтасы, қойылған мақсаттарды нәтижелі орындауы, тұтынушылардың көрсетілген қызметке талаптарын қанағаттандыруға қажетті өзара байланысты көптеген қызмет түрлерін іске асыруы, соның ішінде еншілес компанияларды басқару жөніндегі қызметтерін атауға болады.

2006 жылғы наурызда сертификат жөніндегі «TUV TUV Turingen-мен бірлескен Интерсертифика» ЖШҚ органы енгізілген Жүйенің ИСО 9001, ИСО 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін растады.

Басқарудың шоғырланған жүйесі шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметін сипаттайтын және негізгі жұмыстарын реттейтін құжаттамалар барысы әзірленді және оларды әрі қарай дайындау жалғасуда:
- БШЖ жөніндегі басшылық;
- БШЖ-ның міндетті тәртіптері (құжаттарды, жазбаларды, ішкі аудитті, сәйкессіздіктерді, түзетуші және ескерту жасайтын әрекеттерді басқару тәртібі);
- ҚМГ-ның, оның еншілес және тәуелсіз ұйымдарының іскерлік және бюджетті жоспарлау тәртібі;
- ҚМГ-да өнім, жұмыс және қызметті сатып алуды ұйымдастырып өткізуді жоспарлау тәртібі;
- мұнай активтерін және т.б. басқаруды анықтайтын құжаттар.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының шешіміне сәйкес басқарудың шоғырланған жүйесін жетілдіру және оның жұмыс барысын жоспарлау,құру, қолдау саласында Компания қызметін айқындайтын алқалық орган – БШЖ жөніндегі Кеңес жұмыс істейді.

БШЖ жөніндегі Кеңесті ҚМГ Басқарма төрағасы басқарады. Оның құрамына бизнес бағыты бойынша басқарушы директорлар (Басқарма мүшелері), Өкілетті органды басқарушы директор (Басқарма мүшесі), құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басшы менеджер (Басқарма мүшесі), БШЖ жөніндегі басшылық өкілі – ҚМГ Басқарма төрағасы хатшылығының меңгерушісі, Адам ресурстарын басқару департаменті мен Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшылары кіреді.

ҚМГ басқарудың шоғырланған жүйесінің шұғыл басшылығы Басқарма төрағасының хатшылығына жүктелген.

2009 жылғы наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарудың шоғырланған жүйесінің ISO 9001 : 2008 халықаралық стандартының жаңа жүйесіне, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттарына алдағы үш жылға TIC аккредитация жүйесіне сәйкестігін растады. «TUV TUV Turingen-мен бірлескен Интерсертифика» ЖШҚ қайтадан қайта сертификаттау аудитін өткізді.


беттегі соңғы өзгерту: 23.09.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»