Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары
Қоғам мыналарды қамтамасыз ететін қағидаттарға сәйкес өзіне корпоративтік қарым-қатынастарды дамыту міндеттемесін алады:
- Қоғамға қатысуымен байланысты акционерлердің өз құқықтарын қамтамасыз етуге нақты мүмкіндіктер;
- Директорлар кеңесінің Қоғам қызметін стратегиялық басқаруды жүзеге асыруы және өз тарапынан Қоғамның атқарушы органдарының қызметін тиімді бақылау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің акционерлердің Жалпы жиналысына есеп беруі;
- Қоғамның атқарушы органдарының саналы түрде және адал ниетпен Қоғамның ағымдағы қызметін басқаруды қамтамасыз ету қажеттілігі және олардың Қоғамның Директорлар кеңесі мен акционерлердің Жалпы жиналысына есеп беруі;
- Қоғам туралы, соның ішінде, оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпаратты уақтылы жариялау;
- Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін тиімді бақылау;
- Қоғам қызметкерлерінің заңнамада көзделген құқықтары, әлеуметтік мәселелерді шешудегі және еңбек жағдайларын регламенттеудегі Қоғам мен қызметкерлер арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамыту;
- Қоғам активтерін, Қоғам акцияларының және өзге де бағалы қағаздарының құнын ұлғайту мақсатында инвесторлармен, кредиторлармен және өзге де мүдделі тұлғалармен Қоғамның белсенді ынтымақтастығы.
Қоғам өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарын корпоративтік басқаруды жетілдіру маңыздылығын жете түсінеді және көрсетілген ұйымдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге ұмтылатын болады, сондай-ақ оларда Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаттарын іс жүзінде енгізуге ұмтылатын болады:
- Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
- Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидаты;
- Қоғамның дербес қызмет ету қағидаты;
- Қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялау ашықтығы және объективтілігі қағидаты;
- заңдылық және этика қағидаты;
- тиімді дивидендтік саясат қағидаты;
- тиімді кадрлық саясат қағидаты;
- қоршаған ортаны қорғау қағидаты;
- корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қайшылықтарын реттеу саясаты;
- жауапкершілік қағидаты.