«ҚазМұнайГаз» бүгін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.

Мұнай мен газды өндіру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы құрлық бетіндегі 44 мұнай-газ кен орындарының меншік иесі болып табылады.

Кен орындарының жалпы аумағы 837,4 км² құрайды. Компанияның өндірістік бөлімшелері 90 жылдан астам қызмет істеп келеді, ал мамандар терең білім мен бай тәжірибеге ие.

Тасымалдау

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мұнай тасымалының 65%, газ тасымалының 100%, танкерлік тасымалдың 50% қамтамасыз етеді. Құбыр желісімен мұнай тасымалын «ҚазТрансОйл» АҚ, газ тасымалын «ҚазТрансГаз» АҚ, танкерлік тасымалдарды «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жүзеге асырады.

Өңдеу

Компания Қазақстан аумағындағы негізгі мұнай өңдеу активтерін басқарады («Атырау МӨЗ» ЖШС, «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС; «Павлодарский МӨЗ» ЖШС), сондай-ақ Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарына ие.

Сату

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнайды, мұнай мен газ өңдеу өнімдерін өздігінше сатумен айналысады және осы өнімдерді сату саласындағы экспорттық саясатта мемлекеттің мүдделерін қорғайды.


Компания стратегиясы

Жалғыз акционердің мақсаттары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ міндеттері және көзқарасы

Құжатты қарау

беттегі соңғы өзгерту: 17.09.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»