| |
|
|
| |
| |  | | |
|
«ҚазМұнайГаз» мұнай-газ саласының құнын жасау қызметінің негізгі түрлеріне шоғырланады.
Жалғыз акционердің мақсаттары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ міндеттері мен көзқарасы
Акционердің мақсаттары
- Құнның өсуі.
- Тиімді инвестициялық портфельді қалыптастыру.
- Басқару тиімділігін арттыру.
Міндеттері
- Ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы үшін алынатын барынша көп пайданы қамтамасыз ету.
- Компания құнын барынша арттыру, рентабельділікті жоғарылату, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Компания құнын барынша арттыру, рентабельділікті жоғарылату, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Отандық тауарлар жеткізушілерді, жұмыстар орындаушыларды және қызметтер көрсетушілерді қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.
Компания көзқарасы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.
Стратегиялық мақсаты
Әлемнің ең ірі 30 мұнай-газ компанияларының қатарына кіру.
Стратегиялық басымдықтары
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ интеграцияланған мұнай-газ компаниясы ретінде дамитын болады және олардың бейінді емес қызмет түрлерінің шығарылуын жүзеге асырады.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ интеграцияланған мұнай-газ компаниясы ретінде дамитын болады және олардың бейінді емес қызмет түрлерінің шығарылуын жүзеге асырады.
- Өзге секторларда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірісті жаңғырту және операциялар тиімділігін арттыру арқылы қолда бар мықты ұстанымдарын сақтап қалуға бар күшін шоғырландырады.
- Стратегия ашық және күрделілігі төмен ұйымдық құрылымды енгізу, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының шеңберінде тиімділікті басқару мәдениетін дамыту есебінен іске асырылатын болады.
- 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өздігінше жобалар операторы бола алады.
ҚазМұнайГаз мұнай-газ саласының құнын қалыптастыру тізбегіндегі негізгі қызмет түрлеріне шоғырланады
- Мұнай мен газды барлау және өндіру
- Қазақстандағы жобалар операторы.
- Қазақстандағы және шетелдегі ірі жобалардың қосалқы операторы.
- Мұнайды тасымалдау
- Қазақстанның құбыр желісі жүйесінің операторы.
- Халықаралық құбыр желілері мен экспорттық бағыттарда үлескер қатысушы.
- Каспийдегі танкерлік флот операторы.
- Каспийдегі танкерлік флот операторы.
- Мұнай экспорты және импорты.
- Халықаралық мұнай саудасы.
- Өңдеу
- Қазақстандағы мұнай өңдеу операторы.
- Шетелдегі мұнай өңдеу операторы.
- Мұнай-химия
- Мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі жобаларды іске асыру.
- Бөлшек сауда
- Қазақстандағы бөлшек сауда жүйесінің операторы.
- Шетелдегі бөлшек сауда жүйесінің иесі/операторы.
- Газ экспорты/импорты, тасымалдау және сату, транзиті
- Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің бірыңғай операторы.
- Қазақстандық нарыққа газды бірыңғай импорттаушы.
- Қазақстандық газдың бірыңғай экспорттаушысы және газбен айырбас операцияларының операторы.
- Өңірлік газ тасымалдау жүйелері мен газ тарату желілерінің операторы.
- Газ тұтынатын электр станцияларының иесі және операторы.
Мұнай мен газды барлау және өндіру секторындағы мақсаттары мен басымдықтары
- Ел ішінде де, өңір ауқымында да, газ өндіру көлемін ұлғайту, Қашаған жобасын инвестициялау, болашақ жобаларда үлестердің үлкен мөлшерін қамтамасыз ету.
- Серіктестіктер мен БК құру арқылы техникалық және операциялық құзыреттілікті өсіру, шетелдік серіктестермен біріге отырып, қайраңдағы күрделі кен орындарын игеруді жүзеге асыру.
- Қазақстанның мұнай мен газ қорларындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үлесін арттыру, іске қосылған және жоспарланған жобалардағы оператор ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рөлін біртіндеп күшейту.
- Күрделі салымдардың тиімділігін арттыру және өзіндік құнды бақылау.
- Жобаларға қол жеткізу және өңір ауқымында, атап айтқанда: Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда және Ресейде оператор құқықтарын алу.
Газ тасымалы мен маркетингі секторындағы мақсаттары мен басымдықтары
- Газ тасымалы, транзиті, экспорты мен импорты жөнінде ұлттық ауқымдағы бірыңғай оператор атану.
- Жаңа газ тасымалдау жүйелерін салу жобаларын дайындау және іске асыру:
- Қытайға газды транзиттеу үшін газ құбыры,
- қолданыстағы транзиттік қуаттылықтардың барынша жүктеу шартымен, Каспий маңы газ құбыры.
- Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбырын пайдаланып ішкі нарыққа газ жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету.
- Газ тарату жүйелерінің сенімділігі мен табыстылығын арттыру (газ тарату жүйелері мен электрлік-генерациялық қуаттылықтарды дамыту жобаларына іріктеп қатысу).
- Өндірістік қызметтің жоғары стандарттарына қол жеткізілуін және рентабельділіктің арттырылуын ынталандыру.
Мұнай тасымалдау секторындағы мақсаттары мен басымдықтары
- Серіктестермен қарым-қатынастардағы өзіндік ұстанымын бекіту және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау үшін отандық инфрақұрылымның бірыңғай операторы болу.
- Ұзақ мерзімді перспективада экспортты қамтамасыз ету үшін экспорттық қуаттарды кеңейту мен әртараптандыру:
- ҚКҚЖ, ҚҚҚ, КҚК жүйелерін салу және кеңейту
- каспийлік танкер флотының қуаттылығын арттыру.
- Соңғы тұтынушылар нарығына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін шетелдік мұнай тасымалдау активтеріне қатысу үлестерін іріктеп сатып алуды жүзеге асыру.
- Өндірістік қызметтің жоғары стандарттарына қол жеткізуді және рентабельділікті арттыруды ынталандыру.
Мұнай өңдеу, мұнай-химия және мұнай мен мұнай өнімдері маркетингі саласындағы мақсаттары мен басымдықтары
- Ішкі нарықтағы ұстанымдарды күшейту:
- өңдеу тереңдігін ұлғайту және өнім сапасын арттыру (2015 жылға қарай Еуро-3),
- Қазақстанның бөлшек сауда нарығындағы үлесін 20%-ға дейін арттыру,
- Өндірістік қызметтің жоғары стандарттарына қол жеткізуді ынталандыру
- Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мұнай-химия кешенін салу жобасын іске асыруды қамтамасыз ету.
- ҚазМұнайГаз ҰК АҚ үшін Ромпетрол активтерінің құндылығын арттыру:
- Құнды қалыптастыру тізбегіне одан әрі кірігуді қамтамасыз ету,
- Жергілікті коммерциялық және өндірістік құзыреттіліктерді қолдану есебінен жергілікті нарықта бәсекелік артықшылықтарды дамыту.
|
|
|
|
беттегі соңғы өзгерту: 28.11.11
|
|
|
|
| |
|
|