Жалғыз акционер

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына» меншікті

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 13 қазанындағы «Бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығы бойынша кейбір шаралар туралы» №962 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 13 қазанындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» №669 қаулысына сәйкес «Қазына» тұрақты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен құрылған. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік рыноктардағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге кері әсерін тигізуі мүмкін факторлардың алдын-алу үшін құрылған.

Қор қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығы негізінде тиесілі акцияларының (қатысу үлесі) пакеттерін олардың ұзақ мерзімді құндылығын барынша көбейту және әлем рыноктарындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басқару болып табылады.

Қор туралы толық ақпарат алу үшін http://www.samruk-kazyna.kz сілтемеге көшіңіз


беттегі соңғы өзгерту: 24.09.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»