Хронология

Қазақстан мұнайының 110 жылдық бай тарихы бар, бұл тарихты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әрі қарай абыроймен жалғастыруда
1991 жыл

1991 жылдың соңында, республиканың мемлекеттік басқару жүйесінің жалпы өзгерістерімен бірге, Қазақстанның энергетикалық секторы өзгерістерге ұшырады. Сала Қазақстан Республикасының энергетика және электрлендіру министрлігі мен ҚР геология мен жер қойнауын қорғау Мемлекеттік комитетіне көшті.

1992 жыл

1992 жылы Қазақстан, Ресей және Оман Каспий құбыр консорциумын құрды, оның мақсаты Новоросийскідегі қара теңіз портына Теңіз кен орнынан мұнайды тасымалдау сызығын салу және жабдықтау болды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы мен «Аджип» (Италия) және «Бритиш Газ» (Ұлыбритания) компаниялары арасында Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнын өңдеу туралы келісім шартқа қол қойылды.

1993 жыл

1993 жылы 4 ақпанда ең алғаш Республикамызда мұнай-газ саласындағы кәсіпорынмен бірлесе – Қазақстан-Түрік «ҚазақТүрікМұнай» кәсіпорны құрылды.

1993 жылы наурызда, Қазақстан секторындағы Каспий теңізіне барлау өткізу қажеттілігімен, Қазақстан үкіметі қаулысымен «ҚазақстанКаспийШельф» компаниясы іске қосылды.

1993 жылдың 6-сәуірінде «ғасыр келісім шарты» жасалынды. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Американың «Шеврон» компаниясының ұзақ мерзімді (40 жыл) келісім шарт осылай атанды. 1993 жылдың 3-желтоқсанында Қазақстан Каспий шельфінде геологиялық барлау жұмыстарын жасау үшін, осы жобада оператор ретінде өздерін көрсететін жеті шетел компанияларынан («Аджип», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Бритиш Газ», «Мобил», «Тоталь», «Шелл» ) және «Қазақстан-КаспийШельф» құралған. Халықаралық консорциум жасау туралы келісімге, мұнай саласы аймақтарына үш жыл қатарынан геологиялық зерттеулер туралы келісімге де қол қойылды.

1993 жылы республикада Германия қаржысының үлесімен ең үлкен компания – Қазақстан-Герман кәсіпорны «ҚазГерМұнай» құрылды.

1994 жыл

1994 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы бойынша , Қазақстан Республикасы Энергетика және жанармай ресурсы министрлігінен, Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсіп министрлігіне және мұнай және газ өнеркәсіп министрлігіне болып бөлінді. 1994 жылы шілдеде Қазақстан Каспийдің қорларын өңдеу туралы әлемдік деңгейде жоба ұсынды, ол жобада Каспий табиғи қорларын игеру және өндеу туралы сұрақтар бойынша өздерінің принципиалдық көзқарастарын білдірді. 1994 жылдың аяғында ең маңызды шешімдер бойынша, Республика үкіметі, Қазақстанда мұнай-газ кешені бағдарламасын қабылдады: 1. Өңдеу қуаттылығын нығайту; 2. мұнай өніміндегі ішкі қажеттеліктерді толық қамтамысыз ету; 3. Мұнай экспортын өсіру.

1995 жыл

1995 жылдың наурызында «Қарашығанақ» атты өндіріс жерінде Қазақстан Республикасы өзінің «Қазақгаз» және «Аджип» (Италия), «Бритиш Газ» (Ұлыбритания) және «Газпром» (Ресей) арасындағы өндірісті бөлісу туралы келісімшартқа қол қойды.

1995 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» заң күшіне ие қаулысы қабылданды. Бұл заңның ең негізгі мақсаты – республикамызға мұнай - газ қорларын өңдеуіне, шетел инвесторларын тартуға көмектесу. 1995 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінен газ құбырының экономикалық техникасын негізге ала отырып, «Ақсай-Қостанай-Көкшетау-Ақмола» атты ұзындығы 480 км және көлемі 4,7 млн.куб. құрылысын бекітті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен Қазақстандағы көмірсутек шығатын жерлерді және оның картасын бекітті.

1996 жыл

1996 жылдың сәуірінде Қазақстан, Ресей, Оман және халықаралық мұнай компаниялар консорциумының арасында, «Тенгиз-Тихорецк-Новороссиск» сапарының желісі бойынша, өтімділік қабілеттілігі 67 млн.тонн. мұнай құбырының құрылысы жайында келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша Ресей үлесі – 24% , Қазақстанның үлесі - 19%, Оман үлесі -7% құрады, ал қалған бөлігін 8- мұнай компаниясының еншілігіне таратылды. 1996 жылдың 9 шілдесінде Каспий жағалауындағы мемлекеттер ынтымақтастық ұстанымдары туралы келісімге қол қойылды. 1996 жылы тамызда ҚКШ халықаралық консорциум Каспий шельфіндегі Қазақстанның мұнай шығаратын жерлеріне типографиялық түсірілім жасалынып бітті. Аймақ потенциалы 26-дан 60 млрд баррельге бағаланды.

1996 жылы Грузия жерімен өтетін, «Баку-Батуми-Супса» атты мұнай құбырының құрылысына келісім жасалынды. Бұл жол арқылы Каспий мұнайының жартысын Украинаға және одан әрі Еуропаға жеткізу мақсат етілді.

1997 жыл

1997 жылдың 4-наурызында Қазақстан Республикасы мұнай-газ өндіру Министрлігін қысқартып, Қазақстанның ең ірі Ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазақОйл» құрылды. Компания Қазақстан атынан барлық ірі мұнай-газ кәсіпорын салалар жобаларына қатысу құқығына ие болды. 1997 жылдың 2-сәуірінде мұнай тасымалдайтын «ҚазТрансОйл» Ұлттық компаниясы құрылды. 1997 жылы республикамызда мұнай -газ кәсіпорындарын жекешелендіруі басталды. 1997 жылы ең бірінші болып АҚ «Ақтөбемұнайгаздың» (60%) бақылау акция пакеттері Қытай Ұлттық мұнай компаниясына (ҚҰМК) сатылды.

1997 жылдың 18 қарашасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда болған уақытында «Қарашығанақ» мұнай-газ кен орын жеріндегі мұнай-газ өнімінің бөлісуіне соңғы келісім шарт жасалды. Қазақстан Республикасының үлесі – 80% құрады. Құрамға «Интеграцияланған Қарашығанақ ұйымдары» (ИҚҰ, Karachaganak Petroleum Operating ), (Италяндық) «Аджип» (32,5%), Британдық «Бритиш Газ» (32,5%), Америкадық «Тексако» (20 %), ресейлік «ЛУКойл» (15%) кірді.

1997 жылдың 18 қарашасында Каспийдің солтүстігіндегі өнімдерді, компания «Аджип», «Бритиш Газ», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Мобил», «Шелл», «Тоталь», және «ҚазақстанКаспийШельфі» арасында бөлісу туралы келісімге қол қойылды. Бұл СРП шарт бойынша келісімге қол қойылғаннан бастап барлау әдісі 6 жылды құрайды, егер қажет болған жағдайда СРП өз күшін жоймаған уақытына дейін, тағы, екі жылға ұзартуға рұқсат етілген, мердігерлік учаскіні екі жылдан он жылға дейін ұзартуға, өнімді өндіру – 20 жылға дейін ұзартуға рұқсат етілген.

1998 жыл

1998 жылдың қаңтарында Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлісу туралы келісім орындала басталды. 1998 жылдың 14 шілдесінде Қазақстанның Каспий шельфіндегі ең бірінші мұнай ұңғымасын бұрғылауы басталды. Ұңғыма «Кұлтұқ өлген» деген жерде, мұнайды, біріккен қазақстан-америка кәсіпорны «Арман» бұрғылады. Ұңғыманы бұрғылау үшін, арнайы таяз жерден жасанды берма аралы салынды. 1998 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен шетел инвесторлардың кеңесі болды, оған Қазақстанда жұмыс істейтін ең үлкен мұнай компанияларының басшылары қатысты.

1999 жыл

1999 жылдың мамыр айында Каспий құбырының Консорциум құрылысы басталды.

1999 жылдың маусым айында Астрахан кәсіпорынының «Астрахан кемесі» суға «Сұңқар» атты жүзетін бұрғылау биржасын жіберді. 1999 жылдың 12 тамызында Қазақстан секторындағы Каспий шельфі ОКИОК бірінші «Шығыс Қашаған - 1» ұңғыманы бұрғылау ісін бастады.

1999 жылдың қыркүйегінде Атырауда, Қазақстан аймағынан алғашқы рет мұнай алғаннан бергі – 100 жылдық мерейтойы тойланды.

2000 жыл

2000 жылдың ақпан айында мұнай тасымалдаушы Ұлттық «ҚазТрансОйл» компаниясы, «ҚазТрансГаз» еншілес компаниясын құрды. 2000 жылдың жазында «ҚазТрансГаз» республика бойынша энергетика және газ тасымалдау жүйесін толық иемденді. 2000 жылдың ең жарқын жаңалығы болып, Қазақстанда Солтүстік Каспий шельфінен мұнай кен орны табылды. (Қашаған мұнай кен орны).

2000 жылдың маусымында Қазақстан, «Қазақойл» Ұлттық компаниясы «Шеврон» компаниясына 5 % үлесін 450 млн. долларға сатты, өзінде 20 % акция пакеті сақталынуда. 2000 жылдың шілдесінде «ҚазТрансГаз» Жамбыл облысындағы Амангелді тобымен мұнай кен орнын өңдеу жұмысына кірісті. 2000 жылдың қарашасында Теңіз мұнай кен орнының Новосибирск портымен қосылатын КТК құбыр проводын соңғы құбыры жапсарласты.

2000 жылы Қазақстан Республика Президентінің бұйрығымен, «Ұлттық қор» құрылды. Бұл болашақ ұрпақ үшін, қаржының жиналуы елдің экономикасын ішкі және сыртқы қауіпсіз факторлардан сақтау үшін өте қажет. Қордың активтеры Қазақстан секторындағы ірі шикізат кәсәпорындарынан (ең бастысы мұнай компаниялары) және инвестициялық табыс соммалары есептілінеді.

2001 жыл

2001 жылдың ақпанында Қазақстандағы Солтүстік Каспий мұнай кен орнын өңдеуге Италяндық топ «ЭНИ» компаниясы оператор ретінде таңдалынды.

2001 жылдың 26 наурызында Атыраудағы КТК құбыр желісі жүйесі бойынша «Тенгиз-Новосибирск» мұнай айдау ісі басталды. 1480 километрлік құбыр жүйесін толтыруға 1 млн.тонна мұнай керек. 2001 жылдың 2 мамырында Қазақстан Үкіметінің жарлығымен мұнай және газ магистарлды құбырын басқару үшін, Ұлттық «Мұнай және газ тасымалдау» компаниясы құрылды. МГТ) Жаңа компанияға ЖАҚ «ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» мемлекеттік пакет акциялары берілді. 2001 жылдың 3 тамызында Мәскеу Каспий құбырынан мұнай тасу консорциум (КТК) келісім шартын бекітті.

2001 жылы 30 тамыздан – 2 қыркүйек аралықтарында Атырау облыстарынан «Доссордың» 90-ға жуық мұнай кен орны анықталды. Үздіксіз мұнай өндіруі бұл кен орнында 1991 жылдан бастап жүргізіліп жатыр. 2001 жылдың 28 қарашасында бірінші рет Қара теңіз портынан Новосибирскіге теңіз мұнайымен танкер жолға шықты.

2002 жыл

2002 жылдың 20 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнай-газ экономика секторында, Қазақстан Республикасының қызығушылығын қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнай-газ кешенін дамыту үшін Ұлттық акционерлік қоғам «ҚазМұнайГаз» құрылды – 100 % мемлекеттік үлеспен. «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ННК «Қазақойл» ЖАҚ және «НК «Мұнай және Газ тасымалдау» ЖАҚ құқықытық мирасқор болып келеді. 2002 жылдың 3 мамырында Н.Назарбаев және В.Путин тарихи құжатқа қол қойды – яғни, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін, Ресей және Қазақстан өзара ынтымақтастықта бөлу туралы протоколға қол қойылды. 2002 жылдың 23 маусымында «Кенқияқ-Атырау» мұнай құбырының құрылысы басталды.

2003 жыл

2003 жылдың 16 мамырында Қазақстан секторындағы Каспий теңізін игеру туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. (ҚСКТ) 2003 жылы тамызда Н.Назарбаев КТК экспорт құбыры арқылы өтетін бірінші Қарашығанақ мұнай кен орнындағы мұнайын жіберу рәсіміне қатысты. Интеграцияланған Қарашығанақ ұйымы (ИКҰ) , Қарашығанақ мұнай кен орны КТК мұнай құбырымен байланысқан мұнай құбыры арқылы тамыз айында, шикізат өңдеу туралы жаңа кешен құрылысын бастады. Іске асатын кешен, тұрақты түрде конденсат алуға және тербетілген артық газды қайта жер қойнауына бағыттау болады.

2003 жылдың желтоқсан айының аяғында «ҚазМұнайГаз» және «Лукойл» компаниялары, Қазақстан секторындағы Каспий теңізіндегі «Аташ» және «Тюб-Қараған» жерлерін өңдеу туралы СРП қол қойды.

2004 жыл

2004 жылдың 9 қаңтарында қазақстан-ресей келісімімен Каспийдегі Тюб-Қараған және Аташ теңіз жобалары берілді. 2004 жылдың қазанында «Атасу-Алашанкөл» (Қазақстан-Қытай) мұнай құбырының құрылысы басталды. Осы жылы Қазақстанда мұнай сапа банкі ашылды. Бұл Қазақстандағы партиялардың, өңдеудегі әртүрлі кезеңдерін, сақтауды теңестіреді.

2005 жыл

2005 жылы наурызда «ҚазМұнайГаз» АҚ Солтүстік-Каспий жобасымен, Бритиш газдың жарты үлесін 8,33 % иемденді.

2005 жылдың мамырда Ақтауда «Астана» мұнай танкерін қабылдау рәсімі өтіп, Қазақстандағы Теңіз флотының алғашқы туу кезенінің белгісі ретінде болып саналды. 2005 жылдың маусымында «ҚазТрансГаз» АҚ, «Алматы Пауэр Консолдейтед» АҚ-ның 100% пакет акциясын иемденді, сонымен қатар «Тбилгаз» газ тасымалдау компаниясының 100% пакет акциясында алуға, меморандумға қол қойды. 2005 жылдың 6 маусымында «Құрманғазы» жүйесін «ҚазМұнайТениз» АҚ МНК және «РН-Қазақстан» ООО біріге отырып атқаратын іс-шаралар туралы СРП қол қойды. 2005 жылдың 11 қарашасында «Газпром» ААҚ-мен 2006-2010 ж.ж. аралықтарында Қазақстан Республикасының аймағы арқылы, ортаазия және ресей газын тасымалдау туралы келісім қиылды.

2006 жыл

2006 жылдың 12 мамырында мемлекет Басшысының қатысуымен Атыраудағы МӨЗ-дің реконструкция жобасының аяқталғанын және зауытқа жаңа қондырғылардың қоюына байланысты салтанатты рәсімі болып өтті. 2006 жылдың маусымында «ҚазМұнайГаз» АҚ -ның PetroKazakhstan – 33% акция үлесін және «СП «ҚазГерМұнай» ЖШС 50% акция үлесімен өз келісімдерін аяқтады. 2006 жылдың 20 маусымында «Атасу-Алашанкөл» (Қазақстан-Қытай) мұнай құбырының коммерциялық эксплуатациясы басталды. 2006 жылдың қазанында Лондон қор биржасында «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» компаниясының акциясы қосылды.

«ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ IPO-ға көшуі. Атырау қаласында Елбасының қатысуымен Атырау МӨЗ және зауыттың қайта құру жобасын аяқтау жаңа құрылғыларын іске қосу салтанатты рәсімі өтті. 2006 жылғы шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-ның қатысу үлесінің 50 пайызы және PetroKazakhstan акцияларының 33 % үлесін алу бойынша келісімдерге қол қойды. 2006 жылғы 20 шілдеде «Атасу- Алашанькоу» (Қазақстан-Қытай) мұнай құбырын коммерциялық пайдалану басталды.

2007 жыл

11 қаңтарда Батуми мұнай терминалының 62 пайыз акциялар пакетін иеленуші Naftrans Capital Partners Ltd. 50 пайыздық акциялар пакетін сатып алу бойынша келіссөздер аяқталды. Құны 64 млн. АҚШ доллары. Батуми мұнай терминалы ашық теңізге рұқсаты бар алғашқы Қазақстан активі.

11 шілдеде «ҚазМұнайГаз» China National Petroleum Company International-мен бірлесіп паритетті негізде «PetroKazakhstan Oil Products» (Шымкент МӨЗ) ЖШС басқарушы компаниясы болып табылатын Valsera Holdings B.V. компаниясының 100 пайыз акциялар пакетін сатып алу бойынша келіссөздерді аяқтады.

24 тамызда «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ Rompetrol Group N.V. компаниясының 75 пайыздық акциялар пакетін сатып алу бойынша келісімге қол қойды. Rompetrol сатып алу бойыншща келісім құны 1,6 млрд. АҚШ долларын құрады. 2009 жылғы маусымда қалған 25 пайыз акциялар сатып алынды.

8 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қытай Ұлттық Мұнай-газ корпорациясы арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу және пайдаланудың негізгі қағидалары туралы келісімге қол қойылды. 18 тамызда Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасында Қазақстан-Қытай газ құбырын салу және пайдалану ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

29 желтоқсан Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында «Н» учаскесі бойынша өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылды.

2008 жыл

Батуми мұнай терминалы және теңіз портын иеленуші Batumi Industrial Holdings Limited 100 пайыз акциялары пакетін сатып алу алу бойынша келіссөз аяқталды.

Пайплайн Венчурсқа BP қатысу үлесін сатып алу мақұлданды. “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ 50% + 2 дауыс беру акцияларын сатып алу туралы Central Asia Petroleum Ltd-мен келісім-шартқа қол қойылды.

Cooperative KazMunaiGaz PKI U.A. пайдасына KazMunaiGaz Finance B.V. компаниясының 100 пайыздық акционерлік капиталдары жүзеге асырылды.

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ 100% акциялар пакетін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ арасында «Казмортрансфлот» ҰТКК 50% акциялар пакетіне айырбастау туралы шешім қабылданды.

2009 жыл

2009 жылғы қарашада “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясының 100 пайыз акциялар пакетін сатып алу бойынша келіссөз аяқталды.

«ҚазМұнайГаз» 2009 жылғы 24 маусымда бұрын Rompetrol Holding SА компаниясына тиесілі болған The Rompetrol Group NV (ТRG) акцияларының 25%-ын сатып алуды аяқтады.

Қазақстан-Қытай газ құбырының 1-ші желісі іске қосылды. Жоғары сапалы жол битумдарының өндірісі жобасы аясында 2009 жылғы 27 ақпанда ҚМГ биржада ашық сауда жолымен «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ 50% акциялар пакетін сатып алды.

2010 жыл

27.09.2010 жылғы № 12/2010 хаттама бойынша ҚМГ ДК шешіміне сәйкес БКТУ, ҚМГ акцияларын төлеуге «Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты» 100% акциялар пакеті, «А.Б. Бектұров атындағы химиялық ғылымдар институты» АҚ 100% акциялар пакеті берілді.

2010 жылғы 12 шілдеде бекітілген заң тәртібінде ҚМГ ҰК-мен ҚМГ БӨ «Қазахойл Ақтөбе» (КОА) ЖШС-да 50% үлесін, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да (КТМ) 51% үлесін және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 100% акциялар пакетін иеленуші Mangistau Investments B.V-да (“MIBV”) 50% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

2010 жылғы 25 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы - «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.

30.11.2010 ж. Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында Маңғыстау облысының Толқын және Боранкөл кен орындарында үздіксіз технологиялық үдерістерді қамтамасыз ету мақсатында келісім-шарт аумағын және мүлкін уақытша иеленуге және пайдалануға беру үшін «БейнеуМұнайГаз» ЖШС жаңа жер қойнауын пайдаланушыға уақытында беруге дейін тіркелді.


беттегі соңғы өзгерту: 01.08.11
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»