Сапа саласындағы саясат

Компания қызметінің барлық саласы корпоративтік құжаттармен регламенттелген.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі - Қоғам) даму стратегиясы өз қызметінің негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде тұрақты экономикалық дамуды, жалпы елдің мұнай-газ кешенінің дамуынан Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық пайданы қамтамасыз етуді және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді айқындайды.

Қоғам:

  • мұнайды, газды және олардан өңделген өнімдерді барлауды, өндіруді, тасымалдауды, сақтауды және сатуды қоса алғанда, мұнай операцияларын корпоративтік басқару, мұнай операцияларының сервистік инфрақұрлымын дамыту жөніндегі;
  • өнімді бөлу туралы келісімдерде/шарттарда Өкілетті орган функцияларын орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Сапа саласындағы Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары мыналар:

  • басқару тиімділігі мен қабылданатын шешімдер сапасын арттыру;
  • қойылған міндеттерге қол жеткізуге тікелей байланысты нәтижелердің негізінде жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру.

Қазақстан халқы алдындағы қоршаған ортаны сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі өзінің жауапкершілігін түсіне отырып, Қоғам сапа саласындағы қызметін мынандай қағидаттарға негіздейді:

  • қабылданатын шешімдердің және Қоғамнынң өндірістік қызметінің Жалғыз акционердің, сондай-ақ жалпы қазақстандық қоғам мүддесіне және Қоғамның тұрақты экономикалық даму мақсаттарына сәйкестігі;
  • өндірістік-техникалық даму деңгейін арттыру, Қоғамның өндірістік процестерін үнемі жақсарту, озық технологияларды енгізу, жағымсыз жағдайларды болдырмау, ұқсастырылған тәуекелдерді басқару;
  • бақылау мен мониторингтің корпоративтік жүйелерін қалыптастыру және жетілдіру.
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде Қоғамға тауарлар, жұмыстар және (немесе) қызметтер жеткізетін ұйымдардан Қоғамда қабылданған сапа саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкес келуін талап ету;
  • Қоғам қызметкерлерінің сапа саласындағы біліктілігін, құзыреттілігін және хабардар болуын үнемі арттырып отыру, оларды корпоративтік басқаруды және өндірістік қызметін жетілдіруге белсенді қатысуға ынталандыру;
  • Қоғам қызметінің мәселелері бойынша Жалғыз акционердің, әріптестердің, Қоғам қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, қауымдастықтың және басқа да мүдделі тараптардың алдындағы Қоғамның ақпараттық ашықтығы.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-та құрылған интеграцияланған басқару жүйесі ИСО 9001, ИСО 14001 халықаралық стандарттарының және OHSAS 18001 стандартының талаптарына сәйкес келеді, бұл TUF cert сәйкестік сертификаттармен расталады.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшылық ресурстардың барлық түрлерімен сапа саласындағы саясатты іске асыруды, интеграцияланған басқару жүйесінің талаптарын орындауға қызметкерлерді ынталандыруды қамтамасыз ету үшін жауып береді.

Осы сапа саласындағы Қоғам қызметінің мақсаттары мен қағидаттары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ үшін жалпы болып табылады. Осы құжат барлық мүдделі тараптар үшін ашық және қол жеткізерлік болып табылады.


беттегі соңғы өзгерту: 22.09.10
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»