| |
|
|
| |
| |  | | |
|
Саясаттың мақсаты мүдделі тұлғаларға Қоғам туралы, оның ағымдағы қызметі, жағдайы және даму болашағы туралы нақты ақпаратты ең толық және уақытылы беру болып табылады.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ақпараттық саясаты
Жалпы ережелер
- Ақпараттық саясат (бұдан әрі – Саясат) деп Қазақстан Республикасы заңнамаларында және Жарғыда қарастырылған құқықтарын жүзеге асыру Қоғамның қызметіне байланысты тұлғаларға (ары қарай мүдделі тұлғалар) жеткізу мақсатында, олардың пайымды инвестициялық және басқару шешімдерінің қабылдауы үшін немесе Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне әсер ете алатын басқа да әрекеттерді жасауы үшін қажетті ақпаратты ашу кезінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ұстанатын ұстанымдар мен процедуралардың жиынтығы түсініледі.
- Саясаттың мақсаты болып мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамаларының, Қоғам Жарғысының, Қоғамның ақпаратты ашу ережелерінің талаптарына және корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес Қоғам туралы, оның ағымдағы қызметі, жағдайы және даму болашағы туралы нақты ақпаратты ең толық және уақытылы беру болып табылады.
- Саясаттың мақсатына жету үшін негізгі міндеттер болып табылады:
- Қоғам туралы нақты ақпаратты уақытылы ашу;
- Қоғамның ақпараттық ашықтығын және Қоғамның айқындығын жоғарылату есебінен Қоғамның инвестициялық тартымдылығының артуына көмектесетін қосымша ақпаратты ашу.
- Саясат Қоғамның жақсы беделінің құрылуына, активтер бағаларының артуына және инвестициялардың тартылуына, қызметтің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерінің жоғарылауына көмектесуі тиіс.
- Қоғамның ақпараттық саясатын Қоғамның Директорлар кеңесі белгілейді.
- Ақпаратты ашу тәртібі Қоғамның ақпаратты ашу ережелерінде және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарында белгіленеді.
Саясаттың негізгі ұстанымдары
-
Қоғам Саясатының негізгі ұстанымдары болып табылады:
Саясатты жүзеге асыру тетігі
- Саясатты жүзеге асыру үшін Қоғам белгілейді:
- ашылуы Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған ақпаратты ашу тәртібі;
- Жалғыз акционердің мүдделерін қозғайтын;
- Қоғамның ірі мәмілелер жасауы туралы;
- Қоғамның аффилирленген тұлғалары туралы;
- Қоғамның эмиссиялық құнды қағаздарының шығарылу проспекті түрінде;
- Қоғамның эмиссиялық құнды қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептеме түрінде;
- Қоғамның Жарғысы түрінде;
- Қоғамның жылды қаржылық есептемесі түрінде;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа ақпараттар;
- фактілер мен оқиғалардың маңыздығына және олардың қоғамдық ашылуының уақытылығына сәйкес, Қоғамның қосымша ақпараттарды ашу тәртібі:
- Қоғамның лауазымды тұлғалары туралы;
- Қоғамның ұйымдық құрылымы туралы;
- Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері туралы;
- Қоғамның меншігінің құрылымы туралы;
- Қоғамның стратегиясы, даму және қайта құру жобалары туралы;
- Қоғамның үлесақылық саясаты туралы;
- Қоғамның филиалдары және/немесе өкілдіктері туралы;
- Қоғамды корпоративтік басқару тәжірибесі туралы;
- Аудиторлық қорытынды түрінде;
- Қоғамның тоқсан сайынғы қаржылық есептемесі түрінде;
- Қоғамның жылдық есептемесі түрінде;
- Елеулі корпоративтік оқиғалар туралы;
- Қоғамның ашықтығы және келесілер арқылы ішкі корпоративтік ақпаратты толық қорғау арасында пайымды теңгерілімді сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес қарастырылған құпия ақпаратты қорғау тәртібі:
- Құпия ақпаратты құрайтын мәліметтердің тізімін анықтау;
- Құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғаларды анықтау;
- Құпиялық сақтауды және құпия ақпаратпен жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету;
- Келесілер арқылы Қоғамда ақпаратты таратуды және пайдалануды бақылау жүйесі:
- Ақпаратты тарату тәсілдері мен түрлерін анықтау;
- Ашылуға тиісті ақпаратты дайындауға және таратуға жауапты тұлғаларды анықтау;
- Қоғамның лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің ақпаратты ашу тәртібін белгілеу;
- Қоғамның лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің құпия ақпараттың сақталуы үшін және келесілер арқылы ақпаратты ашудың белгіленген тәртібін сақтау үшін жауапкершілігі:
- Қоғам президентінің (Басқарма төрағасының) және басқа лауазымды тұлғаларының, және де Қоғам қызметкерлерінің Қоғам және оның қызметі туралы ашылатын ақпараттың толықтығы және дұрыстығы үшін жауапкершілігін бекіту және оның сақталуын қамтамасыз ету;
- Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерімен еңбек келісім-шартына құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемелерді енгізу, және де олардың Қоғамдағы еңбек қызметі аяқталғаннан кейін аталған ақпаратты жарияламау жөніндегі мерзімді көрсету.
|
|
|
|
беттегі соңғы өзгерту: 22.09.10
|
|
|
|
| |
|
|