«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерін бағалау
Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкер қызметінің тиімділігін жан-жақты және объективті бағалау мен ұтымды басқару үшін екі түрлі тәсілге бағытталған қызметкерді бағалау жүйесі қолданылуда:
- Мақсаттар бойынша басқару (Management by Objective), барысында қызметкер қол жеткізген мақсаттардың дәрежесі мен сапасы анықталатын бағалау жүйесі. Қазіргі таңда әрбір қызмет үшін ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) құру бойынша жоба дайындалу үстінде, оған сәйкес әрбір қызметкердің мақсаттары құрастырылған ПӘК-пен анықталатын болады.
- Құзыреттілікті бағалау (Performance Management), қызметкердің одан әрі дамуына бағытталған белгілі бір өлшемдер (құзыреттіліктер) бойынша мінез-құлықты бағалау жүйесі. Қазіргі таңда ҚМГ барлық қызметкерлері үшін іскерлік және көшбасшылық құзыреттілік моделін жаңарту жөнінде, сондай-ақ әрбір қызмет үшін техникалық құзыреттіліктерді құру жөнінде жоба жүргізілуде.
Жыл сайын жүргізіліп жатқан бағалау нәтижелеріне сәйкес қызметкерлер жеке даму жоспарларын құрастырады, олар қойылған мақсаттарға қол жеткізуге арналған оқыту іс-шараларын қамтиды.
Персоналды бағалау жүйесінен басқа, ҚМГ-де қызметкердің өз лауазымына лайықтылығын анықтау үшін персоналды аттестациялау жүйесі жұмыс істейді. Персоналды аттестациялау 3 жылда 1 рет жиілікпен қызметкерлерді кәсіби-бейіндік бағыт бойынша тестілеу жолымен жүргізіледі.
Қазіргі кезде бірыңғай корпоративті қатынасты құру үшін персоналды бағалау жүйесі ҚМГ компаниялар тобының еншілес кәсіпорындарына таратылуда, бұл ҚМГ компаниялар тобының ішінде қызметке ауысу кезінде қызметкерлердің бейімделуін жеңілдетуге және қызметкерлердің кәсіби өсуі үшін ашық және объективті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерін ынталандыру
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерін тарту, ұстап қалу және ынталандыру – адам ресурстарын басқару саласында компания алдында тұрған негізгі міндеттер. Қазіргі уақытта ҚМГ қызметкерлерін ынталандыру мынадай құрамдас бөлшектерден тұрады:
- сыйақы (Compensation) – көрсетілген қызмет үшін жұмыс беруші қызметкерге төлейтін ақшалай қаражат;
- жеңілдіктер (Benefits) – қызметкерге төленетін сыйақыны толықтыру үшін жұмыс беруші пайдаланатын бағдарламалар;
- жұмыс тиімділігін бағалау және мойындау (Performance and recognition) – тиімділікті бағалау келісімге келу және жекелеген қызметкерлердің, командалардың және жалпы компанияның компанияны жетістікке жетелейтін бизнес мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-әрекеттерін кейіннен бағалауды қамтиды;
- даму мен қызметте өсу мүмкіндіктері (Development and career opportunities) – даму қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттіліктерін кеңейту мен тереңдетуге бағытталған оқытуды қамтиды. Қызметте өсу мүмкіндіктері қызметкерлерге өз қызметін құруда мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін жоспарлауды білдіреді.
ҚМГ қызметкерлерін ынталандыру жүйесі Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұсынған саясат пен тәжірибеге сәйкес құрылған.