«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Қазақстанда, таяу және алыс шетелде жұмыс істейтін қызметкерлері оның негізгі құндылығы болып табылады. Бүгінгі таңда, еншілес кәсіпорындарды қоса есептегенде, персоналдың жиынтық саны 64 мыңнан асады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2011-2015 жылдарға арналған кадрлық саясаты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ компаниялары тобының 2010-2020 жылдарға арналған кадрлық стратегиясының ережелеріне сәйкес әзірленді және ҚМГ миссиясы мен мәлімделген стратегиялық мақсаттарын іске асыру үшін кадрлық менеджменттің негізгі бағытары мен тәсілдерін білдіреді.
ҚМГ кадрлық саясатының негізгі мақсаты Компания үшін барынша табыс алуға және бәсекелестік ортада көшбасшылықты қамтамасыз етуге бағытталған, экономикалық ынталандыру мен әлеуметтік кепілдіктерге негізделген және жұмыс беруші мен қызметкер мүдделерінің үйлесім табуына және олардың қарым-қатынастарын Компания игілігі үшін дамытуға ықпал ететін адам ресурстарын басқарудың бірыңғай жүйесін құру арқылы персоналды басқару тиімділігін арттыру болып табылады.
Біздің жобалар:
Мұнай-газ саласындағы кәсіпқойлық стандарттары
Қазақстанның мұнай-газ саласы– үнемі өзгеріс жағдайында қарқынды дамып келе жатқан сала. Соған сәйкес техника мен технологияның қазіргі деңгейін сипаттайтын қызметкерлер біліктіліктері мен талаптарының орындалуы қажет, сондай-ақ қызметкерлердің жауапкершіліктері нақты белгіленген.
Біздің ойымызша, мұнай-газ саласындағы кәсіпқойлық стандарттары – ұйымның орналасқан жеріне тәуелсіз, өндірістің заманауи халықаралық талаптарына сәйкес мұнай-газ саласы мамандарына бірыңғай біліктілік талаптары.
Басты мақсат салалық кәсіпқойлық стандартын әзірлеу болып табылады, яғни мұнай-газ саласының барлық бизнес-бағыттары бойынша:
- мұнай және газды барлау,
- скважиналарды бұрғылау,
- мұнай және газды өндіру,
- мұнай және газды тасымалдау және сақтау,
- мұнай және газды барлау қайта өңдеу,
- мұнай, мұнай өнімдері және газды сату.
Осы міндетті іске асыру үшін ҚМГ жетекшілік ететін 30-дан астам департамент және еншілес ұйымдар мамандары қатысатын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кәсіпқойлық стандарттарын әзірлеу» жобасы жүргізіледі.
Кәсіпқойлық стандарттарын әзірлеу және енгізу қызметкерлерді басқару саласындағы көптеген мәселелердің сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Біздің наградаларымыз


2011 жылдың наурыз айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының ресми қолдауымен өткен «Сенiм-2010» халықаралық HR-конференциясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұлттық компаниялар арасында үздік жұмыс беруші болып танылды, сонымен қатар 2010 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстанның алдыңғы қатарлы HR-мамандарынан құрылған Сараптамалық кеңес мойындаған «HR-benchmarking: ҚМГ компаниялары тобының HR-қызметтер жұмысының негізгі көрсеткіштері» атты жобаны іске асырды.