Реттеуші ортасына шолу

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.

«Қазмұнайгаз» ҰҚ»АҚ реттеуші ортасына шолу

«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) ел экономикасының мұнай-газ секторында Қазақстан Республикасы мүддесін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығына сәйкес «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» және «Мұнай жән газды тасымалдау» жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен құрылған.

ҚМГ қызметінің негізгі құралы анықталған:

  • мұнай-газ саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
  • республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және орынды игеруді қамтамасыз ету;
  • мұнай және газ ресурстарын пайдалану, өндіру және әрі қарай ұлғайту стратегиясын әзірлеуге қатысу;
  • келісім-шарттарда міндетті үлестік қатысу арқылы мұнай-газ операцияларын іске асыратын мердігерлермен келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді бекітілген заңнамалық тәртіпте таныстыру.

Көрсетілген тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 122 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялардың үлестік қатысуы қарастырылған келісім-шарттарда ұлттық компаниялармен мемлекеттік мүдделер таныстырылған Ережелер реттеледі.

  • Қазақстан Республикасы аумағында мұнай-газ операцияларына байқаулар ұйымдастыруға қатысу;
  • Көмірсутекті барлау, әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, іске асыру, тасымалдау, мұнай-газ құбыры және мұнай-газ кәсібінің инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша корпоративтік басқару;
  • мұнай-газ операцияларын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық жобаларына бекітілген тәртіпте қатысу.

Мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау саласындағы басқару үдерістерін үйлестіру, мемлекеттік саясатты қалыптастыруды іске асыратын орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ереже 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 Үкімет Қаулысымен бекітілген.

2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес ҚМГ ірі жобаларға тікелей қатысу, жаңа кен-орындарын орнықтыру және жаңа кен орындарын енгізу, геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыру және өткізу жолымен мұнай және газды өңдеу саласында отандық әлеуетті арттыруға бағытталған мұнай-газ саласын негізгі дамыту операторы болып табылады.

2002 жылғы 2 сәуірдегі №390 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚМГ-ге мұнай-газ көлігі инфрақұрылылымы нысандарын жоспарлау, жобалау, салу магистралді мұнай құбырлары бойынша тасымалымен байланысты мәселелер бойынша құрылыс қызметі саласындағы реттеуді іске асыру бойынша ҚР Мұнай және газ министрлігі жұмыс органының қызметтері артылған.

ҚМГ-ге 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 Үкімет қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ секторын дамыту бойынша Бағдарламаны іске асыру жүктелген, оның міндеттері мынадай:

  • мұнай және газ конденсатын өңдеу және экспорттау бойынша бекітілген көрсеткіштерді орындау;
  • Мұнай өнімдері және газға ішкі нарық сұраныстарын қамтамасыз ету;
  • барланған көмірсутек қорларының өсімін қамтамасыз ету және өңдеу деңгейін тұрақты жоғары деңгейге көтеру;
  • отандық көмірсутек шикізатын қайта өңдеу тереңдігін және көлемін ұлғайту (мұнай/газ);
  • мұнай және газ экпорттық тасымал бағыттарын әртараптандыру;
  • Жоғары үстеме бағамен мұнай-химия өнімдерінің экспорт көлемін ұлғайту;
  • саланың техникалық реттеу нормаларын үйлестіру;
  • мұнай-газ компанияларында қазақстандық қамту деңгейін ұлғайту;
  • мұнай-газ саласының жаңа өндірістері үшін барлық деңгейдегі мамандарды даярлау;
  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға қолайсыз әсерді төмендету.

ҚМГ қызметін реттейтін негізгі заңнамалық актілер мыналар:

  • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Өндірісті мемлекеттік реттеу және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және т.б..

Сатып алулар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 32 хаттамасымен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-на елу және одан да артық акциялары тікелей немесе жанама тиесілі жекеменшік және сенімділік құқығында басқарылатын ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу Ережелеріне сәйкес іске асырылады.

Қазіргі уақытта ҚМГ белсенді қатысуымен «Газ және газбен жабдықтау туралы», «Магистралді құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары әзірленген.


ҚР нормативтік құқықтық актілер


Акционерлік қоғамдар туралы ҚР заңы
Аудиторлық қызмет туралы ҚР заңы
Банкроттық туралы ҚР заңы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексі
Әкімшілік рәсімдер туралы ҚР заңы
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы ҚР заңы
Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР заңы
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ҚР заңы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі
ҚР азаматтық кодексі (ерекше бөлім)
ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім)
ҚР халықаралық шарттары туралы ҚР заңы
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы ҚР заңы
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР салық кодексі
Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы ҚР заңы
Су кодексі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР заңы
Техникалық реттеу туралы ҚР заңы
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы ҚР заңы
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы ҚР заңы
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы
КР енбек кодексі

беттегі соңғы өзгерту: 17.02.12
 
 
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2010
Байланыстыратын ақпарат
Сайтты жасау — «Ижанов и Партнёры»
Cайтты қолдау — «Интернет Решения»