Спартакиада КМГ 2018

Құрметті жарысқа қатысушылар, қонақтар!

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының үшінші Спартакиадасының ашылу салтанатында баршаңызды қатар келген қос мерекемен – спорт және Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекет басшысы әркез бұқаралық спортты дамыту қажеттілігін айтып жүретінін жақсы білесіздер. Еліміздің барлық жерлерінде спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді, спортпен белсенді айналысатын адамдар көбейді, салауатты өмір салтының мәдениеті қалыптасып жатыр.

Әрине, біздің мұнайшылар да әрдайым мұндай тенденциялардың алдыңғы шебінде. Спорттық шаралар «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің өмірінен баяғыда орын алды. Біздің көптеген еншілес ұйымдарымызда жыл сайын Спартакиада өткізу игі дәстүрге айналды. Мұндай корпоративтік шараларды қолдау – ҚМГ басшылығының бұлжымас ұстанымы.

Сондықтан, үшінші жыл қатарынан ҚМГ деңгейінде ақтық кезең өткізіп отырмыз. Ымырасыз күресте ең мықтыларды анықтау үшін бүгін 30 еншілес кәсіпорында іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 350 спортшы жиналды.

Атап өту керек, жарыс мини-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, армреслинг, жүзу и тоғызқұмалақ тәрізді сегіз спорт түрінен өтеді. Спорт түрлері бойынша біздің Спартакиада «Самұрық-Қазына» Спартакиадасына толық сәйкес келеді және біздің Спартакиаданың жеңімпаздары «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының ақтық сайыстарында «ҚазМұнайГаз» намысын қорғайтын болады.

Спартакиадаға қатысушыларға белсенді өмірлік ұстанымы үшін және кәсіби қызмет пен салауатты өмір салтын қатар алып жүргені үшін алғыс білдіргім келеді. Спортпен шұғылдана отырып, сіздер денсаулықтарыңызды шыңдап қана қоймай, рухы мықты адам ретінде әріптестеріңіз бен жақындарыңызға үлгі бола аласыздар.

Спорт адамды мақсатқа ұмтылу, табандылық, командада жұмыс істей білу тәрізді ең жақсы қасиеттерге баулиды. Мұндай қасиеттер «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерін спорттық қана емес, кәсіби аренада да жеңіске жетуге көмектеседі.

Сенемін, спорттық алаңдардағы алдағы күрес әділ әрі әсерлі болады. Дәл осы жерде, дәл осы алаңда, жарыс пен бәсеке рухында біздің негізгі бағытымыз – үлкен және даңқты ұжымымыздағы бірлік нығая түспек.

Атап өту керек, біздің Спартакиада Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында өтіп отыр, сондықтан, осы сәтті пайдаланып, сіздерді алдағы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға және еңбекте табыс пен бар жақсылықты тілеуге рұқсат етіңіздер.

Сіздерді осынау тамаша спорт мерекесімен құттықтап, жарқын жеңіс тілегім келеді. Ең мықтылар жеңсін деп тілеймін!

Сауат Мыңбаев

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК
басқарма төрағасы