ҚМГ жаңалықтары

31.05.2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының корпоративтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес

2019 жылдың 30-31 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) қолдауымен ҚМГ компаниялары тобының корпоративтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңеске ҚМГ жетекші құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен сарапшылары, 30-дан астам мұнай-газ компаниялары мен күзет ұйымдарының корпоративтік қауіпсіздік қызметтерінің өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар мұнай-газ кешенін құқыққа қарсы іс-әрекеттерден кешенді қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен тәуекелдердің алдын алу және жолын кесу, оның ішінде террористік сипаттағы, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу бойынша пікір және тәжірибе алмасты.

Кеңейтілген форматта өткен кеңес ҚМГ тобының корпоративтік қауіпсіздік жүйесінің жай-күйі туралы қызықты диалог  жүргізуге және барлық тәуекел мен қауіптердің алдын алу үшін қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған шараларды белгілеуге мүмкіндік берді.